Жадыра ДӘРІБАЕВА,ақын:"Ең бастысы – егемен ел екенімізді бүкіл дүниежүзі мойындап, бізбен саяси аренада мықты мемлекеттер санаса бастады"

Жадыра ДӘРІБАЕВА , ақын, «Құрмет» орденінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.

- Тәуелсіздік қазақ еліне не берді?

- Тәуелсіздік алғалы халқымыз өз жерінің, елінің егесі екенін терең сезініп, еңсесін көтерді, мемлекетіміздің бүгіні мен болашағына деген зор жауапкершілігі мен ерекше сүйіспеншілік сезімдері арта түсті. Жұртымыздың санасы түледі, бұрыңғы жасқаншақтық, екінші сорттылық синдромынан арыла бастады. Қадамын нық баса бастаған ұлтымыз өз қабілетін дамытуға кеңінен жол ашыла бастағанын көріп, жаңа тынысы ашылды, жан дүниесіндегі ерік, жігер, қуаты артып, рухы көтерілді. Жаңа заманның қай саласына болса да именбей кірісіп, жақсы нәтижелерге жетіп жатыр.

- Осы 25 жыл ішінде еліміздің ауыз толтырып айтарлықтай жетістігі деп қай істерді айтар едіңіз?
- Ең бастысы – егемен ел екенімізді бүкіл дүниежүзі мойындап, бізбен саяси аренада мықты мемлекеттер санаса бастады. Экономикалық, дипломатиялық қарым –қатынас жасауға тұрақты да бейбіт, әлемдегі прогрессивті өзгерістерді қабылдауға қабылетті халық екенімізге президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың тынымсыз да тиянақты сындарлы саясатының арқасында дүниежүзінің көзі жетті. Нарықтық экономиканың қыр-сырын игере бастаған кәсіпкерлеріміз мемлекет қолдауымен әлемдік бәсекеге араласа бастады.

- Алматы қаласының жақында 1000 жылдығын тойладық. Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы қаласындай қандай өзгерістер көңіліңізден шықты. Астананы ауыстыру арқылы Алматының статусын төмендетіп алған жоқпыз ба?
- Астана қаласы – еліміздің айбары, өркениеттілікке бет алған мемлекетіміздің айқын көрсеткішіндей. Сүйікті де, нұрлы, жырлы, әсем Алматы мәдени, рухани, қаржылық орталығымыз ғой. Бүгінде Алматы танымастай боп өзгерді, алып шаһарға айналды. Керемет ғимараттар салынды. «Алматы Арена» мұз айдыны, көптеген бизнес, сауда орталықтары ашылды, жаңа жол айрықтары қандай! Соңғы техникалық құралдармен жабдықталған метро жол асты жолаушылар поездар қатынастары жұртымыздың игілігіне қызмет етіп жатыр. Метроның ішіне кіргенде жер астындағы ғажап сарайларға кіргендей боласың. Алматыдағы жаңа мәдени-рухани орталықтардағы талантты жастарымыз ең үлкен байлығымыз.



- Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасқан ақын жазушыларымыздың бойында өзгеше өзгеріс бар ма?

- Тәуелсіз еліміздің жас ақын-жазушыларының бойында әлемдік әдеби ағымдарға бетбұрыс байқалады. Олардың қаламдарынан шыққан шығармаларын оқып тұрамын.. Адам жанының құпия әлеміне үңіліп, жан мен тәннің тылсым қайшылықтарын,, арпалысын ашуға ұмтылып жүрген жастарымыз проза мен поэзия саласында өсіп келеді. Адамның жан-дүниесіндегі, табиғатындағы психологялық күрделіліктерді айғақтауға қадам басу жастар шығармаларында енді-енді белең ала бастады. Қазір ол жастардың есімдерін атамай-ақ қояйын, олар өздерін әдебиет айдынында көрсетеді деп сенемін.

- Ақын жазушыларымыз Тәуелсіздігімізді дәріптей алып жүр ме?
- Ақын-жазушыларымыздың арасында ел тәуелсіздігі жайлы шабыттана да шаттана жазып жүрген дарын иелері аз емес. Өткенімізден ғибрат болатындай ата-баба қасиеттері мен қасіретін, халқымыздың адами өлшемдерімен, рухани келбетін білмеген ұрпақ толыққанды тұлға, елінің арқа сүйер азаматы бола алмайтыны анық. Қазақ әдебиетінде ұлтымыздың қалыптасқан бейнесі жасалған, жасалып та келеді, ендігі шығармашылық иесінің міндеті, бұрынғы бірсыдырғы идеологиялық шеңберінің аясынан шығып, қалтарысы күрделі адам сана-сезіміне, оның психологиясына бойлау керек. Жас шығып, әдебиеттегі психологизм тағы басқа көптеген ағымдарды игере бастау керек деп ойлаймын.

- Тәуелсіздікке тілегіңіз
- Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз ынтымақты, жастарымыз жасампаз, рухани бай, ел тірегі болып, өсіп-өркендей берейік!

- Әңгімеңізге рахмет


"Алаш айнасы"
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста