Заңсыз автотұраққа тосқауыл жоқ

Заңсыз автотұраққа тосқауыл жоқ

Алматы қалалық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде қалада 525 311 автокөлік тіркелген. Оның үстіне, күн сайын қала арқылы шамамен 100 мыңдай автокөлік транзитпен өтеді екен. Оған Алматыға әртүрлі шаруалармен келетін Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келетін көліктерді қосыңыз. Сонда бүгінгі таңда Алматы қаласы көшелерінен 700 мыңдай автокөлік жүріп жатыр. Автокөлік иелері жұмыспен барған жердегі автотұрақтарды машиналарымен толтырады. «Көк базардың» маңына шамамен мың көлік келсе, ондағы көше бойын жекешелендіріп алған бақылаушылар 200-300 теңгеден алғанның өзінде, онда олардың күнделікті табысы 200 мыңнан асып түседі екен. Ал мұндай ірі сауда орталықтары қалада аз емес. Оның 50 пайызын «парковщиктердің» өзі, қалған 50 пайызын олардың «крышалары» алады. Демек, қыруар ақша заңсыз айналымда жүр.
«Алматы паркинг» кәсіпор­ны­ның қарауында 112 автотұрақ бар. Олар­дың 30-ы күндізгі болса, 78-і түнгі ав­то­тұ­рақтар. Мәселен, Әуезов ауданында – 17, Алмалы ауданында – 54, Бостандық ауданында – 8, Жетісу ауданында – 7, Ме­деу ауданында 20 және Түріксіб ауданында 6 автотұрақ жұмыс жасайды. Одан бө­лек, көше бойындағы заңсыз автотұрақ­тар­дың нақты санын ешкім дөп басып айта ал­май­ды. Олар осы арқылы заңсыз ақша жи­на­ға­нымен қоймай, көліктердің кептеліп қалуына себепші болады. Тіп­ті олар жол жиегіне дейін көліктерді қой­ғызып, екі жолақты жолдың бірін жапты­ру­да. Оны­мен қоса, Әлішер Науаи мен Әл-­Фа­раби көшелерінің қиылысында жол жие­­гінде автобус тұрақтарына дейін тұр. Ал «Ав­томобиль жолдары туралы» За­ңы­мыз­да: «Автомобильдік жол — кешенді ин­­же­нер­лік құрылыс. Ол – автомо­биль­дердiң жү­руiне арналған» делінген. Де­мек, заң бо­йынша жол ешқандай ма­ши­наның тұ­руы­на емес, жүруіне арналған. Олай бол­с­а, заң неге орындалмайды? Оны кім қа­да­ғалауы керек?
Ерболат, жүргізуші:
— Онсыз да көлігі көп Алматы көшелерінің бойында автотұрақтар қаптап кетті. Қайсысының заңды, қай­сы­сының заң­сыз екенін де білмейсің. Көше бойына тоқ­тай қалсаң, ақша сұ­райды. Көше бә­рімізге ортақ емес пе? Тұрақ деп бағ­дар­шамның дәл аст­ына апарып көлік қояды да, қозғалысқа ке­дергі жасайды. Кептеліп тұрған кө­ше­ні одан әрі кептелтеді. Осының бәрін кө­ре-біле тұра, жергілікті органдар неге ша­ра қолданбайтыны түсініксіз.
Көшені тұраққа айналдыруға кім рұқ­сат берген? Бұған қалай тосқауыл қоюға бо­лады?
Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:
– Автокөлік тұрақтарындағы заң­сыз ақша жинайтындарға тосқауыл қоюға болады. Бірақ қазір мұны ба­қылап отыр­ған ешкім жоқ. Тұрақтарда тұ­­ра­тын қыз­мет­кер­­лердің арнайы киімі бо­луы керек, екін­шіден, олар тұраққа қой­ған көлікке ақ­ша­сын алады да, не талон, не чек бермейді. Үшін­шіден, ең қиыны, егер көлікке қандай да бір за­қым келсе, олар ешқашан жауап бер­мейді. Сондықтан тұрақ бойынша жұ­мыс істейтін мекемелердің азамат­тық жа­уап­к­ершілігін арттыру қажет. Қа­ла бас­шы­лығынан бастап, про­ку­ра­ту­ра ор­гандары оларға талон бергізу ту­ралы та­лап қойып, автотұрақ ие­ле­рінің алдына егер көлік тұрақта тұрған кез­де оған зақым келсе, оның ақысын да тө­лететіндей жауапкершілік арт­ты­руы­мыз қажет. Сонда ғана олардың жұ­мысы заңды болады.
Ақан ЖИЕНБАЕВ, «Алматы паркинг» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының заңгері:
– Қазіргі таңда «Алматы паркинг» ме­кемесінде 246 қызметкер бар. Олар­­дың айлық жалақысы дер кезінде еңбек шарты бойынша төленіп тұр. Бұл жағынан бізді прокуратура қыз­мет­керлері тексерген. Ол жағынан бізде мәселе болған жоқ. Үкіметке де, жи­нақ­тау қорларына да арнайы заң бо­йын­ша салық төлеп тұрамыз. Бірақ кей­де біздің мекеменің атын жамылып, арнайы киімдерімізді киіп, заңсыз ақша жинайтындарды прокуратура ор­ган­дары анықтады. Айта кетейін, біз енді «Барахолка» жақта тұрмаймыз. Ол жер­ден кімнің қандай ақша жинап жүргендерін біз білмейміз. Оны тексеру біздің құзырымыздағы мәселе емес, оны арнайы құқық қорғау органдары бақылауға алуы керек. 
Сонымен, тұрақ мәселесі әлеу­меттік және экономикалық проблемаға ай­налып отыр. Олар заңды-заңсыз ха­лық­тың қалтасына түсіп, одан көлік кептелісі орын алып, қаншама адам жетер жеріне дер кезінде жете алмай, жұмысынан қа­лып жатыр. Сондықтан тұрақ мәселесіне тәр­тіп орнатып, оны бір жүйеге келтіру қажет. Бұл ретте экономика ғылымының докторы Атамұрат Шәменов: «Ол үшін ірі сауда орталықтары болсын, жалпы халық көп жиналатын мекемелер өздерінің жанынан арнайы тұрақтар жасауы қажет. Сонымен қатар ол жерге көлік қойылғаны үшін ақша талап етілмеуі керек. Себебі сауда жасайтын үлкен мекемелер келген клиенттерді өздеріне тарту үшін оларға жағдай жасауы тиіс», – дейді. Ал қазірше «Барахолка» мен «Көк базардың» ма­ңындағы сауда жасайтын орындар жол­дардың үстіне дейін шығып кеткен. Енді олар­ды кеңітіп, арнайы тұрақтар жасау қажет. Егер оған құлықты қожа табылса?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста