«Ұлы даланың» ұланы

«Ұлы даланың» ұланы

Қазақ руханияты мен әдебиеті тағы бір өкілінен айырылды. Белгілі ақын, қоғам қайраткері Жарылқасын Аманұлы 75 жасқа қараған шағында дүние салды. Өмірінің соңына дейін қаламын қолынан тастамай, еліміздің қоғамдық өміріне белсене араласқан қаламгер кейінгі жылдары тарихи тақырыпта бірқатар шығармалар жазды.


Жарылқасын Аманұлы 1938 жылы 5 нау­рызда Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Ауыл мектебін бітірген соң, Алматы сауда техникумына оқуға түсіп, одан кейін Мәскеудің сауда институтында білім алған. Бұдан соң, ұзақ жылдар бойы рес­публика­мыздың сауда саласында, аудан­дық комсомол комитетінде жауапты қыз­мет­тер атқар­ған. Әдебиеттен алыстау салада жүрсе де ақынның шығармалары республикалық басылымдарда жарияланып, кітаптары шығып тұрды. Алайда тумысынан әдебиет пен өнер­ге жақын боп өскен жан ақыры қазақ руханиятына қыз­мет ету үшін, еркін шығарма­шылық жұмыс­тармен айналысып, әдебиетке түбегейлі бетбұрыс жасайды.
1991–1994 жж. «Ислам шапағаты» газе­тінің Бас редакторы, 1994–1995 жж. «Қаржықаражат» журналы Бас редакторы­ның орынбасары қызметтерін атқарады. Ақынның өлеңдері 1969 жылы «Жас кер­уен» жинағына еніп, оқырмандар мен әде­биет сыншылары тарапынан лайықты ба­ға­сын алған. Жарылқасын Аманұлы әр жыл­дары жарық көрген «Көкпар», «Жастық жалын», «Ынтызар жүрек», «Нұрлы әлем», «Құ­рыш қолдар», «Алатау аясында», «Ша­қы­рады кең дала», «Асуым, алғы күндерім», «Өмірімнің өрнегі», «Қоңыраулы керуен», «Ақ бата» – жыр жинақтарының авторы. Бұ­ған қоса ақын «Жылыстап кеткен жылдарым» «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен» атты ән-күйлер топтамасын және «Қа­ра­сай баһадүр» атты тарихи деректерге негізделген прозалық кітаптар шығар­ды.
Қашан да қай ортада болмасын зиялы болмысымен ерекшеленіп жүретін Жарыл­қа­сын ағамыз өзі киетін киімін де өз қала­уындағы сән үлгісімен тіктіріп киетінін біреу білсе, біреу білмес. Елі мен жеріне адал ақын өзі туған өлкенің құрметіне бөленіп, кезінде «Жамбыл облысының Құрметті аза­маты» атағын алды. Сондай-ақ бірқатар республикалық, халықаралық мүшәйра­ларда жүлдеден қағылған емес. Төл әде­бие­тімізге барынша еңбек сіңірген Жарыл­қасын ақын, соңғы жылдары еліміздің қо­ғам­дық-саяси өміріне етене араласып «Ұлы дала» қоғамдық бірлестігінің құры­луына мұрындық болған азаматтардың біріне саналды. Сол қозғалысқа алғашында өзі жетекшілік етіп, кейін жалпы жұмыста­рына белсене атсалысып жүрді. Бүгінде бұл қозғалыс еліміздегі рухани жобалардың қолдаушысына айналып, тарихи-мәдени тамырымызды танып-білуге айрықша үлес қосуда. Мақсат-мұраты зор Республикалық «Бәйдібек баба» қоғамдық қорының президенті ретінде де көптеген игі істердің жүзеге асырылуына септігін тигізді.
Марқұмның жатқан жері жайлы, топы­рағы торқа болсын. Ақынның ендігі ғұмыры шығармаларында жалғассын!

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста