Сүрбойдақтардың саны қанша?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Еліміздегі № 1 демограф һәм санақшы көкеміз Мақаш Тәтімовтың кәрі қыздар проблемасымен қатар сүрбойдақтардың да тым көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп дабыл қаққанына да біраз жылдың жүзі болды. Алайда оған үн қатып, үлес қоссам дейтін сүрбойдақ табылмады. Керісінше сүрленген бойдақтардың саны жыл жылжыған сайын қарасы қалыңдап бара жатқандай.. Мақаш ағамыз шырылдап осы мәселені шешу керек деп қанша айқайлағанымен, жартасқа бардым күнде айқай салдымның кері болып шықты. «Алаш айнасы» осы мәселеге қатысты ой толғайды

Осыдан үш жыл бұрын санақшы көкеміз сүрбойдақтардың саны 150 мыңнан асып кетті деген-тұғын. Одан бері де дәл осы үйленіп, үйелменді болуға құмар емес жігіттеріміздің санын есепке алған жан жоқ. Статистика агенттігінің сайтын ары ақтарып, бері ақтарып сүрбойдақтардың санын со бойы біле алмадық. Қалың қол әскердей яғни, сол 150 мыңның сапын толтырып жүргендердің дені 30-дан асып, 50-ге иек артып қалғандар. Бұл өзекті өртер өкінішті жағдай ғана емес, қоғамның да қасіреті. Мамандар соңғы жылдары отбасын құрған еркектердің қатары 6 есеге дейін төмендеп кетті деп дабыл қағуда. Қазіргі жастардың 30-40 пайызы отау құруға құлықты емес. Олар үшін отбасын құру емес жан бағу бірінші кезекке шықты. Әуелі материалдық жағдайды ойлайтын олар тұрмыс құруға келгенде тізгінді тарта тұруды жөн көреді. Жастардың отау құруына ынталы еместігіне бірнеше мәселелер басты себеп. Жалақының аздығы, баспананың болмауы, материалдық жетіспеушілік... Қыздардың көпшілігі ілім қуып, жастық шағын сарп етсе, жігіттердің дені материалдық жағдайын түзеп алайын деп уақыт өткізіп алады. Бас құрауды ойға алмай, серiлiкпен алтын уақытты босқа өткiзiп жүрген сүрбойдақ жiгiттерiмiз өздерiнiң өсiп-өнуiне ғана емес, ұлтымыздың табиғи өсуiне де керi әсер етiп жүргендiктерiн ұғына бермейді. Осы мәселені тереңірек жіті мән берген бір-екі халық қалаулылары сүрбойдақ салығын салайық деп мәселе көтерген еді.

Алайда аяқсыз қалды. Үйленуді аяққа тұсау салу, еркiн өмiрден айырылу, өзiн өзі жазықсыз түрмеге айдап тыққанмен бiрдей деп есептейтіндер өздерінікін жөн санайды. Мұндай жігіттер әйеліне қоса, баласын қоса бағуды мойынға қамыт ілу деп ұғынып, одан да азаматтық некеде емін-еркін жүргенді жөн көреді. Осы себептен де соңғы әлетте қоғамымызға қауіпті құбылыстың бірі азаматтық некеге жүгінгендердің саны өсіп барады. Халық саны өсімінің кешеуілдеуі экономиканың өркендеуіне де кері әсерін тигізетіні белгілі. Осы орайда айтпай кетпеуге болмайтын үлкен қауіп бар. Бүгінде шетелдіктерге, әсіресе қытай азаматтарына тұрмысқа шығып жатқан қыздарымыз көп. Оның түпкі мәнісіне тереңірек үңілсек... Қазақ халқы сияқты қытайлықтар да ұл баланы ғана ұрпаққа санайды. Осыдан 30 жылдай бұрын әлем халқына қауіп төндірер қасірет басталған-тұғын. Аяғы ауырлаған әйел УДЗ аппаратына түсіп, шарананың жынысын анықтатады. Қыз болса әрине, аборт жасатады. 30 жылдан бері үздіксіз жасалған осындай үрдістен кейін қазір Қытайда «еркек дағдарысы» тіптен белең алып кетті. Халқының саны бір жарым миллиардтан асып қалған қытайда жылына 16 миллион бала өмірге келсе, соның 65 пайыздан астамы – ұл бала.

Елдегі ресми мәліметтерге қарағанда, Қытайда қазір 20-30 жас аралығындағы үйленетін жасқа жеткен еркектер саны 31 милионнан асып кеткен. Осы елдің статистиктері енді алдағы 20 жылда аспан асты елінде қыз жетпейтін еркектер саны 70 миллионнан асып жығылады деп жобалап отыр. Тепе-теңдік заңын осылайша «сасық саясатпен» бұзған өкімет басындағылар енді бұл проблеманы қалай шешеміз деп басы қатуда. Бірнеше жүз миллионннан асып жығылатын сүрбойдақ қытай тек біздің елімізге ғана емес, бүкіл дүние жүзіне төнген үлкен қауіп екеніне әлем ғалымдары енді назар аудара бастады. Еркек дағдарысынан құтылудың төте жолын тапқан Қытай үкіметі шетел азаматтығын, басқа мемлекеттің қызын алған өз азаматтарына экономикалық көмек көрсете бастады. Өз «қобландарын» қолпаштаған қытайлықтар өзге елдің азаматшасына үйленсе, мемлекет тарапынан мол сый-сияпат тағайындап отыр. Мұндай қатерге өз заңымыз айқара есігін ашып беріп отыр. Шетелдік азамат еліміздің азаматшасымен (?!) некеге тұрса, Қазақстан азаматығын алуға болады деген заңымыз алдағы болашақта үлкен қауіп төндірмек. Тіпті, бұл әлемдегі №1 мәселеге айналуы да бек мүмкін. Мұндай жағдайда әрине, өзіміздің қаракөз сүрбойдақтарымыз аузындағысынан қағылары сөзсіз. Шеттен келгендердің шекемізді шылқытпасы бесенеден белгілі. Шетелдікке күйеуге тиген қызымыз баласын да шетелше тәрбиелейтіні анық. Қытайдан туған жиеннің ел болып жарытпасы тағы анық. Сонда сүрбойдақ синдромымен қалай күресеміз? «Тақиялы періштелердің» қатарының азаюына көмек қолын қайтып созамыз?

Сымбат ҚАЛДАРОВА, дәрігер:
– Кеш некенің кесірі бала санының шектелуіне әкеп соғады. Әйелдің де, еркектің де биологиялық жасын кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан да жігіттеріміз уақытын текке өткізіп, өкініште қалмаса екен деймін. Жасы келген ер адамның ұрық бездері семіп, бала болдыру қасиетінен айырылады.

Шыжық дерек
Қазақ тіліндегі сайттардың бірінде мынадай қасіретті дерек келтіріліпті. Ауылдың атын атауды жөн көрмеген пікір иесі ылғи бойдақтар тұратын ауыл бар екенін қынжыла жеткізіпті. Олардың отау құрмай, соқа басы сопайып қалуына басты себеп экология екен. Ауылдың жанында уран кеніші бар құсайды. Осы тажал еркек атаулыны белден қалдырып отырған көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста