Жалған ақшамен жарылқаушылар ұсталды

Қостанай халқын жалған ақша, жүргізуші куәлігі және танымал маркілі бензин талондарымен жарылқап келген алаяқ азаматтар ұсталды. Бірнеше ай бойына заңсыз кәсіппен айналысқан олардың қанша халықты «жалған байлықпен» жарылқағаны зерттелу үстінде.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпараты бойынша, жас азаматтардың осындай оспадар әрекетпен айналысатыны жайлы дерек түсісімен, жедел іске кіріскен құқық қорғаушылар уақыт оздырып барып қана олардың ізіне түседі. Жұртты жалған әрі «арзан» ақшамен және жүргізуші куәлігімен жарылқаған қылмыскер Алматыдан арнайы келген. Тіпті  жалған ақша жасайтын компьютер, принтер және өзге де кеңселік құрылғыларын Алматыдан ала келуді «ауырсынбаған». Өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін «қомағай қонақ» 24 жасар қала тұрғынын «қызметке» қабылдаған. Облыстық ІІД Тергеу басқармасының аға тергеушісі Бауыржан Жиеншеновтің айтуынша, алаяқтардың қолға түскенге дейін нақты қанша көлемде жалған ақша жасағаны белгісіз. Тек анықталғаны – ол 300 мың теңгеге сұраныс алған және алғашқы партиясын, 100 мыңын, сату кезінде құрыққа ілінген.

Балабек БЕКБОЛАТОВ, Қостанай облыстық ІІД Тергеу басқармасының аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі:

– Біздің басқарманың қызметкерлері қылмыскерлер жалдап тұрған пәтерді тергеу кезінде 72 дана 500 теңгелік номиналды және он А4 форматындағы парақта бастырылған, бірақ әлі толық дайын болмаған жалған ақшаларды тәркіледі. Олар мұны қарапайым, күнделікті өзіміз пайдаланатын компьютерде теріп, принтерде басып шығарған. Ақшаның жылтыр белгілерін тырнақ бояйтын лактармен салған. Дайын ақшаны өзіндік құнының 50 пайызына, айталық, 100 теңгені – 50, 500-ді 250 теңгеге сатқан. Жалпы, тергеу-тексеру барысында белгілі болғаны – бұл азаматтар өткен жылдың күзінде келген кезде бастапқыда «Мұнай өнімдері» бензиндерінің жалған талондарын «өндірген», жүргізушілер куәлігін жасаған. «Дәндеген қарсақ құйрығымен ін қазады» демекші, кейін жалған ақша жасауға көшкен. Негізінен, 1000 және 500 теңгелік номиналдар шығарған, себебі бұлар күнделікті сауда қатынасында жиі жүреді әрі айналымға көп түсетінін олар жіті ескерген. Қазіргі уақытта олардың үстінен ҚР ҚК-нің 206-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста