Жамбылдағы сарбаз өлімінің мән-жайын айтқан адвокат этиканы бұзды деп айыпталды

Жамбылдағы сарбаз өлімінің мән-жайын айтқан адвокат этиканы бұзды деп айыпталды

Сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық істің егжей-тегжейін айтқан адвокат этиканы бұзды деп айыпталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 20 қаңтарда әскерге шақырылушының өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша заңгер Сержан Пірәлиев баспасөз конференциясын өткізген.

 

"Пірәлиев өз тұжырымдары мен шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпаратты айтып, қылмыстық істің деректерін жария етті. Сонымен бірге ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Осыған байланысты адвокаттың қызметтік этика нормаларын бұзу фактісі бойынша материалдар қылмыстық қудалау органында белгіленген тәртіппен тіркеліп, уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданды", - делінген хабарламада.

 

Еске салайық, 2022 жылғы 19 тамызда атыраулық әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының 18 жастағы тумасы Бекбол Мираш Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жатқан. Ал марқұмның туыстары өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Кейін қыркүйекте сарбаздың өліміне қатысты күдікті ұсталғанын хабарладық. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста