"Халал той" жасаймыз деп несіне өзімізді алдаймыз?..
«Ақ жолда» той туралы аз жазылған жоқ. Облыстың бас басылымы қоғамдағы өзекті мәселені қозғасымен оқырмандар тарапынан үн қосқан, пікір білдірген хаттар легі ағылып, мүкіндігінше газет бетінен молынан орын беріліп те жүр. Қалай десек те, шілдеханадан бастап, әр он жыл сайын келіп тұратын мерейтойларға дейін қамтып, аста-төк той өткізу қазақтың салт-дәстүрінен алшақтап кетті. Тіпті, ағайынның, жекжаттың немесе дос пен көршінің қуанышынан шаршап қайтатын жағдайға жеттік. Бармайын десең – ұят, «өткені» бар. Жә, кейбір асабаның жаттап алған өлеңі мен жөн-жосықсыз қағытпа қалжыңы, қуаныш иесіне тілек айтуға шыққандардың ұзақ-сонар әңгімесі, даңғаза музыкаға жер тепкілеп жұлқына билеу, қызара бөртіп алғандардың жағаға жармасуға дейін баруы… Бұл – бүгінгі қазақ тойының көрінісі.
Менің айтайын дегенім… Өткен жылда үш-төрт рет «халал» тойдың қонағы болғанымыз да бар. Рахаттанып бір демалатын болдық деймін іштей. Той шымылдығын ел ағасы ашып, мерейжасқа толып отырған азаматқа ақ тілегін арнады. Әсем ән шырқалды. Асаба да сөз қадірін білетін ибалы жігіт екен, басқалар сияқты қай жүзден, қай рудан, қай атадан шыққанын айтып жар салған жоқ. Рет-ретімен тілек айтушыларды той төріне шақырып, ақ тілектер ағыны ағытылды. Ән мен жырға да жиі-жиі кезек берілуде. Дастарханға түрлі тағаммен қатар қымыз бен шұбат, басқа да сусын түрлері қойылған. Даңғаза музыка жоқ. Той тізгінін ұстаған өнерлі жігіт көрінеді, домбыраның қос шегінде ойнайды. Биші қыздар да жартылай жалаңаш емес. Кәдімгі ұлттық киіммен мың бұрала билеп-ақ жүр.
Кенет даяшы қыз сіресіп тұрған сусындардың жанына бір-екі «Сарыағаш» суын әкеліп қойды. Қатарлас отырған пысықай жігіт сусын ішіп отырған бокалдарға әлгі «судан» құя бастады. Мұндай тойлардың талай рет қонағы болған сияқты, «арақ қой» деп ыржың-ыржың етеді. Жаңа ғана әп-әдемі ән мен аталы сөз тыңдап, тамылжыған би тамашалап отырған ер-азаматтар жағы әйелдері ұл тапқандай қуансын келіп. Қыз-келіншектеріміз де қияқтай қастарын кере, тамсана қарайды алдарындағы әлгі «суға». Асабаның дәмді сөзі, той иесіне айтылып жатқан ақ тілек адыра қалды. Әуелеген әнді де тыңдап жатқан ешкім жоқ. Әр столдағы қонақтар өздерімен-өздері болып кетті. Осылайша «халал» той харам тойға айналып жүре берді.
…1985 жылы СОКП Орталық комитетінің пленумдарының бірі арақ-шарапқҚош, сонымен арақ-шарапсыз басталған мерейтой ортасына жетпей ырду-дырду болып кетті. «Сарыағаш» құтысындағы арақ таусылған соң, қонақтар қалталарын қағып, бір жастау жігітті дүкенге жүгіртті. Айтпақшы, той иесі бес уақыт намазын қаза қылмайтын, жұма сайын мешітке баратын, имандылық жолында жүрген жігіт екен. Арақ-шарапсыз өтеді деген тойда мұндайға неге жол берілді? Әлбетте, бұл сұрақты түн ортасы ауа сөз алған «шешендердің» көкке көтере мақтауынан кейін бақыттан басы айналған той иесіне қоя алмадық. Тағы бір осындай «халал» тойды ішімдікке сылқия тойып алған жастар жағының қып-қызыл жанжалмен аяқтағаны еске түсіп отыр.
а қарсы алапат майдан ашқаны бар. Онда Алматыда ҚазМу-дың студентіміз. Қазақтың тойы қашан тоқтаған. Той-думан, түрлі салтанатты кештер ішкіліксіз өтсін деген жоғарыдан бұйрық бар. Компартия дегеніңнің дүрілдеп тұрған сол бір жылдары да қатаң тыйымға қарамай «коньякты» шәйнекке құйып ішкенді көріп едік. Біз болған «халал» тойда сол жағдай тағы алдымыздан шықты. «Арақ атамыздан қалған ас емес» еді ғой. Кім кімді алдады сонда?
Aмангелді ӘБІЛ