Таразда жаңа үйге кіргендер жанын шүберекке түйіп отыр

Таразда жаңа үйге кіргендер жанын шүберекке түйіп отыр

Таразда 15-ықшамауданның тұрғындары шу шығарды. Олардың айтуынша, ондағы жаңадан тұрғызылған көпқабатты үйлердің іргетасы ажырап, құлаудың алдында тұр. Ғимарат жертөлесіндегі қабырғалар қақ айырылып, орталары ажырап барады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ

 

Әкімдіктегілердің айтуынша, бұл — еліміздегі ең үлкен ықшамаудандардың бірі. Жалпы аумағы 360 гектар болады. Жаңадан бой көтерген бұл ауданға жуырда "Ұлы дала" атауын беру ұсынылған болатын. Алайда тұрғындар мұндай шешім қабылданса, күлкіге қаламыз деп отыр. Себебі, мұндағы көп үйдің сапасы өте нашар көрінеді. Мәселен, 992ші нөмірлі үйдің асты ажырап, құлағалы тұр. Іргетасында жарықтар пайда болып, сыртқы сылақтары түсе бастаған.

 

©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ

 

Адамның өміріне қауіпті нәрсе мынау. Ертең құласа кім жауап береді? Бұл үйде тұру өте қорқынышты, — дейді осы үйдің тұрғыны Нұрбол Манапов.

 

©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ

 

Жертөледегі жарықтар уақыт өте үлкейіп бара жатыр. Қазірдің өзінде кейбіріне адамның қолы сыйып кетеді. "Енді ғана жаңа үйге қол жеткіздік деп қуанып отырғанда, баспанамыз құлап, үстімізден басып қалмаса болды" дейді тұрғындар.

 

©ЭК/Нұржан МЕРГЕНБАЙ

 

Мұнда дәл қазір бас-аяғы 130 үй бар. Оның 70-тен астамына адамдар қоныстанған. Бірқатар үйге әлі күнге дейін газ толығымен берілмей отыр. Сондықтан, халық электр құралдарын пайдалануға мәжбүр. Бұл, әрине, электр желілеріне салмақ салады. Содан жарық жиі өшіп, техника күйіп кете береді екен.

 

Тараз қаласы әкімдігінің өкілдері бұл уақытша қиындықтар деп отыр. Шенеуніктер бұл түйткілдерді жоюға барынша тырысып жатқанын жеткізді. Ал іргетасы сөгілген үйлер жөнделеді деп сендірді.

 

Аталған үйлер бойынша мердігер мен тапсырыс берушінің арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес 5 жылдық кепілдеме уақыты бар. Сондықтан тұрғындардың уайымдайтын жайы жоқ. Бәрі қалпына келтіріледі, — дейді қалалық құрылыс бөлімінің өкілі Шыңғыс Әлиасқар.

 

Дегенмен, тұрғындар қирағалы тұрған үйдің толық қалпына келуіне күмәнмен қарайды. Сондықтан кейбірі жаңа алған үйлерін қайта сатып, қаланың басқа аумақтарына көшіп жатыр екен.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста