Шымкентте әскери қызметшінің өліміне қатысты жаңа дерек айтылды

Шымкентте әскери қызметші қашықтықты жаяу еңсеру бойынша жүгіру жаттығуларынан кейін көз жұмды. Дәрігерлер оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды otyrar.kz.

15 маусымда 6506 әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери қызметшілермен қашықтықты жаяу еңсеру бойынша жүгіру жаттығулары өткізілді. Іс-шара аяқталғаннан кейін 34 жастағы Б. есімді әскери қызметші өзін нашар сезінді, оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол Шымкенттің Бірінші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Келесі күні сағат 17:15 шамасында әскери қызметшінің қайтыс болғаны анықталды. 

"Ұзақ физикалық белсенділіктен кейін әскери қызметші өзін нашар сезінген, оған клиникалық өлім тіркелді, дәрігерлер оны реанимациялады. Аураханаға түскеннен кейін жансақтау бөліміне жатқызылды, келесі күні есін жимай қайтыс болды. Ол үшінші дәрежелі комаға түскен. Өлім себебі - ішкі ағза мүшелерінің істемей қалуы", - дейді Шымкенттегі №1 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров.

6506 әскери бөлімінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Қазір тергеу жүріп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалды. Денсаулыққа қатысты шағым болған-болмағанын қазір айта алмаймыз. Бұл қазір нақтыланып жатыр. Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамыз", – дейді 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ернар Әшірбеков.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сарбаз жүгіру жаттығуынан кейін көз жұмғанын хабарлаған едік. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/85765/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста