Әлеуметтік желілерде еркінен тыс күштеп алып қашып келген қызға орамал салу сәті түсірілген видео кең тарап жатыр.
Жігіттің жеңгелері қыздың басына ақ орамал салуға қанша тырысқанымен, қыздың жылап, қалғысы келмейтінін айтып, көнбей жатқанын көруге болады. Жігіттер қызды Алматыдан алып келгенге ұқсайды. Бұл оқиғаның елдің қай өңірінде орын алғаны белгісіз.