Тұрағы жоқ, жолы жоқ велосипед қайда барады?

Тұрағы жоқ, жолы жоқ велосипед қайда барады?

Ахметжан Есімов Алматыға әкім болып келгелі екі дөңгелекті моторсыз көлікті тізгіндеушілер қатары да көбейген. Әр мерекеде велосипед жарысын өткізу де әдетке айналды. Әкімнің ондағы мақсаты – екі дөңгелекті моторсыз көлікті насихаттау арқылы қала тұрғындарын автокөліктен түсіріп, велокөлікке отырғызу арқылы қала жолдарының кептелісін азайтуға септігін тигізу, қала ауасының экологиялық зиянын азайту болғаны рас. Велосипед инфрақұрылымы Алматы қаласының 2009 - 2018 жылдарға арналған бағдарламасына енген. Тіпті, бұл мәселені қаланың Бас жоспарына енгізу де көзделген болатын. Десе де,...
Десе де, қала тұрғындарын автокөліктен велокөлікке ауысып отыруды насихаттаған қала басшылығы алғашында екі дөңгелекті мотрсыз көлік жүретін жол жайлы ойламаған болса керек. Кейінірек бұл мәселені шешуді қолға алған қала басшылығы 2010 жылы ілкі жоба ретінде Абай даңғылы бойымен бірінші велосипед жолын салған болатын. Десе де ол жол бес-алты көшені ғана жалғайды. Одан әрі автокөлікпен қабаттасып жүруге тура келеді. Әрине бұл қауіпсіз емес. Өйткені ереже бойынша, велосипед басқарушы автожолдың оң жақ шетімен бір метр жолақтан шықпай жүруі тиіс. Алайда, автотұрақ мәселесі шешілмеген Алматыда олай жүру мүмкін емес. Өйткені, велосипедтің жүруіне рұқсат етілген көше жолдарының оң жақ шеті автотұраққа айналған. Сондықтан кей мамандар велосипед жолдарын салмас бұрын, қаладағы көлік жолдарын кеңейтуді қолға алып, автотұрақ мәселесін шешкен абзал болар еді дейді.
Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
– Велосипедтің экологиялық таза көлік екені сөзсіз. Алайда, Алматыда влокөлікпен жүру өте қауіпті. Өйткені, арнай жол жоқ. Арнай жол салатын мүмкіндік те жоқ. Көше жолдары тар. Менің ойымша, қазіргі уақытта басты мәселе – көлік жолдарын кеңейту, автотұрақ мәселесін шешу. Ал, влосипед жолдарын қаланың жаңа салынып жатқан аумағында қарастыруға болатын шығар. Онда да, оның тиімділігін, қажеттілігін зерделеп көру керек. Халық қала басшылығы айтты екен деп, автокөлігін тастап, велокөлікке отырмасы анық. Еуропада осындай екен деп, бас-жоқ, көз жоқ бәрін көшіре берудің қажеті жоқ. Халықты велосипедке отырғызу үшін еуропадағыдай жағдай жасалуы қажет. Еуропада алдымен шенеуніктер велосипедке ауысқан. Германия депутаттарында қызметтік көлік атымен жоқ екен. Олар жұмысқа велосипедпен баратын көрінеді. Алыс сапарға шыққанда, қажетті уақытқа ғана қызметтік көлік бөлінеді екен. Бізде жұмысқа велосипед мініп баратын шенеунік бар ма? Жоқ. Осы велокөлікті насихаттап жүрген Алматы қаласы әкімдігінде сондай бір басшы табыла ма? Жоқ. Олай болса, еш жағдай жасамай, халыққа «біз авткөлікпен жүреміз, сендер велосипедке отырыңдар деу қаншалықты негізді?

Сондай-ақ велосипедке арналып салынған жол кей тұста жаяу жүргіншілерге арналған аяқжолмен қиылысып, жүргіншілерге қолайсыздық туындатып жататыны бар.
Велосипед ұрлығы көбейген
Велосипедке қатысты тағы бір мәселе – ұрлық. Күн жылынған соң велосипедті пайдаланушылар қатары артады. Үлкендер жағы велосипедті қала сыртына саяжайға бару үшін пайдаланса, балалар жағы аулада, алаңдарда велосипед тебеді. Қала басшылығының насихатына құлақ асып, жұмысқа екі дөңгелекті моторсыз көлікпен баратындар да бар. Олардың ортақ проблемасы – велосипед ұрлығы.
Велосипед ұрлаушыларға қолайлы мүмкіндік туындататын жағдайдың бірі – арнайы велотұрақтың болмауы. Ал, велосипедті көптеп пайдаланатын елдерде ондай арнайы тұрақтар қарастырылған. Дөңгелегіне құлып салып кетсеңіз, көтеріп кету ештеңе емес.
Десе де құқық қорғау органы мамандары велосипед ұрлығын сонша көп деуге болмайтынын айтады.
Салтанат АЗІРБЕК, Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
– Қазіргі уақытта бұл жағдай бақылауда тұр. Велосипед ұрлығы көбейді деп айтуға негіз жоқ. Әрине жеке жағдайлар бар. Мұндай қылмысты әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жасөспірімдер, бұрын ұрлық жасап сотталып шыққан азаматтар не тұратын мекен жайы жоқ қаңғыбастар жасайды.

Алайда, жәбірленушілер мұнымен келіспейді. Олардың айтуынша, көп жағдайда жәбірленушілер полицияға шағымданбайды екен. Өйткені, полициядан көмек боларына сенбейтін көрінеді. Олардың пайымдауынша, үлкен ұрлық болмаса, велосипедті арнайы іздей қоймайды.
Телеарнаға сұхбат берген қала тұрғыны Тимур Сандыбаевтың айтуына қарағанда, ол екі ай бұрын велосипедін ұрлатқан. Полицияға арыз да жазған. Бірақ нәтиже жоқ. «Велосипед сатамын» деген жарнамалардан өз велокөлігін тауып қалармын деген үмітпен интернетке кірген Тимур өзі сияқтылардың көп екеніне көз жеткізген.
Тимур САНДЫБАЕВ, қала тұрғыны:
– Өз велокөлігімді кезіктіріп қалармын деген үміт интернеттегі жарнамаларды ақтара бастадым. Сөйтсем мен сияқтылар көп екен. бірақ бірде-бір адамның жоғалтқан көлігін тапқаны жайлы мағлұмат жоқ.

Расымен де, Алматығы веложол салу тиімді ме?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста