Жан Ахмадиев қазақ жігіттерін пәк емес қыздарға үйленбеуге шақырды

Атышулы рэпер Жан Ахмадиев тағы да бүй деді. Ол бұл жолы қазақ жігіттерін пәк емес қыздарға үйленбеуге шақырды.

«Мен қызылордалық жігіт үйленіп жатқан қызын пәк болмағаны үшін үйіне апарып тастағаны туралы мақала оқыдым. Дұрыс. Себебі, тесік қызды қайтеді жігіттер? Пікірлерді оқып отырсам, кейбір аруларымыз «қазақ менталитеті ашуыма тиіп бітті» деген екен. Егер қазақ менталитеті ұнамай ма, онда шетелге көшіп кет. Сол жақта мүмкін тесік қыздарды құрметтейтін шығар? Естеріңде болсын қыздар, «қыздық перде» сенің ата-анаңның, туған-туыс, аға-бауыр, әулетіңнің намысы. Соған қалай миларың жетпейді?», – дейді Ахмадиев өз Instagram-парақшасына жүктеген видеода.

Рэпердің айтуынша, пәк емес қыздар ертеңгі күні тұрмысқа шықса да күйеуінің көзіне шөп салады-мыс.

«Ертеңгі күні «маған қыз болып тимедің» деген сөз өмірбақи артыңнан еретін болады. Жігітіме алданып қалдым деп айтатын қыздар к...ке ие бола алмайтын көтек емес шығарсыздар? Содан кейін қыз емес қыздарға үйленемін деп жүрген азаматтар: басқа еркекпен төсек қатынасына түскен қыз ертеңгі күні сенің көзіңе шөп салмайды деп кім айтты саған? Сол себепті «қыз емес» қыздарға үйленбеңдер қазақ жігіттері. Бірақ нағыз қазақ жігіттері үйленбейтінін білемін ғой», – деп аяқтайды сөзін рэпер.

Бұл ретте желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінды. Бірі Жан Ахмадиевтің айтқанын қостаса, екіншілері қыздарды аңдығанша басқа ахуалды проблемаларды шешуге кеңес берді.

Айта кетсек, осыдан бірнеше ай бұрын рэпер Жан Ахмадиев «жезөкшелерді» қамшымен сабаған болатын. Кейін бұл жайттың арнайы түсірілген қойылым екені анықталып, ал, ондағы қыздардың бірі өзінің әйелі болып шыққан.

sn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста