«Зайсан-Антитеррор 2010»

«Зайсан-Антитеррор 2010»

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы орталығындағы Дәуленов атындағы орта мектепте «Зайсан-Антитеррор 2010» шұғыл оқу-жаттығу сабақтары өтті. Шара барысында лаңкестік әрекеттерді бейнелейтін түрлі жаттығулар және оның алдын алу әрекеттері жүзеге асырылды.

Екі қабатты мектеп ғимараты Зайсанның шетінде орналасқан. Оқу-жаттығу жос­парына сәйкес, лаңкестер ғимараттың оқшау жерде орналасқанын пайдаланып, оны жаулап алады. Шұғыл хабарлама аудан орталығына жетісімен, ҰҚК бөлімшелерінен, ІІД, шұғыл қадағалау қызметінен, Зайсан ауданының атқарушы билік және мемлекеттік мекемелердің өкілдерінен арнайы штаб жасақталды. Білім ошағының аумағы қоршауға алынып, лаңкестермен келісім жүргізіле бастады. Алғашқы келіссөзде бір шешімге келу мүмкін болғанымен, лаңкестердің сенімсіз әрекетінен жағдай ушыға түсті. Осы кезде шұғыл антитерролық штабтың жетекшісі кепілге алынғандарды босату үшін күш қолдану шарасына кірісу қажеттігін тап­сырды. Бұл мақсатта «Бүркіт» және «Арлан» топ­тары іске кірісті. Жарылыс кезін пай­даланған арнайы жасақ ғимаратқа ба­са-көк­теп кіреді. Бір минуттың ішінде лаң­кес­тер қолға түсіп, қамауға алынғандар бо­сатылады.
 Негізгі мақсат – шұғыл шараны ба­ғам­дап, дұрыс шешім қабылдау. Осы арқылы қызметкерлердің оқыс оқиғаларға да­йын­дығын саралау болып табылатын «Зайсан-Антитеррор 2010» шұғыл оқу-жаттығу сабағына «бес» деген баға қойылды.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста