Ұлтсыздану ұраны немесе адасудың алты жолы
Адамзат Тіршілік (биосфера) әлемінен Сана (ноосфера) әлеміне, аяқ басқан бүгінгі күні, біздің ұлтымызда, осы ұлы өзгеріске, яғни әлемдік үйлесімділік заңдылығына сай болуы керек. Оның үстіне » Мәңгілік ел» құруды ойлап жүргендіктен жақсымызды жетілдіріп, жаманымызға сын көзбен қарап, саралайтын кез келген сияқты…
Жер жүзіндегі әрбір адам, Жаратушының Жерге жіберген қуаты арқылы тіршілікке ие. Міне, сол қуатқа ие адамдардың тілі, діні, әдет-ғұрпы, тарихи мекен-жайы бірдей, сондай-ақ жүйке жүйесі, гормондар тізбегі т.б. ұқсастығы бар адамдар бірлігінен, ұлт құралады. Ал әрбір ұлттың, тек өзіне ғана тән ерекшелігі, сондай-ақ әлемдік Санамен байланыста тұрған жеке биоалаңы болады. Сол биоалаң иелерінің қуаты бірігіп, ұлттың рухани қуатын құрайды. Міне, сол ұлттың рухтық қуатынан, бейнелеп айтқанда, «аккумлятордан» әрбір ұлт өкілінің, қуат алып тұру мүмкіндігі бар.
Қуат алып тұрған адамның жүйкесі мықты, жүрегі тыныш болады. Себебі алынатын қуат әрбір адамды бабаларының тектік-мұралық жадтарынан алынған мәлімет арқылы, ұлтына деген сүйспеншілігін арттырып, ұрпақ сабақтастығын жалғап тұрады. Сондықтан бұл қуат жақсылықтада, не басына іс түскендеде адамға қолдау көрсетіп, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» тұжырымына сай, оның ауыртпалығын жеңілдетеді. Ал қуат алып тұру үшін, әрбір адамның өз ұлтымен байланысы үзілмеген, яғни бойында, тектік мұралық жады арқылы бабаларынан алынған, ұлтына тән қасиеттері болуы керек. Бұл, қазіргі ұрпақ, «бабаларының айна қатесіз көшірмесі» деген сөз емес, ал адамзаттың Тіршілік әлемінен, Сана әлеміне өтуіне байланысты, заманға сай жетілдірілген, тек өз ұлтына ғана тән ерекшелігі бар, жаңа туынды деген.
Ал өз ұлтына тән қасиеттерінен айырылған адамды – мәңгүрт, яғни «адасқан» дейді. Мәңгүрттік, адамды өз ұлтының биоалаңынан алшақтатумен шектелмей, нәтижеде адамның ұлтын әлсіретеді. Ал адамды өз ұлтының биоалаңынан алшақтатып, рухани кедейлендіретін негізінен 6 нәрсе бар. Олар: өз ана тілін білмеу, бабалары тұтынған дінінен безіну, ұлттық әдет-ғұрыпын жоғалту, баласына ұлтына тән емес ат қою, ұлтына жат әуенді пір тұту, ұлтының абырой, мүддесін қорғамау
Міне, осылай ұлтынан ерекшеленіп, рухани кедейлену арқылы адам, рухтық қуат қорындағы үлесінен құр қалумен шектелмей, жалпы ұлтының рухани қуатын әлсіретумен бірге, нәтижеде ұлтының жойылуына үлес қосады. Сондықтан бұл жайлы ұлы Вернадский «Әрбір ұлттың өзіне ғана тән ерекшелігінен айырылуын, тек ғана оның генетикалық жойылуымен ғана салыстыруға болады» деді.
1. Ана тілін білмеу. Қазір, жасырын емес, тек бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, ұлттың ертеңін, яғни ұрпақ болашағын ойламайтындар көбейді. Олар «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді ұмытпа» қағидасын ұмытқандықтан, ана тілін білмей, ұлт болашағына қауіп төндіріп тұр. Ал білетіндерінің өзі, тәржімалауға болатын резерв-қор, идея-ұсыныс, кредит-несие тәрізді сөздердің өзін аудармай айтуды «сауаттылық» деп есептейтін сияқты. Күнделікті қолданыстағы келімсек сөздер 300 ге жеткен кезде (қазір, 100 ге жетіп қалды), бізде, кейбір сібір халықтары тәрізді, ана тілімізбен қоштасуымыз мүмкін. Дегенмен бұл, шетел сөздерін жаппай аударып пуризмге ұрынуға шақыру емес, ал «келімсекті»азайталық деген. Азайтпасақ, бізді, ана тіліміздің кепиеті (трансценденттік қуаты) ұрып, ұлтымыз, жонғар тәрізді, жоғалады.
Бұл, менің жеке пікірім емес, ал бихевиорист Д.Камминг, Гримак, Нечипоренко т.б. көрінекті ғалымдардың да ойы. Келімсек сөздердің көбеюінің тағы бір зияны. Сөздермен бірге, бізге жат көзқарас құндылықтарда келеді. Мысалы, қазір «менің өз амбициям бар»деп, сөйлей беретін болдық. Ал бұлай «меніңде менмендік, өркөкіректігім бар» деп, сөйлеген жайдары қазаққа жараспайды, тіпті ұят. Дәлірек айтқанда бұл, адам бойындағы адреналинді көбейтіп, яғни ұяттын азайтады.
2. Бабалар дінінен безіну. Ұлтымызды жойылып кетуден сақтаған заттардың негізгісі — дін. Дін, бізді Батыстан келген қызтекелік (гомосексуалдық), еркекшоралық (лесбияндық), шерменделік (инцест, қандас туысыңмен, не ата-анамен жыныстық жақындық) т.б. азғындықтармен қатар, соз, обыр т.б. науқастардан қорғады. Мысалы, «қазіргі медицинада обырдың неден болатынын білмейді» дегенмен, Құранның «Бақара» сүресінде, бұл жайлы тайға таңба басқандай етіп, анық айтылған. Мұны, ілгеріректе, яғни Батысқа еліктемей тұрған кезде, қазақтың кезкелген кемпірі білетін еді. Қазір, өкінішке қарай, Батысқа еліктейтін қандастарымызғада, обыр келіп жетті…Осыны білген әлемдегі қазіргі заман ғұламаларыда (ішінде Нобель сыйлығының лауреаттарыда бар) «Ғылым — Құраннан басталады» деп мойындап отыр.
3. Әдет-ғұрып, үрдіс. Ұлтымызды биоалаңынан алшақтатын, тағы бір нәрсе әдет-ғұрпымыздағы еліктеу. Бұл: тойлардағы жалаңаш (стриптиз) билеуі, туған күн иесі, өз отын өзі үрлеп өшіруі, жас жұбайлардың жұрт көзінше суйісуі т.б. Бұл ұятсыздықтардың нәтижесі кәрілер, жетімдер үйлері, ажырасу, зинақорлық т.б.
4. Балаларына ұлтына жат есім қою. Адамның аты киеге ие дүние екенін Фараби атамыздан бастап, күні бүгінге дейін ғалымдар, «аттың — тағдыр» екенін дәлелдеп, оның физикалық өлшеміне дейін белгілеген. Дегенмен, соған қарамастан, атты ойыншық қылып жүргендер жетерлік. Бұрын Большевик, Комсомол, Съезд т.б. деп қойса, қазір Диплом, Ордер, Премия, Саммит т.б., дегені ештеңе емес, енді Алкаш деп, қоя бастады. Сондай-ақ біз өзге ұлттың атын қоюдан да алдымызға жан салмаймыз: Алишер-өзбек, Зарина-сыған, Артур-ағылшын, Карина-жөйіт,т.б. бұларда айналайын, өзбектің өзі қоймайтын Тәкәсәлтәң, яғни «ақымақ» деп қойғаны несі? Бұл — тайыздық. Өзіңді өзің сыйламасаң кім сені сыйлайды?
Қазір бұған қоса, ата-анасының азан шақырып қойған атын өзгерту сәнге айналды. Айша, яғни»өмірлік» дегенді білдіретін Пайғамбарымыздың жұбайының киелі есімін, Жаратушыдан қорықпай Сайтан (Сатана) ның нақсүйері» Аишамен» ауыстырып, Мұхаммедті «Муха» деп жүр. Мұның зардабының ауырлығы жанында Рентген, Зибер, Грейден алған радиациялық сәулелену — ойыншық. Бақилығы түгіл, ертеңін ойламайтын бұл қандастарымызбен, ұлтымыздың рухани қуатын құрап, Сана әлемінде қалай өмір сүрер екенбіз деген ой келеді… Біз секілді ат қою, бізден басқа бір ұлтта жоқ.
5.Ұлтына жат әуенді пір тұту. Ұлтына тән әуен (музыка) тізбегін бұзудың нәтижесі, қоғамдағы саяси-экономикалық дағдарыстанда жаман, бұл адамның ішіне түскен жегі тәрізді, өте қауіпті. Себебі адамзаттың азғындауы, ішкі жандүниенің деформациялануынан басталады. Қазіргі эвтаназияны көксейтідерде, негізінен осылар. Оның үстіне, арзан «өнер»шығармаларымен, дауысы жоқ «өнерпаздарды» айтпағанда, әулиеге кесек атып, Иса Пайғамбардың жұбайы, көзінің тірісінде, «әйел затының үлгісі» атанған Марина Магдалинаны, басқа елдердің жүздеген тарихи мәліметтеріне пысқырмай, жөйіттердің шығарған аңызын шындыққа балап, басшылыққа алып, мазақтап, әнге қосуы, қорқытады. Бұл — шекара. Бұл «өнерпаздар» өзімен кетпей, «…бір қарын майды шірітпесе болғаны».
6.Ұлтының абыройын ойламау. Қазір ұлтжандылық ұғымының қажеттілік екенін түсінбей, оны сән үлгісі, не тіпті құрғақ сөз ретінде қабылдайтындар көбейді. Бұған, ұлы Д. Андреев айтқандай «Шығыс мәдениетінен қол үзіп, Батысты пір тұтуымыз — кінәлі». Осының нәтижесінде Фарабидің «Ильм әл Илляхиін», Қашқаридің «Адаб уль салихинін» т.б. білмей, пендешілігіміз басым болып, рухани сауатсыз болғанымыз. Ал Батыста, заң болғанмен, иман жоқ… Сондықтан, әрбір «ұлтым» деген Азамат ұлтымыз жайын ойлағаны дұрыс.
Мұсатай КӨРПЕЛИЕВ,
зейнеткер