Түркістандық әйел 12 жастағы қызын өгей әкесі қалай зорлағанын айтты

Түркістандық әйел 12 жастағы қызын өгей әкесі қалай зорлағанын айтты

Түркістан облысының тұрғыны әйелінің көзінше 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді. KAZ.NUR.KZ редакциясына жәбірленген қыздың анасы көмек сұрап хабарласты.

 

Оның сөзінше, медициналық сараптамада қызының іш киімінен күйеуінің ДНҚ-сы анықталса да, айыпталушының кінәсін дәлелдеу қиынға соғуда.

 

Ол күдіктінің бостандыққа шықса, өздеріне тағы да тиісуі мүмкін екенін айтады. Қазір Ақмарал қызымен бірге (есімі өзгертілді - ред.еск.) Шымкенттегі "Көмек" дағдарыс орталығын паналауда. Өзі үшінші топ мүгедегі, екі құлағы 70 пайыз естімейді.

 

Айтуынша, 2012 жылы бірінші күйеуі жол апатынан қайтыс болып, 4 жасар қызымен жесір қалған. Қайғылы оқиғадан 8 жыл өткенде екінші күйеуімен танысқан.

 

"Күйеуім 1977 жылғы. Ол кісі менімен танысып біліскен соң, маған үйленгісі келетінін айтты. Өзім де сол кездері жолдасым болса, қызыма әке болса деп ойлап жүретінмін. Сол уақытта қызым санаторияда жатқан еді. Жаңадан өмір бастайтыныма қуандым. Қызым санаториядан шыққан соң, онымен таныстырдым. Сөйтіп бірге тұра бастадық", - дейді Ақмарал екінші күйеуімен қалай жолыққаны жөнінде айта отырып.

 

Ақмарал 12 жастағы қызының өгей әкесінен зорлық көріп жүргеніне бірнеше ай "шыдап келгенін" жеткізді.

 

Оның сөзінше, күйеуі өгей қызы екеуін "өлтірем" деп қорқытқан.

 

"2020 жылы ақпан айының 19-да күндіз мен азық-түлік алуға дүкенге шығып кеттім. Сол кезде қызым мен күйеуім үйде қалған. Келсем есік құлыптаулы, есікті қызым ашты да, өзі сыртқа шығып кетті. Ал күйеуім "Мен ұйқтаймын деп, жатып қалды". Менің ойымда ештеңе жоқ. Ертеңінде кешкі аста ол ішімдікке тойып, масайып қалып, жанжал шығарды. Бірінші маған айғайлап, балағаттап, аузына келген сөздерді айтты. Содан кейін мені ұрып-соғып, бір-ақ тепті. Басыммен дуалға соғылып, жерде тұра алмай жатып қалдым. Маған тағы бір әйел аламын деді. Сөйтсем менің қызымды да тындырған екен. Бұл жағдай мен дүкенге кеткен күні болған екен. 20 ақпанда жанжал кезінде маған ол : "Сенің қызың қыз емес" деп қызымды жерден алып жерге салды. Ол ұрыс-керіс үстінде алдыңғы күні істегенін өзі мойындады. Сол арада менің көзінше қызымның киімін шешіп тастады да, оны қинап өз дегенін жасады. Мен бәрін көзбен көріп тұрып, қызымды қорғауға шамам келмеді. Сол жатқаннан есімді жинай алмадым. Бәрін біліп тұрмын, бірақ басымды көтеріп, тұра алмай жатырмын. Қызымның қарсыласқанына қарамай қинады.

Содан бірнеше ай біреуге айтуға қорқып, ешкімге тіс жармай жүрдік. Өйткені қызымды да, мені де әбден қорқытып алған", - дейді жәбірленген қыздың анасы.

 

Ақмаралға заңды көмек беруге "Не молчи" ұйымының заңгері Данияр Жиенбаев ниет білдірген.

 

Заңгер қылмыстық істің Түркістан облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқанын жеткізді.

 

Даниярдың сөзінше, оған судья сотқа қатысуға тыйым салған.

 

"Сот онлайн Whatsapp арқылы болып жатыр. Мемлекет тарапынан Ақмаралға берілген адвокаттың істен мүлде хабары жоқ. Ақмаралға хабарласпайды. Ештеңеден хабары жоқ. Ал маған "Сенің қатысың жоқ, қылмыстық істің басында болмағансың" деген желеумен заңгер ретінде сотқа араласуыма шектеу қойып жатыр. Ақмаралдың өзі судьядан заңды өкілі ретінде мені көргісі келетінін айтса да...

Судья айыпталушы жақтан менің қатысуыма қалай қарайтынын сұрады. Олар әрине қарсымыз деді, содан кейін мені сот процесінен шығарып жіберді. Мемлекет тарапынан адвокат берілді деп ақталып жатыр. Бірақ ол істің мән-жайын білмейді", - дейді Ақмаралдың құқын қорғаушы заңгер.

 

Данияр Жиенбаев сот барысында судья мен прокурор айыпталушы тарапқа емес, жәбірленуші әйелді сұрақтың астына алып жатқанын айтады. Ал бұл жайтқа қатысты пікір білдірген Түркістан облыстық полициясының хабарлауынша, күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр.

 

"2021 жылдың 22 қаңтарында Бәйдібек АПБ-ға Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Арыз ҚР ҚК-нің 122-бабы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша тіркеуге алынған. Күдікті ретінде арызданушының азаматтық некедегі күйеуі анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Бәйдібектік полицейлермен тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп, қылмыстық іс 121-баптың 4-бөлігімен сараланып, 2021 жылдың 4 сәуірінде Бәйдібек аудандық прокуратурасы арқылы Түркістан облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданған", - дейді Түркістан облыстық полиция департаменті.

 

Ведомство соңғы шешімді сот шығаратынын атап өтті.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста