Ғаламтор пайдаланушылары 6 қыркүйектен бастап, lugat.kz қазақша-ағылшынша онлайн сөздік сайтынан түсіндірме сөздікті де пайдалана алатын болды. Бұл портал бұдан былай «Лұғат» қазақ тілінің сөздіктер кешені деп аталатын болды.
Сайт басшылығы түсіндірме сөздіктің пайда болуына байланысты сайттың бағыты мен мазмұнын да біршама өзгерткен екен. Қосымша мәліметтер беру мақсатында жаңа айдарлар да ашылды. Сонымен қатар сайттың дизайны да жаңаша түрленіп, жаңара түсті. Сайт әкімшілігіндегі шығармашылық топ 1974-2008 жылдар аралығында «Ғылым», «Арыс», «Өнер» баспаларынан шыққан Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің көп томдықтарын электронды жүйеге қосқан екен. Сайт www.surak-zhauap.kz, www.malimetter.org, www.tilder.de ғаламтор энциклопедияларымен серіктестік орнатқан екен.
Айбек Өжкен, идея авторларының бірі, Ұлыбританияның Эссекс университетінің 2-курс студенті:
Сайт ұжымында Бақытжан Ерғали, Дәурен Бөрібай, Арман Әлменбет деген қазақ жігіттері бар. Екі сөздіктің сөздік қоры әртүрлі. Себебі оған көп жұмыс жасау керек. Қазіргі кезде қазақша-ағылшынша сөздікте – 22 831 сөз, ал түсіндірме сөздікте – 24 915 сөз бар. Әлбетте, бұл көрсеткіштерді, амандық болса, жақсарта береміз. Алдағы мақсат «Лұғатты» сөздіктер кешеніне айналдыру, яғни басқа да тілдерді шамамыздың келгенінше қосу. Мысалы, түрік тілі. Лұғаттың басты мақсаты – ғаламторда қазақтілді мазмұнды кеңейтіп, қазақтілді аудиторияға қызмет ету. Бәріміз білеміз, қазір «қазақ тілін үйрен» десе, бірден «үлкен ресурс жоқ қой» деп жатады. Ендеше, сол азаматтар пайдалансын, үйренсін деген ойдамыз. Себебі бұл жерде керекті сөзді табу өте жеңіл әрі қарапайым.
Жаңа электронды түсіндірме сөздік ашылды
Последние статьи автора