Тістің құны «Тойотаға» тең болып тұр

Бизнестің түрі көп. Солардың бірі – тіс бизнесі. Иә, кәдімгі қаді­рін қақсағанда білетін отыз екі тістің ауруы қазір қал­таңды қағады. Жағын ұстап, безектеп келген нау­қас­қа дәрігер пациент деп емес, ақша толы қапшық деп қарайтын заман туды. «Тісіңді уақытында күтімге ал» дейтін кеңес ескірді. Емдегеннен гөрі, жұлып тастауға бейім. Сосын салдыруға келгенде аспандағы айды сұрайды. «Бұған отандық стоматологияның іс жүзінде жекеменшікке өткені, сөйтіп, мемлекеттік бақылаудан кеткені себепкер» дейді сала мамандары.
Бизнес емей, немене, аузыңды ашқа­ның­ның өзі – ақша. Кеңес сұрасаң, 700 тең­ге­ден 3 мың теңгеге дейін төлейсің. Пломба салу – 5-15 мың теңге аралығы. Тісжегіні (кариес) емдеу құны – 1 мың тең­ге­ден 42 мың теңгеге дейін. Бір тісті жұлу бағасы – 3 мың теңге. Қарапайым сүйек тіс салдыру құны 13 мың теңгеден бас­та­лады. Бұл жерде стоматологияның имп­лан­тат, брекет орнату, тісті қызыл иектен қайта өсіру секілді жаңа әдістерін айтып отыр­ған жоқпыз. Олардың бағасы мүл­де шарықтап тұр. Егер аузыңызды толық «жөндеуден» өткізгіңіз келсе, ең кемі 1 млн теңге қалтаңызда тұруы тиіс.
Ақиқатына жүгінсек, астарына үңіл­сек, жағдай, шынымен де, күрделі. Елде 2 мыңға жуық жеке стоматологиялық каби­нет бар. Солардың 80 пайызы – үлкен шаһарларда. Ал Қазақстан халқының жар­тысы тұратын ауылда оның үлесі – 20-ақ пайыз. Ауылдағы ағайын тісі ауырса, бар ақшасын жинап, қалаға келеді. Кел­ген­де мұндағы пысы­қайлар ананы-мынаны айтып, қаржысын қағып алуға асығады.
Тіс емдеуші дәрігердің кәсіби білігі – өз алдына бөлек әңгіме. «Шетелден оқу бітірдім, сондықтан менің қолым жеңіл, бірақ қызметім қымбат» дейтіндер бар. Оған Құдайдай сеніп, қомақты ақшасын беріп, дертіне дерт жамағандар да жетер­лік. Өзі тұратын үйінің бір бөлмесінен каби­нет ашып, ескі-құсқы жабдықпен жұмыс істеп жүрген стоматологты талай мәр­те кез­дестірген боларсыз. Міне, осын­дай саны көп те, сапасы жоқ тіс емдеу ка­би­нет­терінен тез арада арылсақ, оның орнына маманы бар, жағдайы жақсы емханалар са­нын көбейтсек, дұрыс болар ма еді. Де­мек, стоматологияны мемлекет бақы­лауы­на қайтаруды ойластыратын уақыт жетті. Кеңес заманында бұл жүйе тиімді жұ­мыс істеді. Қаладағы, ауыл­дағы ағайын тісін тегін емдетіп, үйіне аман-есен ора­ла­тын.
«Бүгінгі таңда бәрін тегін қыл­ма­ғанмен, шұ­ғыл тіс жұлдыру, асқын­ғанда опе­рация жасату секілді кезек күттірмейтін іс-әрекеттердің мемлекеттік тапсырыс есе­бінен қар­жылан­ды­рыл­ғаны дұ­рыс» дейді сарап­шы­лар. Елбасының тап­сыр­масымен әзір­лен­ген «Сала­мат­ты Қазақ­­стан» бағ­дар­­ла­масының басты мақ­саты да – ел-жұрттың денсаулығын нығайту. «Ауру – астан» десек, асты шайнап жеп, ағзаға сіңіруге көмек­те­сетін тістің бүтіндігі де бұл жерде үлкен рөл ойнайды.
Салтанат ӘЖІҒАЛИЕВА, стоматолог-дәрігер:
– Ең көп тараған ауру түрі – тісжегі (кариес), одан кейін – тіс ұлпа­сының қабынуы (пульпит), тіс түбі­рінің қабынуы (периодонтит), қызыл иек тіндерінің қабынуы (парадонтоз). Бұл дерт жасқа да, егдеге де ортақ. Тіс түбіріне ірің түссе, сол іріңді түбірді дереу жұлып тастау керек. Әйтпесе іріңді ошақ жүрекке, бүйрекке әсер етіп, басқа дерттерді қоздырады. Ағза­ның қорғаныш қабілетін әлсіретеді. Тіс­жегінің өзі – созылмалы індеттің көзі. Тісжегіге ұшырағанда жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, құлақ, мұрын, асқазан-ішек жүйелерінің, эндокриндік жүйелер патологиясы және тағы басқа да сырқаттар күшейеді.

Отандық стоматологияда білікті маман даярлау мәселесі өткір тұр. Маман, негізі, жоқ емес, бар. Бірақ жоғары білімді тіс дәрігері ауылға сирек барады. Көбі күреп табыс табуға болатын қаланы қалайды. Мұны шешу үшін мемлекет тарапынан қол­дау шараларымен қатар, ауылдық жер­лер­де арнайы тіс емдеу орындарын да ашқан жөн. Қазіргі аудандық емханалардағы жал­ғыз тіс дәрігерінің мүмкіндігі шектеулі. 15-20 мың адамның қайсыбірін қарап үлгереді. Содан кейін екі тараптан да заңды реніш туады. Дәрігер шамадан тыс жүк­те­ме­ге қиналса, ауыл адамы алысқа ат сабыл­татынына наразы.
Ұлжан ЕРӘЛІҚЫЗЫ: ауыл тұрғыны:
– Тісіміз ауырса, баратын жеріміз жоқ. Тіпті шыдатпай бара жатырса, бұрын­ғы өзіміз үйренген анальгинді ішеміз. Жаңадан шыққан препа­рат­тар­ды да қолданамыз. Әрине, ауданда тісті емдейтін, жұлатын, салатын арнайы емдеу орны болғаны дұрыс-ақ. Сонда ауылдықтар қалаға сабылмай, осы жерден тістерін емдетер еді. Әрі қалаға барғандағы жол пұлымыз, пәтер шы­ғы­ны, тамаққа кететін ақша үнемделер еді.

Отыз екі тістің бүтіндігі денсаулыққа ғана емес, адамның жүйке жүйесіне де әсер етеді. Сонымен қатар тісіңіз әдемі әрі сау болмаса, жанұя құруда, жұмысқа орналасу кезінде қиындық туындауы мүмкін. «Тісжегісі көп немесе қисық тістері бар мектеп оқушылары осының кесірінен ыңғайсызданып, сабақ үлгерімі, өзін-өзі сыйлау сезімі төмендеп кетуі мүмкін», – деп отыр психологтер.
Ендеше, Қазақстандағы тіс емдету құны­ның аспандап тұрған бағасын түсіру қажет. Бағаны түсіру үшін өз елімізде стома­тологиялық материалдар өндірісін жолға қою шарт. Мәселен, Өскеменнен алынған өте сапалы имплантат жасайтын титан шетелде өңделіп, өзімізге жүз есе қымбаттап оралады екен. Басқасын айтпа­ған­да, көршілеріміз Қырғызстан мен Өзбек­станнан да қалып қойыппыз. Біздің шикізаттан тіске қажетті материалдар өндірісін жолға қойған олар бір оқпен екі қоянды атып отыр. Осы орайда, отандық стоматологияның өркендеуіне мүдделі тұлғалар әлі де ойланар деген ойдамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста