Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұ­рақ­тардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әке­ле­тіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қа­зақстан Рес­публикасының мемлекеттік сая­са­тының негізгі басымдылықтарының бі­рі болып осы зұлымдықпен күресу болып та­былады.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу елі­міздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасі­рет болып табылатын ол саяси даму тұрғы­сынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі бар­лық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Тәуелсіз Қазақстандағы сыбайлас жем­қорлықпен күрестің даму тарихын жалпылай төрт этапқа бөліп қарастыруымызға болады.
Бірінші этап – 1992-1998 жж. Сыбай­лас жемқорлықпен күрестің бастапқы кезеңі және нормативтік-құқықтық база­ның қалып­тасуы.
Екінші этап – 1998-2000 жж. Сыбайлас жемқорлықпен күрес­тің басты құқықтық және әдістемелік негізі ретінде сыбайлас жем­қорлыққа қарсы туралы заңнаманың пайда болуы.
Үшінші этап – 2001-2004 жж. Сыбай­лас жемқорлықпен күрес проблемаларын шешудің жүйелік көзқарасының қалып­тасуы.
Төртінші этап – 2005 жылдың ақпа­нынан. Қазақстанның жылдам эконо­ми­калық, әлеуметтік және саяси модер­низа­циялау контекстінде сыбайлас жем­қор­лықпен күресі.
Біздің еліміз ең алғашқы болып ТМД елдері арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын (1998 жылы) әзір­леп, қабылдады.
Осы заңда мемлекеттiк мiндеттердi ат­қаратын адамдардың, сон­дай-ақ со­лар­ға теңестiрiлген адамдардың лауа­зым­дық өкiлеттiгiн және соған бай­ланыс­ты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлет­тiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар ар­қылы заң­да көзделмеген мү­лiк­тiк игi­лiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқ­ты бұл адам­дарға жеке жә­не заңды тұлғалардың атал­ған игiлiктер мен артық­шылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жем­қорлық деп ұғынылады.
Бұл заңмен сыбайлас жемқорлыққа қар­сы әрекеттердің негізгі қағидалары анық­талып, сыбайлас жемқорлыққа қа­тыс­ты құқық бұзушылық түрлері, сонымен бір­ге жауапкершілікке тарту жағдайлары бе­кі­тілді. Бірінші қадам 1998 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының аясында пайда болды.
Қазіргі таңда 2006-2010 жылдарға ар­налған сыбайлас жем­қорлыққа қар­сы бағ­дарламаның өзектілігі бәрі­мізге айқын. Бағ­дарламаның негізгі ере­же­лері сыбай­лас жемқорлықпен күрес жө­ніндегі заң­наманы, құқық бұзу­шы­лық­тың деңгейін төмендету бойынша ар­найы шараларды жетілдіруге, құқық қор­ғау және сот жүйесі қызметін оң­тай­ландыруға, азаматтық қо­ғам­мен өз­ара әрекетке, мемлекеттің сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы саясатын на­сихат­тау мен халықаралық ынты­мақ­тас­тықты нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар құқық бұзушылық пен қылмыстық фактілерге және оларды тудыратын жағдайларға жол бермеу мақ­сатында салық қызметі органдарының қыз­меткерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комите­ті төра­ға­сының 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен бекітілген Салық ор­ган­дары қызметкерінің кәсіби этикасы кодексінің және Қазақстан Республи­касы Қаржы министрлігі Салық коми­теті төра­ғасының 2007 жылғы 26 жел­тоқ­сандағы бұйрығымен бекітілген, Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының салық қызметі орган­да­рын­дағы сыбайлас жем­қор­лықпен күрес стратегиясының талаптарын бас­шылыққа ала отырып орындау және жүзеге асыру алғышарттардың бірі болып табылады.
Жоғарыда аталған заңдарды жүзеге асыру барысында Алматы қаласы бо­йын­ша Медеу ауданының салық бас­қар­масында 08.08.2011 жылы салық төлеу­шілерге арналған «Сыбайлас жем­қор­лыққа қатысты құқық бұзу­шылық­ты алдын алу және де ескерту шаралары» атты семинар өткізілді. Жалпы, семинарда қарасты­рылған өзекті мәселе салық төлеушілерді жемқорлықпен күрес туралы заңдармен, сонымен қатар салық төлеу­шілердің құ­қық­тарымен таныстыру болып табылды.
Кез келген салық төлеуші салық органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері­не қарсы Алматы қаласы бойынша Медеу ауданының салық басқармасының 8(727) 272-11-34 сенім телефонына хабарласа алатынын ескертеді.
Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл – мемлекет пен қоғамның күн­делікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азама­ты сыбайлас жем­қорлыққа жол бермеуге міндетті.

Г.САПИЕВА, Алматы қаласы бойынша Медеу ауданының салық басқармасының заңды тұлғалардың cалық аудит бөлімінің бас маманы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста