­Ұялы телефонның «ұятсыздығы»

­Ұялы телефонның «ұятсыздығы»

«Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын» қалта телефоны қазір қол жетпейтін дүние емес. Ұялы телефоныңыз болмаса, ұялып қалатын дәрежеге жеттік. Былдырлаған баладан еңкейген қарияға дейін осы кереметтің «құдіретіне» жүгінеді. Оның тек хабар алғызып қана қоймай, иесіне басқа да қызмет түрлерін ұсынатын артықшылығын тағы қосыңыз. Қажеттілігімізді қанағаттандырып жүрген осы артықшылықтар тым кері әсерін тигізіп жатқандай.

Бүгінгі таңда ұялы телефондағы ұятсыздықтар дендеп барады. «Соткадағы» сорақылықтарды жіпке тізіп шығу мүмкін емес. Онда не жоқ дейсіз? Телефонның жадына жазылған жаныңды түршіктірер небір сұмдықтар өріп жүр. Қазіргі жастардың ұялы телефонына үңілмес бұрын психологиялық дайындықтан өтіп алу қажет. Әйтпесе түнімен түсіңізге небір вампирлер мен маньяктар кіріп мазалауы мүмкін. Сонда да батылымызды жиып, бір-екеуін айта кетсек. Мәселен, Мәскеудің моргінде түсірілген бір көріністі жүрек жұтқан біреу болмаса, анау-мынау адам басынан аяғына дейін жүрегі шыдап көруі мүмкін емес. Кавказдық жүндес халықтың өкілі аузында – темекі, алдында жатқан адамның ішек-қарнын ақтарып жатыр. Тап бір ешкі сойып жатқандай жайбарақат. Қасындағысына бірдеңені былдырлап қарқ-қарқ күліп қояды... Енді біреуінде топтасып төбелескіштердің сорақы тірліктері. Өзін «крутой» санайтын мектеп оқушылары екі баланы ортаға алып тепкілеп жүр. Тап бір доп тепкендей. Әлгі көпке қарсы тұра алмаған екеудің бет-аузын тану мүмкін емес. Төбелескіш тентектер осыншама қатыгездікті қайдан үйренген деп қайран қаласың. «Ата-анаңа айтасың ба, арыз жазасың ба?» деп айқайлап тепкілеген сайын екі баланың бебеулеген дауысы құраққа жеткендей.

Осындай бір «туындыны» көремін деп түнімен ұйықтамай шыққанымыз бар. Одан кейін мұндайды көруден жүрегіміз шайлығып қалды. Мұндай қатыгездікті көрген бала ертең көргенін жүзеге асырғысы келмейді деп кім айта алады? Мұның, әрине, баланың психологиясына кері әсер ететіні сөзсіз. Жастарға қызық керек, енді бірінде Халық әртісі деген атағы бар бір әншінің мас кезін түсіріп алыпты. Қонақүйде масаң қалыпта аузына түскенін айтып, «өнер» көрсеткен апамыздың бұл «клипін» кез келген жастың телефонынан тауып алуға болар. Одан бөлек, «өнертанушылар» шығыпты. Мұңды өлеңдерімен миллиондардың жүрегін жаулап алған ақынның көпке беймәлім, төсек төңірегін ашық суреттеген анайы өлеңдерін «жарыққа шығарыпты». Ол ақын өз-өзіне адвокат бола алмайды ғой. Мұны естіген жастардың қазақ өнеріне, мәдениетіне көзқарасы қандай болуы мүмкін? Ал ана сүті аузынан кетпеген жасөскіндер бұдан қандай сабақ алады? Тіпті бейнебаян түсіретін әуесқой «режиссерлер» шығып жатыр. Екі ғашықтың махаббат хикаясын мазақ қылып, телефон арқылы таратып жіберу кімге абырой әперсін? Одан бөлек, порнографиялық, эротикалық бейнеөнімдер қаптап кетті. Мектеп жасындағы жасөскіндердің осындай-осындайлардан кейін тәрбиесі қандай болмақ? Ашық қоғам орнатамыз деп алқынып жүргендер бұған қуанар. Алайда бұл біздің менталитетімізбен қабыспайтынын кім ойлар? Түбіне ой жүгіртіп көрелікші, осындайларды көріп ерте есейген жастар көргенін істейді емес пе?

 Жастар арасындағы қылмыс, зорлық-зомбылықтың бастау алуына осы «соткадағы» дүниелердің сіңірген еңбегі жоқ дей аласыз ба? Ұялы телефонның ұлттық тәрбиемізге қатер төндіріп, тегімізге теріс әсерін тигізіп жатқаны жанымызға батады-ақ. Алайда амал кем. «Соткадағы» сұмдықтардың таралуына тыйым салатын тетік жоқ. Ұялы телефон арқылы небір сұмдықтар тарап жатыр. Оның ұрпақ тәрбиесіне теріс әсерін тигізіп жатқандығы ешкімді де ойландырмайтын сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста