Тіл жанашыры

Тіл жанашыры

Елімізде білім сала­сына талап та, мадақ та артып келеді. Білім және ғылым министрлігі тарапынан ұстаз мәртебесін көтеру және ынталандыру шаралары сала қызметкерлеріне тың серпін беруде. Осы ретте жаңашыл­дыққа бетбұрыс, жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану білім сапасын арттырудың негізгі тетігі болып табылады. Әрине, бұған әдіскерлердің қосып отырған үлесі зор. Бұл ретте аймақтың білім әлемі кеңістігінде өзіндік шығармашылық ізденістерімен көпшілік­тің назарын аударып жүрген тәлімгер-ұстаз­дар аз емес. Соның бірі – Түркістан қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинеті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Үрімова Рахила Кенжебекқызы. Үнемі білім саласындағы жаңашылдық­тың көш басында жүретін әрі тіл жанашыры, мейірімді ана Рахила Кенжебекқызы туралы аз-кем тоқталғанды жөн көрдім.

Қазақ халқында балалардың тілін сындыру, сауат ашу, шешен сөйлеуге баулу әдістемелерінің ұлттық дәстүрі ежелден болған. Алайда ғылыми тұрғыда әдістеме тарихы Ы.Алтынсарин еңбектерінен бастау алып, кейін ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынов осы дәстүрді тереңдетіп, әдістемелік кітаптар жазды. Осы кезеңнен бастап қазақ әдістемесі жан-жақты дамып, сан салалы зерттеулерге ұласты.
«Мұғалім – білімнің бағбаны» болға­ны­мен, сол білімнің нұрын оқушы бойына дарыту үшін оның жолын, әдісін, яғни кілтін таба білуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда әдістемені меңгерген ұстаз білімнің шыңын бағындырған ұстаз деп бағаланады. Осы ретте Рахила Кенжебекқызын ұстаздың ұстазы десек, артық айтқандық емес. Оның әр ісінен шығармашылықты, жоғары педа­го­гикалық білік пен ізденімпаздықты көре аласың.
Жасыратыны жоқ, қазір халқымыз ғылы­ми-техникалық дамудың шарықтап тұрған кезеңі – компьютер дәуірінде өмір сүріп жатса да, бір нәрсе жетіспейді.  Ол – рухани азық. Ал рухани азықтың қайнар бұлағы халықтық тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, Отанды сүю, соған адал қызмет ету екендігін ескерсек, бұл ретте оқушыларға жан-жақты білім, тәрбие беруде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Осы тұрғыдан алғанда қала мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті саласына бағыт-бағдар беріп, жаңашылдықты насихаттап жүрген, филология ғылымының кандида­ты  Рахила Кенжебекқызы тіл саласында тынымсыз еңбек етіп жүрген ұйымдастыру­шылар мен сынып жетекшілерінің ақыл­шы­сы, тірегі деуге болады. Қандай жағ­дай­да да жүзінен мейірім шуағы төгілген, әріптестеріне құрметпен қарап, жұмысты талап ете білетін әдіскер ұстаздың еңбегі қала мектептерінің тіл саласы бойынша қол жеткізген жетістіктерінен көрінуде. Қазіргі таңда қаладағы барлық білім ұйым­дарында ісқағаздар мемлекеттік тіл­де жүргізіледі. Құжаттардың сауатты жүр­гізілуін жүзеге асыру мақсатында білім ұйымдарында қызмет атқаратын іс жүр­гізу­ші мамандар қала әкімдігі жанынан ашылған Оқу орталығындағы қазақ тілін үйрену курстарында кезең-кезеңімен оқытылуда. Бұған дейін білім ұйымдарын­да тілші мамандардың ұйымдастыруымен қазақ тілін үйренемін деушілер үшін ақысыз курстар жүргізілген болатын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті Жолдауында «2020 жылға қарай мемле­кеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға жететін болады» деп атап көр­сеткен еді. Осы ретте Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты қазіргі таңда 73 мектеп жас ұрпаққа сапалы білім берсе, оның ішінде 37-сі таза қазақ тілінде, 11-і та­за өзбек тілінде, 25-і аралас тілде оқы­тылады. Осы деректердің өзі киелі Түркіс­тан шаһарында қазақ ұлтынан басқа да ұлт пен ұлыстардың тең дәрежеде білім алып жатқандығын айғақтайды. Аралас тілді мектептер қазақ, орыс, өзбек тілдерінде білім береді. Оның үстіне, өзбек сыныпта­рында оқушылардың қазақ тілі пәнін игеру­ге деген қызығушылық және өзбек тілінің қазақ тіліне туыстас екендігі ескеріле отырып, 2010 жылдан бері өзбек сынып­тары 5-11 сыныптар аралығында қазақ тілі пәнін қазақ мектебі бағдарла­масымен оқып келеді. Бұл тәжірибе екі-үш жыл көлемінде сынақтан өткізіліп, нәтиже­сінде өзбек ұлты балаларының қазақ мек­те­бі бағдарламасымен оқытылуының оң нәтиже беретіндігін көрсетті. Бұған дәлел – соңғы үш жыл көлемінде өзбек сыныбы­ның оқушылары облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар­ды иеленіп келеді. Өткен оқу жылы Респуб­ликалық олимпиадада қазақ тілі пәнінен екі оқушы екінші, үшінші орындарды, рес­пу­бликалық «Жарқын болашақ» олимпиа­дасында үш оқушы да І орынды иеленіп, екі оқушы ЖОО – ның грантын жеңіп алды. Тіпті өзбек сыныбын бітірген түлектердің алды қазіргі кезде қалада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беруде. Сонымен қатар оқушылардың тілге деген құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан Абай, Махамбет, Жансүгіров оқулары да қаламызда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл сайыста да оқушыла­рымыз жүлдеден құр қалған емес.
Айта кетейік, 2011 жылы ҰБТ қорытын­дысы бойынша қазақ тілі пәнінен қала көр­сеткіші 19,05 балды көрсетсе, былтыр­ғы көрсеткішіміз 18,5 балмен облыста бірінші орынға тұрақтады. Биылғы ҰБТ қорытындысы қазақ тілінен – 19,56 балл, қазақ әдебиетінен 18,09 балл болды. Осын­дай көрсеткіштің нәтижесінде қала­мыздың қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайын­дау тәжірибесі облыс мамандарының на­за­рына ілігіп, тәжірибеміз облыс көлемінде таратылды.
Мұның бәрін неге айтып отырмыз? Өз ісіне берілген білікті әдіскер Рахила Үрі­мова осындай игі бастамалардың бәрінің басы-қасында ұйымдастырып жүрді. Маңдай терін төгіп, жемісті еңбек етті. Әдіс­кер өз жұмысын ғылыми негізде тео­рия­лық тұрғыда сауатты жүргізе біліп, онда тәжірибеде жүйелілік, бірізділік қалып­тасып, нәтижесі табысты болды. Ра­хи­ла Кенжебекқызы жеке басының емес, әрқашан педагогтің жағдайын ойлап, жаңа талапқа сай технологияны тез мең­геріп, оны оқу-тәрбие үрдісінде шебер қолдана білуге үйретті. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан, педагогтермен тікелей тынымсыз жұмыс істей білді. Қалай десек те, «шәкіртке ұстаз болу – ірілік, ал ұстазға ұстаз болу – ұлы­лық» деп ата-бабаларымыз тегін айтпаған. Сондықтан ұстаздардың ұстазы атанған, ұстаздықтан өз бақытын тапқан асыл жан Рахила Кенжебекқызына айтар алғысымыз шексіз.
Сөз соңында айтарым, соңғы жылдары оқу-ағарту ісінде талай өзгерістер болды. Әрине, оның бәрі – заман ағымы, уақыт тала­бы. Дегенмен оларды тың бастамасы­мен қолдайтын, оны жүзеге асыратын Рахила Кенжебекқызы сынды майталман мамандардың еңбегінсіз істеу мүмкін емес. Талантты тәлімгер, білікті ұстаздан жа­ңа­лықтар мен шығармашылық табыс­тарды күтеміз.
Ұлдана БАЙЖАНОВА, №18 Ж.Едiлбаев атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Түркістан қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста