Талғардың тұрғындары тасқыннан бөгеттің арқасында аман қалды

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Осыдан 21 жыл бұрын – 1993 жылы жазда жұртшылықты әбігерге түсірген Талғар өзені биылғы 17 шілдеде тағы да асаулық танытты. Дегенмен, 2001 жылы құрылысы басталып, 2005 жылы пайдалануға берілген, сыйымдылығы 3 миллион текшеметр болатын Талғар су бөгеті таудан жойқын күшпен құлаған тасқынға тосқауыл болып, аудан орталығы мен тау бөктерінде орналасқан елді мекендерді жойқын судан аман алып қалды.
Талғар қаласын қақ жарып өтетін Орта Талғар өзенінің жоғары арнасы орналасқан Маралсай шатқалымен жүріп өткен, жылдамдығы секундына 42 текшеметр болған селдің басты себебі – Алатаудың шыңдарындағы мұздықтардың күрт еруі, дейді селден қорғау қызметінің мамандары. Олардың айтуынша, мұздықтардың еруі салдарынан тау басында кішігірім көл пайда болып, арнасы толғанда төменге жырылып кетіпті.
Оқиға болысымен сол жерге жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен аудан басшылары жағдайды бақылауға алуды ұйымдастырып, апат зардаптарын жоюға бірден кіріскен. Дегенмен, адамдар амандығына қарамастан, сел сол маңдағы орман шаруашылығына қарасты үш үйді алып кетіп, «Спутник» балалар лагеріне баратын жолдың бөлігін бүлдіріп, өзен арнасына жақынырақ салынған екі жазғы дәмхананың террассасын, «Радуга» лагерін басып, бірнеше автокөлікті, 5 бас ірі қараны ағызып алып кеткен. Абырой болғанда «Радуга» лагері биыл балалар қабылдамаған екен. Ал, «Спутник» лагеріндегі балалар дереу қауіпсіз жерлерге жеткізіліп, жағдайлары жасалыпты. Өзен жағасында демалып жүрген тұрғындардың бірнеше көлігі суға кетіп, өздері дер кезінде тасқыннан қашып үлгерген.
Су тасқыны салдарынан тау шатқалындағы бірнеше шақырымдық су құбыры, электр бағаналары істен шыққан. Тасқын болған күннің ертеңінде Талғарға арнайы жеткен Алматы облысы әкімі Аңсар Мұсахановтың тапсырмасымен жедел жұмыс штабы құрылып, оған жетекшілік ету облыс басшысының орынбасары Тынышбай Досымбековке тапсырылады. Содан бергі кезеңде облыстық және аудандық штабтар оқиға орнындағы зардаптарды жою, қалпына келтіру және тұрғындарғы барлық қажетті жағдайларды жасау жөніндегі жұмыстарға ұйытқы болуда. Күні кеше Талғарға Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, жұмыс штабы жетекшісінің орынбасары Талғат Өмірәлиевтің басшылығымен, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерғазы Қошанбеков пен аудан әкімі Райхан Садықованың, «Медиахолдинг «Жетісу Ақпарат» АҚ төрайымы Гүлжиян Сүлейменова және бұқаралық ақпарат құралдары басшыларының, жауапты сала мамандарының қатысуымен келелі кеңес өтіп, су тасқынының зардаптарын жою мен халыққа атқарылып жатқан жұмыстар жайын жеткізу мәселелері кең көлемде талқыланды.
Талғар ауданын біраз жыл басқарғандықтан аймақтың тыныс-тіршілігін бес саусақтай білетін Талғат Әбенұлы облыс әкімі басты назарға алып отырған су тасқынының зардаптарын жою жұмыстарының төрт бағытын тарқатып өтті. Атап айтсақ, біріншіден, Талғар қаласы мен Қызылқайрат, Белбұлақ селолық округтеріне қарасты елді мекендерді ауызсумен толықтай қамтамасыз ету, екіншіден, қираған жолды аршып, тазалау, үшіншіден, ауылшаруашылық салалары мен бау-бақшаға су беретін канал көзін тазалап, іске қосу, төртіншіден, тасқын су шайып кеткен Жаңашар бөгетін қалпына келтіру жұмыстарын жүйелі түрде атқару қажеттігі атап көрсетілді. Кезек күттірмей атқарылатын бұл жұмыстарға қыруар қаржы қарастырылып, мердігерлермен келісімшарт жасалынуда.
Қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары аяқталғанша Маралсай шатқалына бөгде адамдардың жіберілуіне тыйым салынған. Өйткені, мұнда жол қатынасы жоқ. Бұған қоса, ауыр техникалар жұмыс істеуде. Таудан құлаған алып тастарды жиыстырып, арнаны аршуға шынжыр табанды тракторлар, оны сыртқа шығаруға «КамАЗ» көліктері жұмылдырылыпты.
Талғар қаласы мен Қызылқайрат, Бірлік, Талдыбұлақ, Алмалық, Алмабақ сынды елді мекендердің тұрғындары ауызсусыз қалып, қиындық көруде. Осыған орай, облыс бюджетінен су құбырларын қалпына келтіруге 30 млн. теңге, жолды жөндеуге 60 млн. теңге, бұдан бөлек ауылшаруашылық мақсатына пайдаланылатын каналдарды тазартуға 164 млн. теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын екі апта аралығында аяқтау тапсырылып отыр, Дәл бүгінгі күні электр бағаналары орнатылып, жарық іске қосылған. Сол Талғар өзеніндегі бас су қоймасына бірнеше техника мен адамдар тартылып, өзеннің құм-тасын тұндырып, тазарту жұмыстары атқарылуда. Қазіргі күні Талғар қаласы мен елді мекен тұрғындарын ауызсумен толықтай қамтамасыз етуге көршілес Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле аудандарынан көмекке су тасымалдайтын көліктер жеткізілді. Алайда, ауызсу мәселесі толық шешімін таба қойған жоқ. Арнайы кесте жасалып, таңғы 8-ден кешкі сағат 11-12-ге дейін арнай автокөліктермен ауызсу тарату жұмыстары ұйымдастырылуда.
Талғар ауданының 12 елді мекенін ауызсумен қамтамасыз ету үшін «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында топтық су құбыры салынған болатын. Селдің салдарынан судың лай болуы себепті аталған су құбырын пайдалану әзірге мүмкін болмай отыр. Қазіргі кезде ауызсуды сүзгіден өткізетін стансы осы су құбырына қосылыпты. Лай су тұнып, аз да болса тазаланған кезде Талғар қаласы мен оның айналасындағы елді мекендер тұрғындары ауызсумен қамтамасыз етіледі.
Су құбырымен қатар ауылшаруашылық саласын қамтамасыз ететін арнайы каналдар да бүлінген. Каналдардың бір бөлігін лай су басып қалғандықтан оны тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұған қосымша «Спутник», Маралсай» лагерьлеріне баратын электр желілерінің 6 бағаны, 1 қосалқы стансысы қалпына келтірілпті.
– Халықтың «лай судан түрлі жұқпалы ауру тарай ма?» деген қауіптенуіне еш негіз жоқ. Оны мамандар зерттеуден өткізіп, бактериядан таза екендігін анықтаған. Судың лайлануы биыл ғана емес, жыл сайын жаздың орта шенінде болатын қалыпты жағдай екендігін екінің бірі жақсы біледі. Тамыздың орта тұсынан ары қарай Талғар суы тұп-тұнық боп тазарып шыға келеді. Сондықтан, біраз күте тұруымызға тура келеді. Кеңестік кезеңде 13 шақырымдық су құбыры жасалған болатын. Қазір соның жұмысын аяқтап, 10 ұңғыманы, яғни сумен жабдықтаудың резервтік жүйесін іске қосуды діттеп отырмыз. Бұл Талғар қаласы мен бірқатар елді мекен тұрғындарын осындай төтенше жағдайда тығырықтан шығаруға септігін тиігізбек. Ауданда 22 су тасымалдаушы көлік жұмыс жасап жатса, оған тағы да 10 көліктің Алматы қаласынан көмекке келетіні туралы аудан әкімі мәлім етті. Бұлар кесте бойынша ауызсусыз қалған барлық ауылдар мен қала халқына қызмет етеді. Біздің басты мақсат қиындық құрсауында қалған тұрғындарды ауызсумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту, – дейді штаб төрағасының орынбасары Талғат Әбенұлы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста