Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан үлкен сахна үшін түсіріліп, прокатқа шыққалы тұрған «Борат-2» фильмі үшін күйініп, билік басындағыларға үндеу жасады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
 
Үндеу орыс тілінде.
 
«Өзімізге ғана емес, өзгелерге, әсіресе алыс-жақын елдегі дипломатиялық инстанцияларға жетімді болу үшін БҰҰ-дағы алты тілдің бірі &ndash орыс тілінде жасадым. Айналайын халқым, түсіністікпен қараңыздар. Еліміздің абыройы, халқымыздың намысы тапталып жатыр. Тәуелсіздігіміздің символы іспетті көк байрағымызды тексіздерге қорлатып отыра алмаймыз. Бұл үндеуді қолдауларыңызды сұраймын!»,&ndash деп жазды Бекболат Тілеухан.
 
Бекболат Тілеухан үндеуінде бұл бассыздыққа бей-жай қарауға болмайтынын айтты.