Суайттар көбейіп барады...

©Алаш айнасы иллюстрациясы

Қазақ бұрын екі сөйлегенді жаны қаламайтын еді. Әсіресе, ер азаматтар жалған сөйлеуді өзіне намыс көретін. Ертеден бері айтылатын "Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені" деген тәмсіл осы тұрғыда көп жайды аңғартса керек-ті. Сондықтан ілгеріде бәрі шын сөйлегенді дұрыс көретін. Сондықтан ілгеріде бәрі шын сөйлегенді дұрыс көретін. Бұл біздің ізгі қасиетіміздің бірі болатын. Ол атадан балаға жалғасып жатқан жақсы дәстүр еді. Аталарымыз бауыр еті баласы ес тоқтата бастаған шақтан тәрбиені қолға алып, олардың бойына барлық жақсы қасиетті дарытуға көңіл бөлетін. Осы жайында даланың талай даналығы тасқа басылып, елдің аузында жиі айтылып жүретін. Құймақұлақ қарттарымыз жасы кішіге "Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам" деуші еді. Қысқасы, өтірікпен ешқайда өрлеп шыға алмайсың дегенді меңзейді. Сол себепті әрбір қазақ баласы қай уақытта да шындықты жалау етіп, аталмыш заңдылықтан қия баспауды жаны қалайтын. Әрине, оны қазір де сақтап жүрген азаматтар жоқ емес. Қазақтың бойында асыл қасиетті ардақтап өмір сүру қазіргі таңдағы қазақ баласына басты талаптың бірі болса керек-ті.
Қай кезде де біз бойымыздағы кемшілікті заманнан көруге пейілміз. Айталық, "Заманына қарай амалы" дейді. Түрлі себептермен адамдардың өмір сүру дағдысына біршама елеулі жағдайлар әсер етуі ғажап емес. Алайда соған сәйкес барлық адами қасиетті адыра қалдыра қалдырып, адалдықтан гөрі арамдықты төрге шығаруға бола ма? Мұндай жағдайда біздің адам деген атымызға сын емес пе? Шындығын айтқанда, қазіргі таңда ақша табу, байлық дегеніңіз алдыңғы кезекке шықты. Қандай жолмен болса да, күреп ақша тауып, байлыққа белшеден бату әрбір жанның басты арманына айналды. Жалпы, дәулетті өмір сүруге ешкім де шек қоя алмайды. Алайда, бұл жағдайда кейбір азаматтардың көлеңкелі тұстарға көңіл бөліп, өз мүддесі үшін өзгеге өтірік айтуға мәжбүр болатыны бәрімізді ойландырады. Бүгінгі таңда осы жолмен біршама дәулет жинап жүрген жандар да баршылық. Өкінішке қарай, бұл жағдай елдің арасында кеңінен етек алып бара жатқаны ойлантарлық жағдай.
Бір ғана келеңсіз көріністі айта кетелік. Бүгінгі күннің беделінде халық арасында біреуді алдап, ақшасын алып кеткендер көбейіп барады. Оның салдары өте ауыр. Біріншіден, бір отбасы қыруар қаржысын алаяқтың қолына ұстатып, соның салдарынан елеулі түрде зиян шегіп жатады. Екіншіден, бұл тұрғыда ойланарлық мәселе – бұл жат әдеттің елдің арасына індет секілді кеңінен таралып бара жатқандығы бізді алаңдатады. Ешқашан өтірік сөйлеп көрмеген ұлттың ұрпақтары осылайша ұсақталып кете бере ме?
Осындай алаяқтық деректер еліміздің оңтүстік өңірлерінде орын тепкен облыстарда жиі тіркелетін жағдайға айналды. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында сол бағыттағы қылмыстық деректер күн құрғатпай тіркеліп жатқаны бізді қаншалықты алаңдатып отыр? Аталмыш облысқа іргелес қоныс тепкен Қызылордада да мұндай жағдайдың өршіп тұрғаны елді ойлантады емес пе? Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, қарапайым халық көп мәселені тамыр-таныстық арқылы шешуді дағдыға айналдырып барады. Соның салдарынан әрбір проблемасын шешуге парасын алып жүгіруге әуес. Заң-зәкүнді ұмытып, осындай жағдайға итермелейтін де қарапайым халықтың өзі десек те артық емес. Екі ортада ойламаған жерден делдалдар пайда болып, әлгі адамға барлық жақсылықты жасаймын деп үйіп-төгіп уәде береді. Алақанына ақша қыстырса, барлық мәселесін шешіп беретінін айтады. Шындығында келгенде, оның қолынан ештеңе де келмеуі мүмкін. Соның салдарынан ақша берген адам сан соғып, берген ақшасын қайтарып алу мақсатында сотты жағалауға мәжбүр болады. Ақшасын ала алса жақсы, ала алмай қалатыны да жоқ емес. Осындай жағдайда өтіріктің де өрге басып кететіні тағы бар.
Рас, сайлау кезінде кейбір депутаттықтан үміткер азаматтардың халыққа үйіп-төгіп уәде беретіні бар. Осылайша халықтың сеніміне кіріп, депутаттық креслоға қонжиғаннан кейін барлығын жадынан жоғалтып алатыны да жоқ емес. Бірақ, ежелден бері айтылып келе жатқан "Уәде – Құдайдың бір аты" дегенді ұмытпағанымыз абзал болар еді. Мұны да жалған сөйлеу дей аламыз ба? Әрине, оған ешкім шәк келтіре алмайды. Қазекем көтере алмайтын шоқпарды беліңе байламауды қағида етіп санаңа сіңірді емес пе? Өкінішке қарай, тек бүгінгі күнмен шектеліп, басқа бас ауыртпауға қазіргі күндері қанымызға сіңіп бара жатқан жоқ па? Осы тұрғыда ойланып көрелікші.
Абай атамыз артына қалдырып кеткен дүниелеріне көз салып қарап көрсеңіз көптеген мағыналы қағидаларды жадыңа тоқуға әбден болады. Әрбіріміз жатқа соғатын "Ғылым таппай мақтанба" атты өлеңінде бес нәрсеге асық болу мен бес нәрседен қашық болуды ескертеді. Солардың қатарында өтірік те бар. Оны данышпан ақынымыз дұшпан деп санайды.
Ғылыми негізге салып қарасақ, өтірік шын мәніндегі жағдайды әдейі бұрмалауға саятын қарым-қатынас феномені. Өтірік көбіне дереу тексерілуі қиын не мүмкін емес сөздік хабарламалардың мазмұнында білінеді не көрініс табады. Өтірік сөздік қарекеттің реципенттерді шатастыру мақсатын көздейтін, ұғына отырып жасалған өнім болып табылады. Әдетте өтірік нақты бір жағдайларда жекелей не әлеуметтік артықшылықтарға ие болуға тырысудан туындайды. Оған тән сипат индивид өзінің өтірігін орнықсыз және уақытша бірдеңе деп ұғынбай бағамдайды; осыдан да бастапқыда оған жаңа қуаттамаларды көптеп ойлап табуға тырысушылық, ал кейіннен ол туралы мүлдем ештеңе демеуге бейімділік интенциясы қабаттасады. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өтірік әр уақытга құрал болып көрінетін болса, психопотология саласында ол айналасындағыларды алдап шатастыру процесінің өзінен қанағаттанарлық сезімге бөленіп, көңілі толатын мифоман — психопаттардың мақсаты болып көрініс береді.
Расында да, қай кезде де өтірік өрге басқан емес. Оның түбі жақсылыққа алып бармайтыны тағы да белгілі. Түптің түбінде өтіріктен тұтылып, жұрттың бетіне қарай алмай қалатын жағдайға жетуің әбден мүмкін. Сондықтан қарның ашса да, қадіріңді қашырмауға тырысқаның артық болмас.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста