Теңдесі жоқ жәдігер табылды

Теңдесі жоқ жәдігер табылды

Ұлт руханияты үшін биылғы жылдың басты жаңалығы Түркістанда орын алды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде әулие бабамыздың қабіріне жабылған арнайы жапқыш табылып, бүгінде оны қалпына келтіру жұмыстары басталып та кетті. Осынау нысан басында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан ғалымдардың айтуына қарағанда, қабіржапқыш ортағасырлық қолданбалы өнердің озық туындысы болып табылады екен.
Бұл тұста «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» мемлекеттік мекемесінің еткен еңбегін атап өткен жөн. Аталмыш мекеме ұжымы соңғы 4-5 жыл көлемінде үлкен-үлкен рухани сілкіністер жасады. Атап айтқанда, бұрын көпшілікке белгісіз болып келген Қожа Ахмет Ясауи бабамызға қатысты құнды деректер мен тарихи ескерткіштер бүгінде мұражай жәдігерлерінің қатарын толтыруда.
Осынау жәдігерлердің соңғысы, яғни қабіржапқыш жасыл түсті барқыттан және түйе жүн матаның бірнеше бөліктерінен құралған. Бетіне былғарыдан және жібек матадан жапсырма өрнектер салынған. Өрнектердің бетіне араб жазулары түсі­ріліпті. Қабіржапқыштың бүгінге жеткен көлемі 318x210 см, ал «о бастағы көлемі 360x260 см болғанға ұқсайды» дейді зерттеушілер.
Қабіржапқыш жайында біздің уақытқа жеткен деректер аса көп емес. Оны әулие бабамыздың қабіріне кімнің әкеліп жапқаны да беймәлім. Нақты белгілісі – жәдігердің 700 жылдық тарихы бар және оны бабаның басына әкелген Өзбекәлі Жәнібековтің өзі екен. Алғашында, яғни 1946 жылы Алматы қаласының Орталық мұра­жайына белгісіз біреу келіп, қабір­жапқышты 25 рубльге сатып кеткен. Алай­да жәдігер өте көне болғандықтан, мұра­жай қызметкерлері біраз уақыттан кейін оны есептен шығарылатын дүниелер­дің қатарына жатқызыпты. Сол кезде Қожа Ахмет Ясауи кесенесін мұражайландыру үшін жәдігерлер жинап жүрген Өзағаң жап­қышты көріп, оны кесенеге әкеліп тап­сырған екен.
Бүгінгі таңда қабіржапқышты қалпына келтіру жұмысымен ҚР Суретшілер ода­ғының мүшесі Айжан Әбдубаитова айналысуда. Белгілі зергер осынау дүниені бүкіләлемдік руханият саласындағы сенсацияға балап отыр. Маманның ай­туын­а қарағанда, қабіржапқыштың қан­дай әдіспен тоқылғаны бүгінгі ғылымға бел­гісіз. Оның құпиясы жақын арада ашы­ла қояды деуге де ешкімнің батылы бар­майды. Бұл кәдімгі тұтас кесененің өзі секілді, Тайқазан, ондағы қола шырағ­дандар, Лауха сияқты қайталанбас құнды туын­ды. «Шебер осы туындысына бүкіл ғұ­мырын арнаған болуы да мүмкін» дейді ға­лымдар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста