Сұлу болғыңыз келсе, Совминге келіңіз!
Кім сұлулықты сүймейді дейсіз?! Және де әркімнің-ақ сұлу болғысы келетіні тағы рас. Ал бүгінгі таңда тәнді сұлу етуге мүмкіншілік мол.
Кез келген ірі қалалардан косметологиялық салондарды іздемей-ақ табасыз. Алайда солардың бәрі де сапалы қызмет көрсете ала ма? Косметологиялық орталық таңдағанда неге баса назар аударған жөн? Бүгінгі әңгіме осы жайлы болмақ.
ҚР Президенті істері жөніндегі басқармасы медицина орталығының клиникалық ауруханасы – Совминнің Эстетикалық косметология орталығының басшысы, бірінші санатты дәрігер-дерматокосметолог Гүлнара Еркешбайқызы Дербісованың айтуынша, косметология – медицинаның бір бағыты. Сондықтан да косметологиялық қызметті білікті дәрігер маман жүзеге асыруы тиіс. Өйткені кейбір косметологиялық қызметті жай медбике жүргізе алғанымен, енді бір қызметті жоғары білімді дәрігер ғана амалға асыра алады. «Өкінішке қарай, бірқатар косметологиялық салондарда көп жағдайда үш айлық курсты тамамдаған мамандар қызмет жасап жүр, бұл жеткіліксіз. Өйткені үш айлық курсты бітіріп, қолына сертификат алған қызметкер адам анатомиясын толық меңгере алмайды. Косметологиялық орталықта инъекциялық ем жасайтын қызметкер ең болмағанда адамның бұлшық еттері мен нерв жүйесі жайлы білуі тиіс» – дейді косметолог маман.
Маманның бұл айтқандарымен келісуге де болады. Себебі бүгінгі таңда ірі қалаларда тұрғындарға қызмет көрсетіп жүрген косметологиялық салондардың бәрі талапқа сай деуге келмейді. Базбір жағдайларда кей нәзік жандылардың косметологиялық салон қызметінен жапа шегіп, құқық қорғау органдарына жүгініп жатуы осының дәлелі болса керек. Сондықтан да косметологиялық орталықты дұрыс таңдай білу қажет. Ал орталық таңдауда нені ескерген жөн? Бұл жайлы мамандар не дейді?
Гүлнара ДЕРБІСОВА, Совмин ауруханасының Эстетикалық косметология орталығының басшысы:
– Ең алдымен косметологиялық орталыққа келген әрбір емделушіге жеке карточка ашылуы тиіс. Ол карточкаға емделуші жайлы барлық мағлұматтар енгізілуі шарт. Емделушінің денсаулығы, қандай аурумен ауырғандығы, дәрі-дәрмекке аллергиясы бар- жоғы түгелдей жазылуы тиіс. Сонан соң емделушіге ем жасар алдында вирустық ауруларға анализ тапсыртуы шарт. Өйткені көптеген вирустық аурулар ауамен және тамшылап емдеу жолымен жұғады. Тіпті кейбір ауру түрлерімен ауыратын адамдарға косметологиялық ем жасауға болмайды. Ал көптеген косметологиялық салондар бұл талапты орындай бермейді. Сондай-ақ ем жасаудан қалған медициналық қалдықтар арнайы цехта өртеу жолымен жойылуы тиіс. Өйткені көшедегі қоқыс контейнеріне тасталған қалдықтар ауру таратуы мүмкін. Тағы бір ескеретін жайт, мысалы, қарапайым косметологиялық салондарда бетке шыққан безеуді не әртүрлі дақтарды емдеуде теріні тазалау әдісін ғана қолданады. Ондай дақтардың гастропатологиялық, гинекологиялық проблемалардан және экологияның салдарынан орын алатынын ескере бермейді. Сондықтан арадан аз уақыт өткенде бұрынғы дақтар қайта пайда болады. Ал Совминнің Эстетикалық косметология орталығында жоғарыда айтылған талаптар түгелімен орындалады. Егер беттегі даққа байланысты ем алу керек болса, дәрігер іздеп қаланың екінші шетіне жүгірмейсіз. Бізде бәрі бір жерде және барлық дәрігерлеріміз өз ісінің білікті маманы. Сонан соң біздің орталыққа екінші рет келгенде, сіз туралы мағлұмат біздің қолымызда тұрады. Уақытыңызды да үнемдейсіз. Сондай-ақ кейбір косметологиялық ем жасайтын аппараттар тек біздің орталықта ғана бар. Тән сұлулығын тек кәсіби мамандарға ғана сеніп тапсырған абзал. Бір сөзбен айтқанда, сұлу болам десеңіз Совминге келіңіз!
Орталық басшысының айтуына қарағанда, мұнда қызмет бағасы да аса қымбат емес. Қаладағы өзге орталықтармен салыстырғанда 1,5 есеге арзан. «Аспандағы бағаны қойып ай қарап отырғанша, қолжетімді бағамен көптеп клиент тартқан абзал», – дейді Гүлнара Еркешбайқызы.
Орталық жұмысымен танысу барысында мамандардың біліктілігі мен қызмет сапасын көріп, біз де дән риза болдық. Гүлнара Еркешбайқызының әңгімесіне алып-қосарымыз жоқ. Тек біз де өз тарапымыздан «тән сұлулығын Совминге сеніп тапсырыңыз» дейміз.