Халықтың хал-ахуалын жақсарту – басты мақсат

КЕҢЕС ОСПАНОВ, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, медицина ғылымының докторы

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық саласы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағытына және халықаралық талаптарға сай қызмет етіп келеді.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сай, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында қауіптерді бағалау жүйесі енгізілуде.

Бүгінгі таңда санитарлық-эпидемиологиялық сала мамандарының алдында тұрған басты мақсат – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, нығайту және елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету, осы тұрғыда профилактикалық іс-шараларды, зертханалық зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды зертханалық әдіспен диагностикалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру. Осы тұрғыда негізгі бағыттар айқындалып, білім-тәжірибелер мейілінше тиімді қолданылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болып, ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алғанын» тілге тиек ете келіп, «Қазақстан – 2030» стратегиясын алғашқы онжылдықта орындай отырып, келесі онжылдыққа қадам жасау басты мақсат екенін нақтылап айтқанына баршамыз куәміз.

Елбасымыздың қанатты сөздерін басшылыққа ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту Мемлекеттік бағдарламасында көзделген шараларды толығымен орындап, елімізде санитарлық-эпидемиологиялық хал-ахуалдың тұрақты болғанын, елімізге алыс-жақын мемлекеттерден түрлі аса қауіпті жұқпалы аурулардың өтіп кетпеуіне, түрлі жұқпалы аурулардың халық арасында таралмауына үлкен күш-жігермен қызмет етуде.
Еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне Үкімет тарапынан қомақты көмектер көрсетіліп отыр. Депутаттар тарапынан да түсіністік тауып, жергілікті жерлерде әкімдермен, Қазақстанның «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасы және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық хал-ахуалын жақсарту барысында игі істер атқаруда.

Республикада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталуда. Осы кезеңде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді:
1) Қазақстан тарихында алғаш рет денсаулық сақтау саласындағы бірыңғай негізін қалаушы нормативтік құжат – Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі қабылданды;
2) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын басқарудың вертикальды моделі құрылды, ол жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді жедел қабылдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі құрылымында 220 аумақтық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары, 237 санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары және екі ғылыми орталық бар;
3) Қазақстан Республикасында ЖҚТБ эпидемиясына қарсы әрекет жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған салалық бағдарлама әзірленді және енгізілді;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдерді бағалау жүйесі енгізілді, ол шағын және орта бизнес объектілерін тексеру жиілігін қысқартуға мүмкіндік берді.

Жеке кәсіпкерлікті қолдауға байланысты Елбасының және Үкіметтің жүргізіп отырған саясаты шеңберінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет Қазақстанның «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасымен, басқа да қауымдастықтармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастықты дамыту және нығайту бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Қазақстанның «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды;
5) шекараны санитарлық қорғау жүйесі ұйымдастырылды және ойдағыдай жұмыс істеп тұр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде елдің аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан сақтауды қамтамасыз ететін 77 санитарлық-карантиндік пункт ашылды және нәтижелі жұмыс істеп тұр.

2009 жылы 8 392 877 адам санитарлық-карантиндік бақылаудан өткен, аса қауіпті инфекцияларға күдікті 142 адам анықталған; 552 834 жүк-көлік құралдары қаралған, 15 мың тонна жүкке тыйым салынған.

Өздеріңіз білесіздер, уақтылы шаралар қабылдағанның арқасында 2009 жылы пандемиялық тұмаумен сырқаттанушылық тек 18 әкеліну жағдайымен шектелген, байланыстағы адамдардың ауыруларына және елде инфекцияның одан әрі таралуына жол берілген жоқ.
Қазірге кезде Республикада халықтың обамен, тырысқақпен, күйдіргімен, туляремиямен, сіреспемен, полиомиелитпен, дифтериямен, қызылшамен, паратифпен сырқаттанушылық жағдайы тіркелмеген.

2009 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 16 нозология бойынша төмендеу байқалады.

Бүгінгі таңда әлем елдерінде инфекциялық сырқаттанушылық бойынша жағдай шиеленіскен күйде қалып отыр. Соның ішінде Қазақстаннан туристер белсенді баратын елдерде де оба, күйдіргі, тырысқақ, безгек және басқа да аса қауіпті бактериялық және вирустық этиология инфекцияларының анықталу жағдайлары тіркелді;
6) санитарлық-эпидемиологиялық зертханаларды жаңғырту жүргізілді. Зертханалық зерттеулерді өткізу мерзімдерін қысқартуға, аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларды, соның ішінде қайта пайда болған (атиптік пневмония, шошқа тұмауы, құс тұмауы) инфекциялық ауруларды диагностикалаудың шұғыл әдістерін енгізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті 3000-нан астам жабдық сатып алынды;
7) қазіргі кезде республиканың барлық өңірлерінде «Жол картасы» шеңберінде 89 санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымына ағымдық және күрделі жөндеу жүргізілді;
8) отандық және халықаралық (АҚШ, Египет, Германия, Израиль, Ресей және т.б.) орталықтар базасында кадрларды оқыту бойынша жұмыс жалғасуда;
9) біздің комитеттің және оған ведомстволық бағыныстағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ғылыми орталықтары мен ұйымдарының қызметінде халықаралық ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді.
ДДҰ-мен, CDC(АҚШ)-мен, БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ), Норвежский қоғамдық денсаулық сақтау институтымен бірлесіп, пандемиялық тұмау, ротавирустық инфекцияны, биологиялық қауіпсіздікті эпидемиологиялық және зертханалық қадағалау бағдарламасын іске асыру және тамақ өнімі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық жалғасуда;
10) ақпараттық қамтамасыз ету қызметін дамытуға үлкен назар аударылады;
11) Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеден одағы шеңберінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы бірыңғай нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру және нормативтік құжаттарды үйлестіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы Кеден одағы аумағында өнімді санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың бірыңғай тәртібін регламенттейтін Кеден одағының санитарлық шаралар жөніндегі келісімі әзірленді және қабылданды. Қазіргі уақытта оны ратификациялау аяқталуда.

Жаңа белгісіз инфекциялық аурулардың, оның ішінде вирустық этиология инфекциялық ауруларының пайда болуы, Республикадағы газ-мұнай саласын дамыту қарқындылығы, көлік шекара магистральдарының құрылысы таяу бес жылда санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің алдында тұрған өзекті міндеттерді айқындайды, олар денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасында көрсетілген.

Мемлекеттік бағдарлама жобасында мынадай іс-шаралар көзделген:
1) азаматтардың өз денсаулығына, аурулардың алдын алуға ортақ жауапкершілігін арттыру;
2) 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығын және өлім-жітімін төмендетуге септігін тигізетін, балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау, халықты профилактикалық егудің ұлттық күнтізбелігін одан әрі жетілдіру;
3) тамақ өнімінің, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін зертханалық бақылаудың тиімді жүйесін құру, халық-       аралық стандарттарға сәйкес, республикалық референс және дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына жауап беретін тамақ өнімінің қауіпсіздігін бақылау бойынша (Астана қаласы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары) үш мамандандырылған зертхана және темекі бұйымдарының қауіпсіздігін бақылау бойынша зертхана құрылатын болады;
4) бес зональдық вирусологиялық зертхана және конго-қырым геморрагиялық қызбасын (Оңтүстік Қазақстан облысы), күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын (Жамбыл облысы) диагностикалау бойынша мамандандырылған өңіраралық зертханалар желісін ұйымдастыру;
5) аса қауіпті, соның ішінде адамның және жануардың бойында қайта пайда болатын инфекциялық ауруларды диагностикалау бойынша Алматы қаласында елде басты зертхана болатын –орталық референс зертхана салу.  Зертхана үш министрлік: Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері үшін халықаралық ғылыми-зерттеу және кадрларды даярлау орталығы ету.
6) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысын жетілдіру мақсатында бағдарлама шеңберінде алғаш рет инновациялық жобалар енгізу жоспарлануда. Бізде республикамызда ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде қажет етілетін, шығарылатын препараттардың тізбесін кейіннен кеңейту ақылы отандық медициналық иммундық-биологиялық препараттарды шығаруды жаңғырту;
7) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының біліктілік және кәсіптік дағдыларын одан әрі арттыру;
8) бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін құру.
Бағдарламаны іске асыру санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүйесін динамикалық дамытуға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады.

Жоғарыда санамаланған іс-шаралардың ішінде республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған белгілі бір шаралар қабылдағанын көруге болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары өздерінің кәсіптік міндеттерін орындап қана қоймай, еліміздің қоғамдық және саяси өміріне де белсенді қатысады. Көптеген мамандар «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшелері болып табылады. Ағымдағы жылғы наурызда Алматы облысының Қызылағаш кентінде болған қайғылы оқиға біздің мамандарымызды бейжай қалдырған жоқ. Осылайша менің жасаған ұсынысымды республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің барлық мамандары қолдады. Қызылағаш кентінде болған су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млн 657 мыңға жуық теңге аударылды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста