Суицидтің бір сыры

Суицидтің бір сыры

Соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы суицид дертінің асқынуы көптеген елдерді алаңдатып отыр. Өз-өзіне үкім кескен жасөспірімдер қатары бізде де аз емес. Статистика бойынша елімізде әр 100 мың адамның 27-сі өзіне қол жұмсайды екен. Өткен жылы елімізде 3 мыңға жуық адамның суицидке ұшырау фактісі тіркелсе, оның елеулі бөлігінің жасөспірімдер екені де анықталған. Бесіктен белі шықпай жатып, өмірімен есеп айырысуға тырысқан жасөспірімдердің әрекеті кімді де болсын, ойлантпай қоймайды.
Көргенінен көрмегені көп, бар қызығы алда саналатын жасөспірімдерді өмірімен оңай қошта­суға итермелейтін не нәрсе?.. Осы сауалға бас қатыр­ған Ресей мамандары бір жіптің ұшын ұста­ғандай болды. «Собачий кайф»... немесе жасөс­пірім­дер арасында «космосқа саяхат», «жеті қат көкке самғау» деген атаулармен белгілі атының өзі елік­тіріп әкетердей бұл «қатерлі ойын» жасөспі­рім­дерді мойын орағыш көмегімен-ақ о дүниеге шығарып салуға себепші бола алады екен. Бар болғаны бес-алты рет терең дем алып, мойын тұсынан қы­сып қалса болғаны, ұйықтап кете баратын жасөс­пірім­нің бұдан кейін тіпті мәңгілік ұйқыға аттанып кете баруы да ғажап емес. Жас­өспірімдерді ынтық­тырып, беймәлім қызық із­деу­­ге мәжбүрлейтін мезет – қысқа уақыт ішінде миға кислород жетіспеуі сал­дарынан ес жоғалту кезеңінен кейін миға біртіндеп қан жүгіретін қас-қағым сәт. Осын­дай жолмен иттің әрекетінен ләззат іздеген жасөспірімдер қата­ры бүгінде күн санап артып бара жатқан көрі­неді. Ресей маман­дары­ның ай­туынша, балалардың осы ойынға құныққаны сон­шалық, алға­шында топ болып «иттің кәйпінен» дәм татқандар уақыт өте нашақор іспет­тес, жалғыз отырған кезде өз-өзіне істеп көруге ты­рысады екен. Ал жалғыз отырып өзін-өзі тұн­шық­тыру кезінде естен тану салдарынан дер кезін­де қолындағы жіпті шешіп үлгермеген жас­өспірім­дер әрекетінің со­ңы суицидке әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Қазірдің өзінде Ресейде суицидке ұрынған кейбір жасөс­пірім­дер әре­кетінің дәл осы қатерлі ойын салдарынан болғаны анық­талып отыр.
Ал қатерлі ойынның қызығушылары көбінесе 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдер көрінеді. Бір ғана Мәскеу қаласының өзінде мыңдаған жасөс­пірімнің мұны өздеріне қолданып көргені де анықталған. Және күн санап оны өз-өздеріне қолда­нып көрушілер саны өскен үстіне өсе түсуде екен. Сондықтан көрші елдің құқық қорғау органдары жасөспірімдер арасындағы дәл осы қатерлі ойынның салдарынан жасөспірімдер суицидінің күрт артып отырғанын айтып, дабыл қағуда. Сондықтан ата-аналардың балаларына көп уақыт бөліп, олардың компьютер арқылы қандай сайттарды қолданатынын тексерулерін және бұл ойынның олардың өмірі үшін өте қатерлі екені жайлы әңгіме жүргізулері керектігі жайлы бүгінде кеңінен айтуда. Зерттеп көргеніміздей, бұл ойын біздің жасөспірімдерімізге де бейтаныс емес екен. Бірақ әзірге мамандарымыз үн-түнсіз. Ста­тис­тика көрсетіп отырғандай, елімізде кісі қолынан қаза тапқандардан гөрі өзін-өзі өлтіргендер саны әлдеқайда көп болса да, мамандар мұның сырына үңілуге тырысар емес.
Ал интернетте бұл ойынға тіпті тұтастай фо­румдар да арналады. Онда жас­өс­пі­рім­дер форум арқылы өзара тәжірибе ал­ма­сып, беймәлім қызық сәтті ұзартудың жол­­да­рын да ойласып, оның ере­же­лерімен өзара бөлісетін көрінеді. Бүгінде ше­ка­ра­сыз әлем саналатын интернеттің біздің ба­лаларымыз үшін қолжетімді дүние екенін ескерсек, жастарымыздың қатерлі ойын­ның шыр­мауына түсіп кетпеуінің ал­дын алуға ұмты­луы­мыз қажет-ақ. Бұған ин­тернет ақтарып отырып, өзіміздің де кө­зіміз жетті. Мәселен, мына сайттарда: http://clipsonline.org.ua/clip/483885.html, http://www.vesti.ru/vi­deos­vid=266705 қатерлі ойын видео түрінде өріп жүр. Бір баланы айнала қор­шап алып, қол­дан тұншықтырып, есінен тан­ған жас­өс­пірімнің әрекетіне қызыға қа­ра­ған жас­тар­дың әрекеті кез келген адамды елік­ті­рер­дей. Арты өлімге әкеліп соқтырар әре­кет­ті сайттан тамашалап көруге еш тыйым да жоқ.
Өзін-өзі тұншықтырумен тек ресейлік жасөспірімдер ғана емес, 2007 жылы АҚШ жасөспірімдері де «ойнаған». Олар сол кездің өзінде-ақ мұның интернет ар­қы­лы жасөспірімдер арасында тарап кету қаупінің зор екенін айтқан. Айтқандай-ақ, жасөспірімдер арасындағы бұл қатерлі ойын 2009-2010 жылдары Ресей елін дүр сілкіндіріп отыр. Ал алдағы уақытта, бәлкім бү­гінгі күннің өзінде біздің елімізді қан-қақ­сатпасына кепілдік жоқ. АҚШ-та бір жылдың өзінде-ақ 40-қа жуық бала осы ойынның кесірінен о дүниеге аттанған.
Айта кетер жайт, бүгінгі күннің өзінде көрші Ресей елінің мамандары қатерлі ойын салдарының соңы суицидке алып кел­ген бірнеше жағдайды кездестіріп отыр. Бір қалада қайтыс болған қос бірдей 7 сы­нып оқушыларының әрекеті, яғни «иттің кә­йпінің» соңы ит өлімге әкеліп соқтырғаны анық­талған. Алдыңғы оқиғаларды айт­па­ғанда, осы айдың басында ғана Алматы қа­ласындағы №152 мектепте 7 сынып оқу­шысының асылып өлу фактісі тіркелді. Бұл – соңғы екі айда дәл осы білім оша­ғында болған екінші қайғылы оқиға. Бірақ әзір­ге мамандарымыз да, психологтар да үнсіз. Баяғы сол «7 сыныптағы баланы алып бара жатқан ненің қайғысы?» деп қоя салдық. Ал олардың осы қатерлі ойын­ның құрбаны болмағанына кім кепіл?! Тағы бір мысал... Жақында Қарағанды қала­сын­да 10 жастағы бала есік тұтқасына асылып, қай­тыс болды. Баланы өмірден без­дірген не жағдай болуы мүмкін?! Жас­өс­пі­рім­ді о дүниелік етердей есік тұт­қа­сының да қауіпті, қатерлі құрал емес екені белгілі. Атап айта кетерлігі, мұндай суи­цидтердің ешқайсысында қатерлі ойын құр­баны туралы айтылған емес. Себебі суи­цидтің ас­тарына үңіліп жатқан ешкім жоқ! Тіпті ма­мандардың айтуынша, елі­міз­дегі суицид оқиғаларының нақты ста­тис­ти­касы да жүр­гізілмейтін көрінеді.
Өкінішке қарай, осылайша, еліміздегі өрім­дей жеткіншектерді өлімге не итер­мелейтіні әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр. Шыны керек, елімізде оны зерттеп жат­­қан мамандар да жоқ. Еліміздегі психо­логтар да жасөспірімдер суицидінің себеп-салдарын үңіліп көрген емес. Тек жасөс­пірім өлімінен кейін оның өмірді сүй­гені, әрқашан көңілді жүргені, тіпті күй­зе­лістің ешқандай белгісі бай­қал­мағаны жа­рыса айтылып жатады. Ендеше өмірді сүйе оты­рып, жасөс­пірімдердің өмірмен қош айты­суға итермелейтін не жағдай?! Ба­лала­ры­мыз қатерлі ойынның қармағына ілініп кетіп жатқан жоқ па?
Белгібай ШАХМЕТОВ, психотерапевт:
– «Собачий кайф» сияқты жас­өспірімдер ара­сында кең тараған қа­тер­лі ойындардан біздің жасөспірім­де­рі­мізге де қауіп жоқ дей алмаймын. Оның үстіне, жасөспі­рім­дер арасында мұндай нәрсе тез та­райды. Бүгінде интернетті білмейтін ба­ла кемде-кем. Ал алып-ұшып тұрған өт­пелі кезеңдегі жастың бұған тез елік­тейтіні жасырын емес. Оның үстіне көр­ші­мізде кеше пайда болған нәрсенің бү­гін бізде орын алып жататынын ес­кер­сек, тіпті бүгінгі күннің өзінде бұл қа­терлі ойын елесінің біздің жас­өс­пі­рім­деріміздің ішінде де кезіп жүруі әб­ден мүмкін. Сондықтан арнайы пси­хо­логиялық қызмет көр­се­те­тін орын­дар құ­рылып, ата-ана­лар, ұст­аз­дар және жас­өспірімдер арасында ке­ңі­нен тү­сін­дірме жұмыстарын жүргізу ке­рек. Бұл – бүгін қолға алмасақ, ертең кеш бо­латын нәрсе.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста