Шымкентте борышын өтеп жүрген сарбазға «Ішіне жын кірген» деген диагноз қойыпты

Шымкентте әскери борышын өтеп жүргеніне тоғыз ай болған сарбаздың бірден өзгеріп, сөз түсінбей тіпті жақындарын танымай қалуы бүкіл халықты шошытқан еді. Енді әскери қызметшілер оның мұндай күйге түсуін «ішіне жын кірді» деп түсіндіріп отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап жазды.

19 жастағы Самрат Тыныштықбайдың  ата-анасы  өздерін танымай қалған Самрат әскерде қатты  таяқталып, психологиялық қысымда болған деп болжайды.

 

Өйткені әскерге алынған сәтте жігіт сап- сау күйінде қабылданған. Араға уақыт салып «бұл сөз түсінбей қалды» деген хабар алған.

 

«Диагнозын жынды деп тұр. Мұны қалай түсінеміз? Сау кеткен бала кенеттен қалай жынданады?  Әскерилер «ішіне жын кірді» дейді. Ол жын кіретіндей далада ақтырна, көктырналар арасында жүрген жоқ қой. Әскердегі адамға қалай жын кіреді?»,-дейді туыстарын танымай отырған сарбаздың әпкесі.

 

Самратқа бір сұрақты төрт-бес рет қойғанда ғана әрең түсінеді. Тіпті өзіне не болғанын айта да алмайды. Бір сөзді төрт бөліп айтады. Көзінің қарашығы үлкейіп, адамға тіке қарай алмайды. Аузынан суы ағып адам танымастай өзгерген.

 

«Ол келгенде өлең шығаратыны бар еді. Оны туыстары да, қасындағы сарбаздар да жоққа шығара алмайды»,-дегенді алға тартты Самрат Тыныштықбай борышын өтеп жүрген әскери артилл дивизионының қызметкері.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста