Ұстазды адамғұрлы көрмейтін бала тәрбиелеп отырмыз (видео)

Біздің ата-аналарымыз: "Бізді мұғалім қанша тоқпақтап, басымыздан нұқып жатса да үндемейтінбіз, сөйлемектүгілі бетіне тура қарай алмаушы едік" деп отыратын. Өйткені олар "мұғалімнің айтқаны заң" деген қағидамен тәрбиеленді. Бала үшін ұстаздан ұлағатты, одан ақылды адам жоқтай көрінетін. Тіпті ата-анасына еркелеп, шолжаңдап өскен балалардың өзі мектепке барғанда мұғалымнің алдында тәртіпке бағынатын. 

Ал қазір сол ақыл мен парасаттың, мәдениеттіліктің эталоны саналған ұстаздардың беделі неге сонша төмендеп кетті. Төмендеп кеткені соншалық, қазіргі балалар алдында тұрған мұғалімді адамғұрлы көрмейді, бетінен алып, оған тіпті заң соғады. 

Күні кеше әлеуметтік желіде мұғаліміне дікеңдеп, тіпті жайы келсе ұрып жібергісі келіп тұрған оқушының видеосы тарады. Мұны көргенде кәдімгідей сескеніп, қорқып қаласың. Бүкіл құрдастарының көзінше мұғалімге дауыс көтеріп, салғыласып тұрған оқушы, жеке жерде мұғалімді таяққа жығып, кегін алмасына кім кепіл?  

Бірде құрбыммен осы бала тәрбиесі туралы әңгімелесіп отырғанымызда ол өзінің жоғары сыныпта оқитын баласының мұғаліміне қарсыласатынын айтқан еді. "Мен бірде баламның сынып жетекшісі шақырып мектепке бардым. Бірнеше бала, ішінде менің де балам бар, мұғаліммен араларында келіспеушілік болып қалыпты. Ата-аналар мен балаларды жиып мұғалім бізге мән-жайды түсіндіре бастады. Сонда менің балам жұлып алғандай мұғалімге қарсы атылғаны. "Сіздікі дұрыс емес,ештеңе бңлмесеңіз несіне мұғалім болып жүрсің" деп айқайлағанда өз көзіме өзім сенбедім. Сол жерде осындай бала тәрбиелегеніме жерге кіре жаздап ұялдым. Мен балама барынша жақсы тәрбие бердім деп ойлап жүріппін. Өйткені ол үйде маған да, әкесіне де қарсыласқан емес. Иә, ол өзінікін дәлелдегісі келді, бірақ ол қанша жерден кінәсіз болса да, мұғалімге олай қатты сөйлеуге қақысы жоқ болатын" , – деп ағынан жарылды құрбым. 

Әр ата-ана үшін өзінің баласы ақылды, әркім өзінше жақсы тәрбие бердім деп ойлайды. Сондықтан болар көбіміз балаларымыздың нашар қылығына көбіне мұғалімдерді кінәлап жатамыз. Бірнеше күн бұрын Талғар қаласында бір келіншек өзінің 10 жасар баласын 55 жастағы тәжірибелі ұстаздың ұрғанын айтып шағымданды. Ал мұғалім болса,сабақта тәртіп бұзғаны үшін құлағынан тарттым деп ақталады. Мұндай жағдай әр мектепте күнде қайталанады десек қателеспейміз. Баласына ұрсып, ұрған мұғалім ешкімге жақпайды. Кейбір долы ата-аналар балаларының көзінше мұғалімге айтпаған сөзді айтып шаптығады. "Бейшара, сен кімсің менің балама қол көтеретін" деген сөздерді естіген бала ұстазды қалай құрметтесін? 

Жеткіншек балалар тек ұстазға ғана емес, жалпы үлкенге деген құрметті білмейтінін, сыйластық дегеннің не екені миларына да кіріп шықпайтынын күнде көзіміз көріп жүр. Қоғамдық көлікте болсын, көшеде болсын, үлкен кісіге орын беру, жол беру былай тұрсын қағып-соғып өтетін жастар бар. 

Бірде көз алдымда автобуста кондуктор болып жұмыс істейтін жап-жас бала өзінің шешесіндей келіншекті әке-шешесінен түк қалдырмай балағаттады. Келіншек әлгі балаға "аялдамам жақындап қалды, қалған ақшамды қайтар" деген сөзі үшін сонша сөз естіді. Мұндайды көргенде  көргенде "осылар да анадан туды ғой" деп қынжыласың. 

Бәріміз де ұл мен қыз тәрбиелеп отырмыз. Өзіміз де ата-ана, ұстаздан тәрбие алдық. Кішіліктің өзі кісілік екенін түсінер болсақ, балаларымызға ең болмағанда үлкенді құрметтеуді үйретейікші! 

Айнұр СЕНБАЕВА 

"Алаш айнасы"

 

 

  

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста