Таудағы көлдер қашан зерттеледі?!

Былтыр жазда алматылық­тар арасында біраз әңгіме болған таудағы мұзды көлдің тасуы жайлы қауесеттің биыл да басылмайтын түрі бар. Мәншүк Мәметова есімі беріл­ген мұздық түбіндегі қорым­тасты көлдің қаупін тағы да белгілі сарапшы, географ ғалым Борис Степанов көпшіліктің есіне салып отыр. Осы кезге дейін төтенше жағ­дайларға жауапты мамандар оны көл деңгейінің төмендеп келе жатқанын айтып сабасына түсіруге әрекеттенсе, енді ғалым көл суының азаюынан да алматылықтарға қауіп төнуі мүмкін екенін болжайды.
Жорамалдарынан жұрт үркетін профессор Борис Сергеевич біршама уақыт жұмыссыз қалғандықтан, оны әрең іздеп таптық. География ғылымының докторы бізге алдымен өзінің сөзін кейбір республикалық газеттердің зорайтып жазатынын айтты. Бірақ ғалым соңғы уақытта көл суының азаюынан қауіптену керектігін жасырмайды. Оның айтуынша, биіктегі судың қайда және қалай ағып кетіп жат­қаны зерттеуді қажет етеді. «Қазіргі мезгілде көл қауіп төндіріп тұрған жоқ. Бірақ мұздықтар ери бастаса және көл суы толса, қауіп күшеюі мүмкін. Мәселен, жаздың аптабында мұздықтар міндетті түрде ериді. Қыс бойы көл түгелдей судан босады. Бұл – көл суы қорымтасқа немесе бір арыққа сүзіліп жатыр деген сөз, сүзілу процесі қалай жүзеге асатыны әзірше белгісіз, мұны зерттеу керек», – дейді ғалым. Былтыр Мәншүк Мәметова мұздығы тү­біндегі көлдің табиғатын жан-жақты зерт­теу Білім және ғылым министрлігінің Гео­графия институтына тапсырылған болатын. Институт мамандары мұзды көлге қатысты дәл қазір алаңдауға негіз жоқ екенін айтады, дегенмен Степановтың бір жорамалының ықтималдығын мойындайды.
Ахметқал МЕДЕУ, ҚР Білім және ғылым министрлігі География институтының директоры, география ғылымының докторы:
– Қыстыгүні біздің мамандар тауға екі рет көтеріліп, №6 көлдің деңгейін қарады. Оның деңгейі әжептәуір төмен түскен екен. Көл суының табиғаты сондай, егер қыс­тыгүні онда қосымша су келмесе, судың астындағы «таликовая зонадан», яғни жібіген тоң аймағынан су төмен қарай ақырындап аға береді. Біздің мамандар қыста су бетіндегі мұзды бұрғылап, температурасын өлшеді, деңгейін анықтады, әйтеуір, белгілі болғаны – көлдің деңгейі ақы­рын-ақырын төмендеп жатыр. Бірақ Степановтың бір сөзінің жаны бар – ондағы судың төмендеуінен де бір қа­уіп болуы мүмкін: ол – төмен қарай құлдилаған су жер астынан құ­быр сияқты арналы жол салып кетеді, сондай құбырлар белгілі бір кездері бітеліп қалуы мүмкін, сондай жағдай­да көлдің деңгейі бірден көтері­леді. Бірақ дәл қазіргі уақытта біз ондай жағ­дайды байқап отырған жоқпыз. Бұл аймақта «Қазселденқорғау» ме­ке­ме­сінің тұрақтары жұмыс істейді, біздің мамандар да көлге ғылыми шараларды атқарып жатыр. Әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет, әрине. Табиғаттың құпиясын білу өте қиын.
Төтенше жағдайлар қызметі маман­да­рының қолындағы мәліметке қара­ған­да, теңіз деңгейінен 3600 м биіктікте­гі көл­дің көлемі 200 мың текше метр­ден асад­ы. Бірақ мұздық түбіндегі көл суы­ның деңгейі мен таудағы ауа тем­пера­турасының ауыт­қуына байланысты оның батимет­риялық өлшемдері де бірнеше мәрте өзгеріп отырады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Стратегиялық жоспарлау, ақпараттық-сарап­тамалық жұмыс, ғылым және жаңа технологиялар департаменті маман­дарының айтуынша, Алматы маңындағы тау мұздықтары мен қорымтасты көлдердің деңгейі «Қазселденқорғау» мекемесінің мониторингі және аэровизуалды түсірілім­дер негізінде тұрақты түрде бақыланып, қажет болғанда, инженерлік жұмыстар ұйымдастырылып отыр.
Мамандардың сөзіне қарағанда, көлден сел жүре қал­ғанның өзінде оның суын қала аума­ғына жібермей, Кіші Алматы бассейнінің шат­қалдарына немесе Мыңжылқы, Медеу плотиналарына жи­науға мүмкіндік бар. Дегенмен Іле Алатауы жоталарының сейсмикалық жағынан тұрақсыз аймақ екені белгілі. Алматы болжау полигоны аумағында соңғы кездері қуаты төмен жер сілкіністері жиілеп отыр. Жуырда тау бөктерлерінде беймәлім жырықтар да пайда болды. Мұндай жағдай мұздық көлге де әсер етіп, оның қаупін арттыруы мүмкін. Бірақ осы сияқты талай сұраққа жауап жоқ: мамандар көл табиғатының терең зерттелмей келе жатқанын алға тартып, тұрақты түрде жүргізіліп отырған бақылаудың үрей туғызбайтын нәтиже­лерімен сабырға шақырады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста