Шығыстың экологиялық ахуалын шындап қолға алатын кез жетті

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Өкінішке қарай, Шығыс Қазақстан облысы экологиялық ахуалының нашарлығы жөнінен еліміз бойынша «көш бастап» тұр. Полигон сынақтарының алаңына айналып, 40 жыл қырғын көрген, даласы ғана емес, баласы да уға тұншыққан, небір ауыр азап тартса да, әлі күнге лайықты жәрдем көре алмай, жоғарыға жалтақтаған Семейің – анау. Күннен-күнге ауасы тарылып, зауытымен қоса, халыққа тигізер залалы қатар артқан Өскеменің – мынау. Суы су емес, жылдан-жылға уға айналып бара жатқан есіл Ертіс, Байқоңырдан ұшқан Ресей зымырандарының протон жарықшақтарынан бейбіт күнде берекесі кеткен Күршім халқы... Өзектілігі жөнінен бірінен-бірі асып түсетін өңірдің бүгінгі таңдағы осындай өткір де өзекті мәселелерін жақында облыс орталығы Өскеменге арнайы келіп, көшпелі отырыс өткізген ел Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Нығматуллин бастаған халық қалаулылары жан-жақты талқыға салды.
Кімге сенеміз: «Қазгидрометке» ме, кәсіпорын басшыларына ма?
Әрине, экономиканың дамып, өндіріс­тің алға басқаны қай мемлекет үшін де ма­ңызды. Алайда экономиканы еселейміз, өн­дірісті өрге бастырамыз деп жүріп, эко­логияны, елдің жағдайын естен шығарып алған жоқпыз ба? Шынын айту керек, соң­ғы жылдары Өскемендегі экологиялық жағ­­дайдың қиындап бара жатқанын эко­логтар қауымы шырылдап жиі айтып жүр. Қала үшін бүгін ең әуелі керегі – ат­мосфералық ауа құрамындағы зиянды зат­­тарды анықтайтын автоматтар құру. Көш­пелі отырыста бұл мәселеге облыс әкі­мі Бердібек Сапарбаев алаңдаушылық біл­ді­ріп, шаһар ауасын үнемі бақылауда ұс­тай­тын «Қазгидромет» мекемесінің жұмы­сы­на көңілі толмайтындығын жеткізді.
– Бірінші мәселе қаланың лас ауа­сын­да болып тұр. Әрине, «Қазгидромет» жұ­мыс істеп жатыр. Бірақ біз оны жеткіліксіз деп есептейміз. Қалада автомат­тан­дырылған бақылау жүйесін жетілдіру қа­жет­тігі туып отыр, – деді ол.
Әкім ғана емес, қаланың атмосфералық ауа­сының құрамындағы зиянды заттарға мо­ниторинг жүргізумен шұғылданатын «Қазгидрометтің» облыстағы филиалының зерттеу жүйесі бүгінгі заман талабына сай келмейтінін, жүргізілген мониторингтер шындыққа жанаспайтынын экологтар да жоққа шығармайды. Ұзын сөздің қысқасы, Өскеменге атмосфералық ауаның сапасын, ондағы ластаушы заттардың барлығын анық­тап, бақылау жасайтын автоматты жү­йе қажет. Мұндай құрылғыларды сатып алу­ға 200 миллион теңге көлемінде қар­жы керек екен. «Қазақмыс» компания­сы­ның өкілі осы жиын үстінде компанияның 50 миллион теңге бөлетінін мәлім­де­ді.
Вице-министр Тұрмағамбетовті тұралатқан сауал
Ресми деректерге жүгінсек, біздің об­лыста жылына 40-46 миллион тонна өнер­кәсіптік қалдықтар пайда болады екен. Кеңес Одағы кезінен бері жина­л­ған 1992 жылға дейінгі «тарихи» қал­дық­тармен қосқанда бүгін облыс ау­ма­ғында 1,4 мил­лиард тонна қалдық жатқан кө­рінеді. Олар әсіресе Шемонаиха, Зырян, Глу­бокое ау­дан­дары мен Риддер, Семей, Өс­кемен қала­ларының маңында өте көп. Бұ­ған облыста жыл сайын жиналып оты­ратын 300 мың тоннаға жуық қатты тұр­мыс­тық қалдықтарды қосыңыз. Қысқасы, қал­дық мәселесін тездетіп қолға алып, тұр­мыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіп­орын салмаса болмайды.
Естеріңізде болар, осыдан бірер жыл бұ­рын Семейдегі бұрынғы полигон сынақ­та­ры жүргізілген аумақты шаруашылыққа пай­далануға беру жөнінде мәселе көте­рі­ліп, түрлі пікір қайшылықтары туындаған-ды. Көшпелі отырыс кезінде де бұл мәселе на­зардан тыс қалған жоқ. Бердібек Сапар­ба­ев халық қалаулылары мен министрлік өкіл­деріне Семей ядролық полигоны зар­даптарын жою жөнінде кешенді бағ­дар­лама қабылдап, сол өңірдегі халықтың жағ­дайына ерекше көңіл бөлу қажеттігін қа­дап айтты.
Бұрынғы Семей ядролық полигоны ай­ма­ғынан келіп-кетер қауіп бар ма? Мал шар­уашылығына, өзге де мақсаттарға пай­далануға болады деуге қаншалықты негіз бар? Нұрлан Нығматуллин қоршаған орта­ны қорғау министрінің орынбасары Мәжит Тұр­мағамбетовке сауалды осылай төте­сі­н­ен қойды. Қызық болғанда, осы салаға тіке­лей жауапты саналатын вице-министр мардымды жауап айта алмады. Сірә, бұл бағыттағы жұмыстардың аздығы­нан есте сақтамаған болар деп түсіндік. Расында да, солай секілді. Шынын айтсақ, бүгін бұ­рынғы Семей полигоны аймағын оңа­л­ту­ға орай атқарылып жатқан жұмыстардың кө­лемі өт аз. Мәселен, биыл полигон ай­ма­ғының радиациялық, ядро­лық қауіп­сіз­дігін қамтамасыз етіп, оның маңында жат­қан жерлерге шаруа­шылық іс-әрекеттер жүр­гізуді ұйымдас­тыруға байланысты сы­нақ аумағының 850 шаршы шақырым же­ріне зерттеу жүргізіліпті. 2014 жылға дейін тағы да бірнеше шаршы шақырымға зерт­теу­лер жүргізу жоспарланып отыр екен. Өкі­ніштісі, жұмыс қарқыны тым баяу. Қор­шаған ор­таны қорғау министрлігінің өңір халқы үшін өзекті мәселені «өзектен» теуіп, ішек­ше шұбатып, неге мұнша созбақтап отыр­ға­ны түсініксіз. Жергілікті халықтың ра­диа­ция алу мөлшерін анықтау үшін рес­пуб­ли­калық арнайы кешенді дозиметрия ор­та­лы­ғын құру туралы жоба да әлі жүзеге ас­пай отыр. Әзірге бәрі – тек ұсыныс, жоба кү­йін­де.
Айтып-айтпай не керек, республикалық деңгейде өткен экологиялық форумда өңір экологиясына қатысты біраз мәселе сөз болды, бірнеше ұсыныс айтылды. Әрине, бар­лығы қамтылды деуден аулақпыз. Ай­тылмай қалған, айтылса да, жете мән беріл­ме­ген мәселелер де бар. Мәселен, Күр­шім ау­данындағы жағдай. Ауданның бірнеше елді мекені бірнеше жылдан бері Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран­дар­дан шыққан протон қалдық­тарының зар­дабын тартып келеді.
Ресей тарапынан ұшырылатын зымы­ран­дардан шығатын қалдықтар күні бұрын есеп­теліп қойылған аймаққа дәл түседі. Жә­не уақытында жинап алынады. Қор­ша­ған ортаға (жан-жануарларға, адам­дар­ға) ешқандай залал келмейді. Екі мем­лекет арасындағы келісімнің сипаты осын­дай. Және бұл талаптардың орындалуын ең алдымен зымыран ұшырушы тарап – Ре­сей жағы бақылауы тиіс. Өкінішке қа­рай, олар­дың бекіткен келісімі мен зымы­ран қалдықтарының белгіленген түсу ай­ма­ғының тәртібі сақталып жатқан жоқ. Яғ­ни қарапайым тұрғындар зардап шегіп жа­тыр. Қарапайым тілмен айтсақ, далаға ат­қан оқ балаға тиіп жатыр.
Зымыран сынықтарының қоршаған орта мен адамдарға қаншалықты дәрежеде зардабы тиіп жатқаны айтпаса да түсінікті. Қазақтың алқара-көк аспанына тыным бермей зымыранын зымыратып жатқан Ресей ғарыш мамандары мұны көріп-біліп отыр. Зымыран қалдықтарынан зардап шегіп отырған Қалжыр ауылының тұрғын­да­ры (барлығы 1011 адам қол қойып) өт­кен жылы зар-мұңын айтып, ҚР Прези­ден­ті Әкімшілігіне, Қауіпсіздік кеңесіне, Мә­жіліс депутаттары Н.Сабильянов пен
С.Фер­хоға, бірқатар қоғамдық ұйым мен саяси партияларға, Олжас Сүлейменов пен Сара Назарбаеваның атына хат жол­дапты.
Ауыл тұрғындары сарғайып, олардың жауабын, көмегін күтіп отыр. Өскеменге келген депутат мырзалар осы мәселеге де на­зар аударса дейміз. 
Ерлан Нығматуллин, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы:
– Біз жаңа технологияларды енгізу ар­қылы өндірісін жетілдіріп, оның қор­ша­ған ортаға тигізетін кері әсерін төмендетіп жатқан қала кәсіпорын­дар­­ында болдық. Осы оты­рыста қара­лып, талқыланған облыстағы эко­логия­лық мәселелерді өзіміздің депу­тат­­тық сұрауларымыз, ықпалымыз арқы­лы Үкі­мет алдына қойып, шеші­мін табуға күш сала­мыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста