Атаңыз түсіңізде отын арқалап келсе - сізге байлық, ұтыс сыйлағаны;
Ал, егерде ата сөйлемей тұрса - әруақтың реніші;
Ата алға қарай жүріп сізбен әңгімелесіп тұрса – сіз барлық қайрат жігеріңізді жинақтап, алда келе жатқан қиыншылықтарды жеңетініңізден хабар бергені. Ақ шашты, ақ сақалды, ақ киімді ата – сеніміңіз артады деген сөз, сапарға шықсаңыз да ол сәтті болмақ. Атамен ел араласаңыз – қуаныш, дұшпандарыңыз күйініп, достарыңыз сүйінетін сәт;
Ата-анаға тіл тигізсеңіз – бұл сенімсіздік белгісі;
Атаң сөйлеп тұрса – жақсылық белгісі, той.
Атлас ( карта) – түсіңізде географиялық атлас картасын көріп тұрсаңыз – сағыныш. Ал картада өзіңіз тұрған жерді көрсеңіз – махаббатта жолыңыз болады;
Аттармен – түсіңізде отар-отар мал жайып жүрсеңіз, байлық;
Ату – налу, өзіңді атсаң – алдамшы хабар;
Атқа мінген ақсақалмен сыр шертісіп, сөйлегенін көрсе – жақсылық белгісі.
Атқарып жүрген іске көңіліңізтолмаса – шегіншектей бермей, бағыңызды сынап көріңіз, бағыңыз жанар;
Атпен сынықтан өтсе –«өлмегенге өлі балық кездесер» дегеннің белгісі.
Атқан оғы нысанаға тисе – жақын таныс емес жанға ғашық болу;
Атпен аттың алдын бермей келе жатсаң – «кезі келсе кетпен шап, басы қайырылсын» дегенді ескерткені;
Аттың басынан ұрып жатсаңыз – жайсыздық белгісі;
Аттың алдыңғы аяғына таға қағып жатқаныңызды көрсеңіз – үлкен ұлағаттылыққа жетпексіз;
Атты жүгендесең – «есеп, есеп білмеген есек», ұмыпағайсыз;
Атып немесе шауып сені өлтірсе – жағалы киім жағаласып жүр;
Атаққұмарлықпен қызмет істеп жатсаңыз - жұмыста еркіндік жоқ,ал өзге біреудің атаққұмарлықтығын байқасаңыз – орашолақтығыңызды әшкерлейді біреулер;
Атқосшылықпен жүрсеңіз – делдалдың ісі қолыңыздан келмейді;
Атыз жасап жатсаңыз – бітпеген іске ренжімеңіз;
Атырапқа көз жіберіп тұрсаңыз - өткен іске өкінбе, болашаққа сенімді болыңыз;
Атысып жүрсеңіз – мақсат-мұратқа жету. Ал біреу сізді атып тұрса – берекелі, баянды өмір кешесіз. Егер біреулер өздері мен өздері атысып жүрсе – достығыңыз ұзағынан болмақ.
Ауыз – тоқтық, жақсы сөз шықса – сөзіңіз өтімді, жаман сөз шықса - өтірік, көп сөйлесе – үлкен істерге мұрындық, сөйлеп жүрсеңіз – кіріс, табыс, ауыз сипаса – мылжың, байланса – жаманшылық, бірдеңені жоғалту, өзіңдікі - табыс;
Ауыз – түсте кере қарыс ауыз көрсеңіз, сіз көптеген істің басын шешуіңіз керек, аздаған еңбегіңізді бағалайды, кішкентай ауыз - көптеген шешілмей жатқан істерге батыл кірісуге көп еңбек етуіңізді керек етеді. Үстіне қарай бұлтиса – бұл жауларыңыздың сізге қарадай өтірік жала жабуы. Ауызыңыз ішке қарай тартылса - оркөкіректігіңізбен ешқандай жақсылыққа жете алмайсыз, сақтанып, сабырлық еткен жөн;
Ауызбен бір затты тіліп жесеңіз - ақын болар ұрпағыңыз;
Ауыз бастырлық беріп жатсаңыз – «сау басыңа сақина тілеме».
Ауыз бастырлықты шашып тұрсаңыз – би болмасаң болма , би түсетін үй бол.
Аузыңды дұшпаның сөзбен тиса – «қисық болса да жол жақсы, долы болса да қыз жақсы» екенін ескеріңіз;
Ауызынан сілекей ақса – «қабырғалы қарындас кеткен екен ауылына»
Ауызыңды жуып-шайсаң – таласып-тартысып өмір сүруге болмайтынын ескерткені;
Аузың қышып отырса – «айтқан сөзіңе жет, міңгеспей үйіңе кет» деген нақыл сөз бар екенін ұмытпағайсыз;
Аузы жырық, көзі қисық жағымсыз кісіні көрсе – бұл, сәтсіздіктен сақтандырады. Өйткені кесір үйіңізді орап кетуі ғажап емес.
Аузыңызға бірдеңе салса – қуанасыз;
Аула тап-таза болса – дүние мүлкіңді заңдастырып ал дегені.
Аулада тәнің жалаңаш болса – өзің үйіңде, өзің қожайын, ешкімге жалтақтама деген мағына;
Аула лас болып жатса – «мың қайғы бір борышты өтемейді»;
Ауылдағы достарыңызды көру үшін жолға шықсаңыз – қайраттылық, сенімділік жақсылыққа жетелейді;
Ауыл үдере көтерілсе – «жабайы шөп егінді аздырар, еріншектік ерді аздырар» дегеннің белгісі;
Ауру болсаң – «сөз қуған бәлеге жолығар, шаруа қуған қазынаға жолығар». Ұмытпаңыз;
Аулақ жүрсең біреулерден – біреулердің сырын білмекке әрекет жасайсыз;
Ауланы ескі сыпырғымен сыпырып жүргеніңізді көрсеңіз – жаңа таныстықтың белгісі;
Ауылға келсең – сәттілікте, сәтімен деген-ау;
Ауыр жүк поезын көрсеңіз – көптеген ауыр жұмыстарыңыздың артта қалуы. Мұрагерсіз;
Ауыр ойда отырсаңыз – жат деген адамдармен жақын араласпас бұрын, оның сырын біліп алсаңыз артық болмас;
Ауырып жатқан кісінің жағдайын білуге барсаңыз – жан сезіміңіз жақсылыққа бөленіп, қуанышқа кенелесіз.
Ауырып жатқан туысқандарының көңілін біреу сұрап жүрсе – оның Жаратқаннан сұраған тілегі орындалып, қуанышқа кенеледі;
Аурухана – түсіңізде ауруханадан қашып шыға алмай жүрсеңіз – тілегіңіз орындалады. Көппен бірге ауруханада саяхаттап жүрсеңіз – болашақта кеуіл жақыныңыз алысқа кетеді;
Аукцион – түсіңізде аукционға белсене қатысып жүрсеңіз – сіздің шешіміңіз қате болады. Түсіңізде аукционда зат сатып алсаңыз – сауда, басқа істе қолыңыз жүргені. Егерде аукционда ұтысқа ниет білдіріп жүрсеңіз - өз еңбегіңізге көңіліңіз толмай жүргені.
Түс жору (жалғасы)
Последние статьи автора