Ұзақ жасау үшін наурыз көжені жыл бойы ішу керек

Бала кезімізде әжем пісіріп берген көженің дәмі тіл үйіруші еді «Тауысып ішіңдер, наурыз көжеге тойған адам жыл бойы тоқ жүреді» деп тостағанға еселей құятын жарықтық.

Ол кезде наурызды кім білген. Тойламақ тұрмақ, аты да аталмайтын.

Қазір неше қазан көже пісірсең де, өз еркің. Оған азық-түлік те жеткілікті. Бағасы да қолжетімді. Құлшыныс та бар. Әркімнің дайындау тәсілі әртүрлі болғанымен, міндетті түрде жеті тағамның қосылатыны бәрімізге белгілі. Бұрын көңіл аудармаппыз – сол тағамның бәрі (ет, сүт, жарманың түрлері, қант, тұз) еліміздің азық-түлік себетінің ішінен табылады екен.

Наурыз көжені дайындаудың бір тәсілі
Қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз. Егер наурыз көже қоймалжың болып кетсе, оған су қосуға болмайды. Тек айран қосып сұйылтасыз.

Айта кеткен жөн, себет құрамы соңғы рет 2005 жылы өзгертіліп, 43 атауға (бұрын 21) жеткізілген. Бұл шаруамен айналысатын Қазақ тағамтану академиясының мамандары екенін көпшілік біле бермейді. Осы институттың тағамды рационалдау зертханасының меңгерушісі Мұса Майлашұлы Айтжановтың айтуынша, дастарқанда тағам түрі неғұрлым көп болуы керек. Өйткені ағзаға қажетті заттар бір тағамның ішінен табыла бермейді. Азық-түлік себетін дайындағанда осы жағы есепке алынады. Мәселен, соңғы өзгертуде балық екі есе, жеміс-жидек үш есеге көбейтіліп, керісінше, нан мөлшері азайтылған. Ет, сүт, бұрынғы қалпында қалды. Елімізде бір адамға орта есеппен 2175 к/к деп есептеліпті. Өткен жылы Үкімет тарапынан осы Тағамтану институтына қаржы бөлініп, қазір олар 2011 жылға дейін рационалдық қоржынды әзірлеуге кірісіп кеткен көрінеді. Былтыр спортшыларға арналған қоржынды дайындап берген. Биыл оқушылар мен бірқатар мамандық иелеріне арналған қоржынды дайындау үстінде. Сонда бұрынғыдай емес, әркімнің қажетіне шамалап, әртүрлі қоржын дайындалады.

Азық-түлік себеті туралы сөз қозғағанда, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ақпандағы мәлімет бойынша, еліміздегі күнкөріс деңгейі 12 438 теңге) туралы айтпауға болмайды. Оның көлемі ел аумағы және аймақ бойынша орта есеппен жан басына шаққанда, тұрғындардың жасы мен гендерлік ерекшеліктеріне қарай үш айда бір есептеледі. 1998 жылғы «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Заңға сәйкес, күнкөріс деңгейі ең төменгі азық-түлік себетінің құнына тең. Оның ішіндегі азық-түлік бұрындары – 70 пайыз, азық-түлік емес өнімдер 30 пайыз болған. Қазір азық-түлік 60 пайыз, басқа өнімдер 40 пайызды құрайды. Ал екеуі теңестірілген кезде, яғни 50х50 болғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі де өседі. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жалпы, ең төменгі күнкөріс деңгейі демографияға сәйкес өзгертілуі тиіс. Соңғы кезде осы күнкөріс деңгейін көтеру қажеттігі жиі айтылып жүр. Ал азық-түлік себетінің құрамындағы тағамдардың бағасы қымбаттаған сайын күнкөріс деңгейіне де түзету енгізу қажет екені түсінікті. Бізде тұрмысы нашар жандарға атаулы жәрдем көрсетіледі. Ал рационалды жәрдем адам денсаулығын нығайтып, өмір сүру ұзақтығын көбейту үшін енгізіледі. «Өткен ғасырдың 30-40-жылдары бүкіл әлемде адамның өмір сүру ұзақтығы 40 жылдан аспайтын. Содан бері бұл өлшем 28 жылға ұзарды. Адамның әл-ауқаты жақсарған сайын өмір жасы ұзара түседі. Қазіргі уақытта адам 80-85 жасқа дейін өмір сүру керек қой. Жапондардың өмір жасы неге ұзақ? Олар майлы тағамдарды аз жейді, есесіне, балық, жеміс пен көкөніске басымдық береді», – дейді Мұса Майлашұлы.

Өткенде еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова ең төменгі күнкөріс деңгейінің қайта қаралатыны жөнінде хабарлап, жұртты қуантып қойды. «Бірінші кезеңде 2015 жылға дейін тұрғындардың тұтыну шығынының құбылуын есепке алып, күнкөріс деңгейінің құрылымына өзгеріс енгізіледі, яғни көбейтіледі», – деді министр. Бірінші кезеңде құрамдас екі бөліктің тепе-теңдігі азық-түлік емес тауарлар жағына ауытқиды, өйткені қазір шығынның едәуір бөлігі коммуналдық төлемдер мен өзге де шығындарға жұмсалады. Осыған орай, ең төменгі жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік көмек пен жәрдем көрсетудің төменгі шегі қайта қаралатын болады.

Жуырда Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін бекітті. Бұл тізімге: бірінші сортты бидай ұны, бидай наны, макарон өнімдері, жарма (қарақұмық, сұлы, тары, арпа), күріш, картоп, көкөніс (сәбіз, пияз, қызылша), қант, сұйық май, ет (сиыр, қой, құс еті), сүт, айран, ірімшік, сыр, сары май, жұмыртқа, тұз, шай енгізілген. Еліміздің заңнамасы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мемлекеттік мониторинг қарастырылған, яғни бет алды қымбаттамайды. Демек, наурыз көжені тек мейрам кезінде емес, жыл бойы ішуге шамамыз жетеді.

Мұса Айтжанов,  Қазақ тағамтану институтының тағамды рационалдау зертханасының меңгерушісі, профессор:
«Наурыз көже – ежелден келе жатқан тағам. Сондықтан оны пайдасыз деп айта алмаймыз. «Ұлыс күні қазан толса, сол жылы ақ мол болады» дейді. Соғымнан қалған сүр етке үйдегі қалған-құтқан азықты қосып дайындаған ғой. Негізі, жеті тағам деп бекер айтпаған, өйткені қазақ 7 санын жақсы көреді. Міне, соны да есепке алған. Көжеге қосылатын сүт, ет «Ет – етке, сорпа – бетке» дегендей, арпа, бидай дейсің бе, құрамында белок, көмірсутегі, өзге де витаминдер иммунитет нашарлап, түрлі ауруға бет бұра бастаған тұста қажет-ақ. «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» шағында осы көженің маңызы зор болғаны сөзсіз. Әрі әже-аналарымыз, жеңгелеріміз бар өнерін салып, баптап пісірген соң сіңімді бола түсетіні тағы бар».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста