"Шыдамның да шегі бар": Алматыда "Борат-2" фильміне қарсы жастар АҚШ-тың елшілігіне петиция табыстады

Бүгін 23 қазанда "Борат-2" фильміне наразы болған "Намыс" қозғалысының өкілдері Алматыдағы АҚШ консулдығының алдына жиналды. Олар өздерінің фильмге қарсы петициясын консулдың өзіне табыстамақшы, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Петицияға шамамен 50 адам қол қойған. Бұл - бір түннің ішінде ұйымдастырылған шара. Қозғалыс өкілдері АҚШ-тың бас консулдығына наразылықтарын айтып, аталмыш петицияны табыстады. Алдағы уақытта елшіліктің өкілдері шара қолданатынын айтқан. Алайда қай уақытта қолданатыны нақтыланбады.  

"Бүгінгі наразалық акциясына көп адам жиналуы қажет еді. Дегенмен еліміздегі пандемия жағдайына байланысты адам санын қысқартуға тура келді. Біз "Намыс" қозғалысының өкілдері "Борат" фильмін жарыққа шығуына қарсымыз. Фильм шығады дегенге үндемедік, алайда кешегі өткен прома-науқан бұл барып тұрған бассыздық. Шыдамның да шегі бар! Біз мемлекеттік туды қорлауға жол бермейміз", - деді қозғалыс өкілінің бірі. 

Бүгін наразылыққа келгендер жақын арада Алматыдағы елшілік осыған байланысты жұмыстар атқарылмаса, олар өз петициясын Қазақстандағы АҚШ-тың бас консулдығы орналасқан Нұр-Сұлтан қаласына барып табыстамақ. 

Бұған қоса, наразылықты ұйымдастырған "Намыс" қозғалысы қазақстандықтарға бұл фильмді көрмеуге кеңес берді. 

Еске салайық, бұған дейін Аустралияда және Ұлыбританияда "Борат-2" фильміне орай промо-науқан ұйымдастырылған еді. Іс-шарада комедия кейіпкері секілді киінген адамдар Қазақстанның туының үстіне тұрып би билегені айқын көрінеді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста