Тері қабылдау орындары қатерлі індеттің ошағы емес пе?

Тері қабылдау орындары қатерлі індеттің ошағы емес пе?

Бұрындары бақалшы дегендерің ауыл-ауылды аралап, тері-терсек жинайтын. Олардың бүгінгі ізбасарлары алыстағы ауылдарды аралауды ауырсынатын болуы керек, қаланың қақ ортасынан ойып тұрып орын алып, «Тері алам» деген тақтайшасын іліп, шырт түкіріп, май шайнап жүр. Мыс-мыс ақша өз аяғымен келіп жатыр. Мұндай тақтайшаларды қаланың кез келген түкпірінен көруге болады. Әрі онымен айналысатындардың басым бөлігі – Түркиядан, Ираннан қоныс аударған оралман ағайындар. Айтуларынша, мұнда аз-маз пұлға саудалаған терілерін Түркияға аттандырады.
Елімізде тері өңдейтін, оны кәдеге жара­татын өндіріс орны жоқтың қасы екені белгілі. Есесіне, теңіз кесіп, тау асып кеткен терілеріміз, сырт киім, аяқкиім болып қайтып өзімізге келеді. Әрине, арзан емес, ондаған, тіпті жүздеген есе бағасына. Бү­гінде осы тері саудасының көрігі қызып тұр. Онымен қоса, тағы да бір қауіптің басы қылтияды. Биыл таулы өңірлерде қасқыр атаулы ауыл-ауылға шауып, мазаны алып тұр. Тіпті олар тісіне басатын төрт тұяқты қалмаған соң, ауылға келіп, қоралы қойға шауып, жегенін жеп, жеме­генін тамақтап кетіп жатыр. Сонау 90- жылдардағы қиын кезеңде зообақтағы қасқыр атаулыға жейтін тамақ тауып бере алмаған соң, тікұшақпен тауға апарып тастапты дейтін «аңыз» тараған. Бүгінде азулы арландар тіптен көбейіп кетті. Үйір-үйірімен жүріп, таудың түкпіріндегі ауыл­дарды торуылдайтын болған. Оларға қарсы іс-әрекет байқалмайды. Бұрын қас­қыр атқандарға сыйақы берілетін. Бүгінде ол да жоқ. Осы түз тағыларымен бірге тағы бір қиын мәселе туындап отыр. Былтыр облыста құтыру дертін жұқтырған он шақты үй жануары анықталды. Дер кезінде олардың көзі жойылды. Дегенмен бүгінде осы түз тағыларымен бірге құтыру дертінің ілесіп келмесіне ешкім де кепілдік бере алмайды. Қорасындағы төрт түлігіне қарап отырған ауылдағы ағайын оны қасқыр тартып кетіп жатқан жағдайда етін аз да болса ақша болсын деп, шұжық цехтарына өткізбесіне кім кепіл? Оның үстіне олардың терілерін сыпырып, бақалшыларға өт­кізеді. Осы тері қабылдайтын орындар қатерлі ошақ болуы әбден мүмкін ғой. Құтыру дертінің көзі болмаған күннің өзінде де мал ауруларының түр-түрін таратуы да ғажап емес. Оңтүстік құтыру дертінің нағыз қауіпті ошағына жататыны белгілі. Алайда алдын алу шаралары кейін кетіп тұр. Оған бір-біріне қарама-қайшы заң талаптары да өз үлесін «қосуда»...
Шымкент қаласындағы жоғарғы базар маңы тері қабылдайтын орталық іспетті. Мұндағылардың саудасы қыз-қыз қайнап жатыр. Алдияров көшесінің бойындағы 30-ға жуық нүкте күндіз-түні бір тынбай қызмет етеді. Ұсақ қойлардың терісін 200-ден 600 теңгеге дейін, жылқыныкін 4 мың теңгеге дейін қабылдайды. Алайда мұн­дағы саудагерлерді өздерінің де, өзге­лердің де бас амандығы қызықтырмайды. Жаңадан сойылған малдың терісін қол­ғапсыз қолмен тексеріп көреді. Ол мал ауру ма, ауру емес пе, анықтамасы бар ма, жоқ па оған мән беріп жатқан жан жоқ. Тек арзандау алып, қымбатына өткізіп, шытыр­латып тұрып теңге санап алса болғаны. Ең сорақысы, құзырлы органдар олардың қызметіне тексеріс те жүргізе алмайды. Өйткені заңды қалқа етеді. Ол кәсіпкердің құқына қол сұғып, заңсыз тексерген болып есептеледі. Бір ғана мүмкіндік бар. Ол – қауіпті ауру шыққан жағдайда ғана. Сонда бүкіл айналасына жұқпалы дертті жұқ­тырғанда ғана қимылдау керек пе? «Жау кеткен соң қылышты тасқа шап­қанның» пайдасы бар ма өзі? Қаланың қақ орта­сындағы қауіпті көшедегі сауда нүктелерін жабуға да, тіпті оларды қаланың шетіне «айдап салуға» да ешқандай мекеменің құзыреті жетер емес.
Бағлан ӘБДІҚАЕВ, аумақтық ветеринария бөлімінің маманы:
– Біз оларды тексере алмаймыз. Егер тексерсек, кәсіпкерлік туралы заңды бұзған болып есептелеміз. Ол жерді бұрыннан СЭС те, учаскелік полицейлер де тексеріп, жеңе алмаған. Сотқа да берген жабылсын деп. Алайда ешкімнің де тісі батпай отыр. Беймарал жұмысын жалғастыра береді.

Еңбекші ауданының әкімдігі айналадағы адамдардың бас амандығына алаңдап, ветеринарлық инспекцияға хат жолдап, өткен жылдың қазан айында осы көшеге инспекция мамандарын жіберген. Тексеру нәтижесінде алты үйге 52 мыңнан айыппұл салыныпты. Алайда айылын жиған олар жоқ. Мыңдаған табыстың қасында бұл түк те емес көрінеді. Ертесіне тағы да саудасын жалғастыра береді. Еңбекші ауданы әкімдігінің мамандары «Мұндай жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ко­декстің 330-бабы бойынша қосымша бір мезеттік айыппұл салады. Екінші мәрте қайталаса, айыппұл көлемі өседі» деп отыр. Алайда айыппұлдан аяғын тартар олар жоқ. Тері саудасының көрігін қыз­дырып отырған көшедегі көп саудагерлерге «киіз қазықты жерге кіргізетін мықты тоқпақ» табылмай отыр. Мың сан сылтау. Бәрінің де бетперде қылатыны – «Кәсіп­керлік туралы заң». Тіпті малдың аурудан аман екенін айғақтайтын анықтама талап ету туралы да құзырлы мекемелер талапты енгізе алмай отыр. Осылайша бір-біріне кереғар заң талаптарының салдарынан осындай қауіптің алдын ала алмай отыр­мыз...
Базар маңы болғандықтан мұнда келушілер де көп. Әсіресе осында тандыр нан, самса пісіріп сататындар да жетерлік. Тамақтану орындары да баршылық. Нағыз қауіп-қатердің қайнаған ортасында осылайша қауіпті індеттің ошағы отын көсеп отыр...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста