Торғайды кім қорғайды?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бұқаралық ақпарат құралдарында талай сөз болған Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Торғай қаумалындағы 40-қа жуық көлдің жағдайына алаңдап отыр. Табиғат жанашырларының айтуынша, жергілікті кәсіпкерлердің қамқорлығына бөлініп берілген сулы-батпақты мекен мен «қасқырдың бағымындағы» қойдың халі ұқсас. Ерекше қорғалатын аймақта су реттегішінің болмауы салдарынан онсыз да құрғап бара жатқан көлдерге экологиядан бұрын пайданы көбірек ойлайтын кәсіпкерлердің нендей «игілік» жасап жатқанын ешкім білмейді.

Тарқатып айтайық. Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аумағында 296 мың гектарды алып жатқан Торғай мемлекеттік зоологиялық қаумалы (заказник) мен 765 545 га болатын Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан. Мемлекеттің айрықша қорғауына алынған қос аумақта сексеннен астам көл бар. Бақасы қойдай шулаған, балығы тайдай тулаған көлдер биологиялық саналуандығымен, экологиялық тұтастығымен құнды. Бұл – әрі балық өндірісі, әрі құс базары. Бірнеше жылдың жүзі болды, облыс әкімінің қаулысымен Торғай мемлекеттік зоологиялық қаумалындағы көлдерді қорғау өңірдегі түрлі кәсіпорындарға бөлініп берілді. Табиғи құндылықты көздің қарашығындай сақтап, қауіп-қатерден қорғау үшін. Өйткені заңды тұлға болып табылмайтындықтан, су қоймаларына иелік етіп, бұл қызметті өзі іске асыруға қаумалдың құқықтық жағынан мүмкіндігі келмеді. Алайда Ырғыз-Торғай мемлекеттік резерваты мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпкерлердің барлығы бірдей сулы-батпақты мекеннің биологиялық ерекшелігін сақтаумен айналысып отырған жоқ.

– Меніңше, жергілікті биліктің көлдерді кәсіпкерлердің қарауына бөліп беруі онша дұрыс іс емес. Себебі кәсіпкердің ойлайтыны – қалайда пайда табу. Олар қорғауға көңіл бөле бермейді. Мұны өзіміз байқап та жүрміз. Жазы-қысы көл маңы – қаптаған көлік. Көлдерде қанша балық өніп, қанша балық ауланып жатыр, оның есебін ешкім білмейді, яғни табиғатты қорғау ісіне кәсіби мамандар араласып жатқан жоқ. Кәсіпкерлердің немен шұғылданып жатқанын бақылауға біздің құқымыз тағы жоқ. 2004 жылы Балық шаруашылығы комитетінің Қазақстан аумағындағы өзен-суларда қытайлық ауларды пайдаланбау туралы өте дұрыс қаулысы шыққан болатын. Қазір осы талап та қадағаланып отыр деп айта алмаймын. Ал суға салынған қытай аулары бір жиналып алынбай қалса, неше жыл шірімей жатып, балықтардың жаппай қырылуына әкеп соғады. Су қоймаларының экологиялық ахуалын бұзады, – дейді табиғи резерват директоры Нұрқасым Сәрсенбайұлы.

Ерекше қорғалатын мекеннің бастығы көлдерді қорғауды резерват құзырына беретін құқықтық тетіктерді қарастыруды ұсынады. Бұл жағдай сулы-батпақты мекенді ғана емес, осы өңірді жайлайтын Бетпақдала киігін қорғау ісін жақсартуға да септігін тигізбек. Өйткені кәсіпкерлердің қарамағындағы көлдерге тынығуға келгендердің киікке қаскөйлік жасамайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Биыл жануарлар лақтай қоймаған ерте көктемде зоологтар Торғайдағы киік саны 45 500-дің үстінде деп кетті. Демек, қазіргі кезде дала еркесі 60 мың басқа көбеюі мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста