Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 8-10 наурыз аралығында қатты жауын-шашын күтілуіне және ауа-райының күрт жылынуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, Қазгидрометтің № 6 дауылды ескерту негізінде 8-10 наурыз аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына, қатты жауын-шашынның күтілуіне байланысты қар көшкіні болуы мүмкін.
"Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауларға барудан бас тартқан дұрыс", - деп ескертеді департамент өкілдері.