Техника тілі қазаққа жат па?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Қазiр жер-жаһанда техника саласы қарыштап дамып тұр. Кезiнде арман болған көптеген жайлар бүгiнгi күнi ешкiмге таңсық емес. Алғашқы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин екi ғасырға жуық уақыт бұрын өнер-бiлiм бар жұрттың өрiсi кең екенiн тiлге тиек еткен едi. Айшылық алыс жолдан жылдам хабар алғызуға осы уақытта ешкiм таңғалмайды. Жаһандық желiнiң тетiгiн бассаңыз жетiп жатыр. Қалағаның заматында алақаныңда тұрады. Бiлiмге ден қойған жұрт жетi қат көкке жол салып алды. Бүгiнгi таңда ғарышқа барып-қайту ұшаққа мiнгенмен тең. Осындай жаңа заманғы технологияға көз салып отырмыз. Оған таңданыспен қарайтынымыз тағы да рас. Қазiргi уақытта Қазақстанда инновациялық жобаларға маңыз берiлуде. Яғни, жаңашыл идеяларға мемлекет тарапынан қолдау жасалады. Ал оны iске асыруға қаншалықты шамамыз келедi? Көпшiлiктiң көңiлiнде жүрген сауалдың бiрi осыған саяды. Алайда әлi де кем-кетiгiмiз жоқ емес. Еңсемiздi тiктегiмiз келсе, сол жобаны жүзеге асыруға белсене кiрiсуiмiз қажет емес пе?
Жылма-жыл ұлттық бiрыңғай тестiлеу болады. Бұл – елiмiздегi бiлiм деңгейiнiң бiр өлшеуiшi. Шәкiрт он бiр жылда қандай бiлiм алды? Сонда барлығы айқын көрiнедi. Шындығын айтайық, бiздегi мектеп түлектерiнiң техникалық пәндерден алған бiлiмi өз деңгейiнде емес. Көбiсi әдебиет пен тарихты шемiшкеше шағады. Ал физика, математика мен химияға келгенде көбiсi тосылып қалады. Осы пәндерден түлектердiң жинаған баллы 10-15 ұпайдан аспайды. Тестiлеуге енген пәндердiң әрқайсысынан 30 балл берiледi. Нәтижеге қарасаңыз, ойланып қаласыз амалсыз.
Соңғы жылдары елiмiзде техникалық мамандықтарға сұраныс артып тұр. Осыған орай оларға мемлекет тарапынан бөлiнетiн грант артты. Жылма-жыл 110 мыңнан астам грант техникалық мамандық түрлерiне бөлiнеді. Дегенмен оған барып жатқан өрендер саны қаншаны құрайды? Мәселен, қазiргi күнi ақпараттық технология мен электроника бойынша инженерлер саусақпен санарлық. Ал ғарыш саласын айтпай-ақ қоялық. Атап айтқанда, астрофизик астроном сынды кәсiптi игерген жастар жоқтың қасы. Сондай-ақ, елiмiз картограф, геодезист мамандықтарға зәру. Айналып келгенде, олардың барлығы мектепте техникалық пәндердi оқыту жәйiн аңғартады. Тоқсаныншы жылдарға дейiн оқушылардың физика, математика мен химияға қызығушылығы жоғары едi. Қай салада болмасын, қазақ баласы кездесетiн. Елiмiздегi қазба байлықты табуға үлкен күш жұмсаған Қаныш Сәтпаев ағамыздың өзi неге тұрады? Одан өзге де талай мықты арыстарымыз шықты. Қазiр сондай деңгейге жету құр арманға айналып тұр.
Елiмiз тәуелсiздiк алған сәтте алға жүретiн жолды таңдайтын уақыт туды. Сол шақта техникалық мамандыққа сұраныс артты. Алайда кейбiр сала бойынша кәсiп иелерi жоқ екенi көзге көрiнiп тұрды. Сондықтан оларға шетелден инвесторлар тартылды. Өйткенi, өркениеттi елдерде оған ерекше мән берiлiп отыр. Шап-шағын аралда қоныс тепкен Жапонияны алайықшы. Қазiр бұл елдiң әлемде беделi зор. Аталмыш елде техниканың жетi атасы жасалады. Қызығы, жапон жерiнде түрлi қазба байлық өте аз. Күншығыс елiнiң өкiлдерi ақыл-ойдың жемiсiн жеп отыр. Ғалымдар төрткүл дүниеге таңсық талай техниканы ойлап табады. Оңтүстiк Корея да олардан қалыс қала қоймайды. Құдай қосқан көршiмiз Қытай да алдыңғы орыннан көрiнуге талпынып жүр. Еуропа елдерiнде де осындай серпiлiс байқалып тұрады. Өкiнiштiсi, қазақ елiндегi ғалымдар ойлап тапқан әлi күнге дейiн әлемдiк аренаға шыға қойған жоқ. Бiз өзге елде жасалған техниканы тұтынудан ќрiге аса алмай жүрген жайымыз бар. Арыға бармай-ақ қоялық, автокөлiк жөнiнен Қазақстанның төл өнiмi бар ма? Жүк немесе жеңiл көлiк болсын, сырттан тасымалдап жүрмiз. Бiр сөзбен айтқанда, бiзде бұл сала бойынша олқы соғып тұрған тұстарымыз жетерлiк.
Қазiр әрбiр қазақ үйiндегi өренiн жоғары оқу орнына алып баруға құштар. Оған ешбiр дауымыз жоқ. Алайда күнi ертең ол мамандық бойынша екi қолға бiр кќсiп табыла қоя ма? Алдымен осы жағын ойланып алғаны артық емес. Ағайындар баласына бухгалтер мамандығын алып беруге құштар. Одан да басқасына құжат тапсырып жүрген жас өрендер көптеп кездеседi. Қысқасы, олар әупiрiмдеп диплом алады. Одан кейiн жұмыс таба алмай қиналады.
Жаһандану заманында әрбiр ел ғылым мен техниканың дамуы арқылы мақтана алады. Соның нәтижесiнде абыройы биiктейдi. Қазақстан жетпiс жыл бойы шикiзат елi болып келдi. Сол олқылық күнi бүгiнге дейiн жалғасуда. Бiздiң елiмiзде Менделеев кестесiндегi барлық элементтер бар деп кеуде соғамыз. Одан өзге жұртты мойындатқан қандай өнiм шығарып отырмыз? Уақытында елiмiзде iрi зауыттар жұмыс жасады. Ондағы мамандар өз елдерiне кеткенде тағы да қиналып қалдық. Қазiр сондай өндiрiс орындары жоқтың қасы. Қазiр жаңашыл идеяларға жол ашылып отыр. Бұл – бiздiң келешегiмiз. Сондықтан бұл бағытта нақты жоспардың жасалғаны артық емес. Жас өрендердi техникалық мамандықтарға баулу күнi ертең өз жемiсiн бередi. Оны ақыл-ойдың жемiсi арқылы өркениеттi өмiрге жетiп отырған елдердiң тiршiлiгi көрсетiп отыр.
Осындай проблема Сыр өңірінде де бар. Облыста барлығы 13 кәсіптік мектеп бар. Онда шәкірттер 25 мамандық бойынша тәлім алады. Әр маманға жылына 112 мың теңге шамасында шығын жұмсалады. Әрине, осының өзі мемлекетке аз шығын емес. Оның өтеуі де қайтуы қажет емес пе? Алайда кәсіптік мектепте білім алғандар толықтай екі қолға бір күрек тауып кете қоймайды. Олардың үштен бір бөлігі ғана өз мамандығы бо-йынша жұмыс істейді. Бұл да бүгінгі күн¬нің басты проблемасына айнала бастады. Айталық, Арал, Қазалы, Сырдария аудан¬дарындағы кәсіптік мектептерде бі¬лім алғандардың небәрі 40 пайызға жуы¬ғы ғана еңбекпен қамтылған. Осыған қа¬рай отырып, қаншама қаржының желге ұш¬қа¬нын бағамдау қиынға соға қоймас.
Шындығын айту керек, көптеген кәсіп¬тік білім ошақтарындағы материалдық-техникалық база бүгінгі заман талабына сай келмейді. Ұстаздар көнеден қалған жабдықтарды жамап-жасқап пайдалануға мәжбүр. Қазір көптеген өндіріс орындарындағы жабдықтар шетелден жеткізіледі. Аталмыш құралдардың тілін түсіне қоятын мамандар жоқтың қасы. Сондықтан оның тілін білетін жандар өзге жақтан шақырылады. Айналып келгенде, кәсіптік мектепте білім алған жастар ондай кәсіпке қолын жеткізе алмайды.
Расын айту керек, кезінде кәсіп беретін мектептердің қоғамдағы ықпалы зор болды. Бұл білім ошақтарында ауылдық жерлерге қажетті мамандар оқытылды. Олардың арасында тракторшы, комбайншы, слесарь, токарь, тігінші және өзге де кәсіп иелері бар еді. Осы күндері аталған мамандық иелерінің көбі 90-жылдарға дейін кәсіптік мектепте білім алғандар екені бесенеден белгілі. Қазір ауылдағы егістік алқабында егін орып жүрген комбайн кабинасынан елуді еңсер¬ген немесе алпысты алқымдаған аға¬ларды ғана аңғарасың. Өрімдей жастар бұл кәсіп түрлеріне ешқандай қызық¬пайтын секілді. Өйткені олардың көбі «нанымды қаладан табайын» деген ниет¬пен үлкен шаһарларға бет түзейді. Алай¬да екі қолға бір кәсіп табыла қойса жақсы ғой. Болмаса еріккеннен арақ ішіп, түрлі жат қылықтарға бой алдырып жүргендер қаншама.
Сондай-ақ, қазіргі таңда облыс басшылығының қолдауымен жергілікті жастарды техникалық мамандықтарға баулуға мән беріле бастады. Бүгінгі күнге дейін негізінен аграрлық өндіріске арқа сүйеп келген аймақ алдағы уақыттың бедерінде өндірісі өрістеген өңірлердің қатарына қосылады деген үміт бар. Өйткені, Сыр топырағында Менделеев кестесінде жазылған химиялық элементтердің біршама бөлігі табылады. Ал оны игеруге келгенде сырттан мамандар шақыруға мәжбүр болып отыр. Ендігі кезекте мұндай мұқтаждыққа жол бермей, оларға қажетті мамандарды дайындау мәселесіне көңіл бөлгеніміз орынды болады. Облыс басшылығының бастамасымен өткен жылы қызылордалық 200-ден астам жас Мәскеудегі металлургтер дайындайтын жоғары оқу орындарына аттанып кетті. Олардың қатарына биыл тағы да сол шамалас өрендер қосылмақ. Күні ертең олар туған жерге оралып, аймақ экономикасын дамытуға өз үлесін қосады деген үміт бар. Осындай олқылықтарды болдырмас үшін облыс басшылығының қолдауымен жергілікті Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде металлургия саласына қажетті 5 мамандық бойынша студенттер қабылданады. Сондай-ақ, өңір басшылығы Мәскеу болат және қорытпа институтына дарынды балаларды іріктеуге көңіл бөледі. Былтыр аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өте қажетті мамандыққа жастарды дайындау үшін облыс әкімінің 123 гранты бөлінген еді. Олардың саны биыл 177-ге артты. Қызылорда облысында экономист, қаржыгер, заңгер, мейірбике және бастауыш сынып мұғалімдерінің артығымен даярланғаны белгілі боп отыр. Ал оның орнына бізге геолог, геодезист, картограф, фермер, лаборант, тракторшы, ветеринар, агроном, гидромелиораторлар керек. Құзырлы орындардың дерек көзіне сүйенсек, олардың санын дәл қазір нақты айту мүмкін емес. Себебі, өңірде өндіріс саласы енді-енді қанат жайып келеді. Қазірдің өзінде іргесін көтерген өндіріс орындарына 1000-нан астам мамандар қажет етіліп отырған жайы бар.
Ауыл қазағы алдымен қалтасына сенеді. «Балам жоғары оқу орнының нән дипломын қалтаға салса несі бар?» дейді. Тіпті ағайын-туыстың баласынан кем болмағанын қалап, оқу-білімге ықыласы жоқ өренін қолынан жетектеп жүргендер де кездесіп қалады. Мемлекеттің көмегі¬мен білім алатын оқуға қол жеткізе алмаса, ақы төлеуге де құлықты болады. Жарайды, бәрі дұрыс делік. Ал техникалық мамандықтарға деген зор сұранысқа селсоқ қарауға болмас. Осы мәселені жүйелей алмасақ, амалсыздан осындай қадамға бармаудың басқа жолы бар ма?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста