Жаңа замандағы жаңа ғұрыптар

Қытайдан келген қазақтар айтыпты деген «Қытайда жүруші едім қымыз ішіп, сәбетке неге келдім, артым қышып, бұл жақта ішкиім алсаң да жу дейді екен, жумасаң қытайдан келген қу дейді екен» деген өлеңі болушы еді. Сол сәбет заманында сыныққа сылтау табылса болды жу деп, жиналып арақ ішу сән болатын. Ал қазір қазақ үшін ашылып-шашылып ақша шығарып той-томалақ жасау сәнге айналды.

Көңілдік – жаңа дәстүр ме

Бір танысым таяуда «демалыс күні көңілдікке шақырып жатыр, шаруаларым болып тұр, бармасам ұят-ау» дегенді айтты. Көңілдік деген не, деп сұрадым. Сөйтсем, ол қайтыс болған адамды еске алуға арналған бір шара екен. Қазақта ертеден келе жатқан адам қайтыс болған соң өткізетін – үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы деген дәстүрлер бар. Ал көңілдік деген солардың ешқайссына жатпайтын су жаңа дәстүр екен.

Қайтыс болған жақынын есіне алу үшін бір жылдан соң ба, екі, не үш жылдан кейін бе, қалаған уақытында, қалаған күні көңілдік өткізуге болады екен. Оған жиналғандар ет жеп, шәй ішеді, молда дұға бағыштайды. Бұндай шара әрине, үйде емес, дәмхана, мейрамханада өтеді, ондаған, жүздеген адам шақырылады. Яғни, қып-қызыл шығын.

Ал таяуда тағы бір таныс кісі қайтыс болғанына отыз жыл толған адамның туыстары шақырған дұғаға барамын деді. Қайтыс болғанына 30, 40, 50 жыл өткен сайын осындай дұға бағыштатып, дастархан жайып ысырап жасау қандай сән? Кеңес заманындағы ішкіштердің қит етсе жу дейтіні сияқты нәрсеге ұқсайды бұл. Әйтеуір сыныққа сылтау болса болды, ақшаны суша шашып, дастархан жайып ашылып-шашылу.

Тарта жесең, тай қалады

Қасиетті Құранда «Алла ысырапшылдықты ұнатпайды» деген аят бар. Яғни, ысырапшылдық та Алланың еркіне қарсы күнәлі іс болып саналады. Бірақ, күнә-сауапты ұмытқан қазіргі адамдар қит етсе той-томалақ жасап, соған кредит алып қарызға белшеден батуға құштар-ақ. Мына нәрсе ақиқат: егер қазақ үнемшіл болып, орынсыз ысырапшылдыққа бастайтын той-томалақты қойса, қазіргіге қарағанда әлдеқайда бақуатты өмір сүрер еді.

Басқаны былай қойып, бізге ең жақын халық саналатын орыстардың тойларына немесе қайтыс болған адамды жерлеу шараларына ары кеткенде 30-40 адам жиналады. Ал қазақта ең нашар дегендерге 100-120 адам, ал жұртшылыққа танымал жандарға мыңдап келеді. Оларды тамақтандыру үшін қанша ақша қажет. Кісісі өліп, қайға жұтқан отбасы соның бәрін басқалардан қалмау үшін қарызға белшеден батып, жасауға мәжбүр.

Ал енді ертеден келе жатқан дәстүрлерге ол аздай, енді жаңа дәстүрсымақтар қосыла бастапты. Үйленген жастардың қыз ұзату, күйеу жағының тойынан бөлек міндетті түрде өтетін тойға дейінгі сырға салу деген дәстүрі бар. Одан кейін құда шақыру, есік ашу, т.б. дәстүрлері де жетерлік. Бүгінде оған кеңес заманында ұмытылған қалың мал сұрау деген де қосылыпты. Таяуда әлеуметтік желіде екі жастың үйлену тойы өткелі жатқанда қыз жағы қалыңмалға мынадай маркалы қымбат автокөлік әпересің деп талап қойып, осыған ызаланған күйеу қалыңдығын да, тойды да тастап кеткендігі туралы жазды.

Міне, бүгінгі күнгі су жаңа дәстүрлердің сыйқы. Түрсік алсаң да жу дейтін кеңес заманының ішкіштері сияқты бүгінгі ақшаға құныққандар көңілдік, сырға салу, қалың мал деп әлденелерді ойлап тауып, қазақты қарызға белшеден батырып жатыр. Бұндай есуастықты тыю мүмкін болмай барады. Ақыл-естен айрылғандар бір-бірінен қалмаймыз деп соңғы ішкиімін шешіп сатып, тұттай жалаңаш қалуға әзір. Ысырапшылдықтың бұл есуас жарысын тыюдың жалғыз жолы – заң арқылы қатаң тыйым салу болып қалғанға ұқсайды.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста