Учаскелік инспекторлар бейнебақылау камералары арқылы ұрлық қылмысын ашты
Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі хабарласып, құрылысқа қажетті құралдары ұрланғанын айтып арызданған.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар қоймадан 3 дәнекерлеу машинасы мен перфораторын жымқырған. Ұрланған заттарының құны шамамен 300 мың теңге.
Оқиға орнына дереу учаскелік полиция инспекторлары шықты, олар ауланы аралап, куәлардан жауап алды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен құрылыс заттарын ұрлаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.