Шу тұрғындары көрінгеннің қалтасына есірткі салады деп полицейлерді айыптады

Шу тұрғындары көрінгеннің қалтасына есірткі салады деп полицейлерді айыптады

Шудағы шу! Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғындары өздерін полицейлердің озбырлығынан құтқаруды сұрап отыр. Сөздеріне сенсек, тәртіп сақшылары көрінгеннің қалтасына есірткі салып, ақша бопсалауды жолға қойыпты. Балаларының болашағына алаңдаған тұрғындар полиция қызметкерлеріне дереу шара қолдануды талап етуде. Ал облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы қоластындағыларға шаң жуытар емес.

-Үмбеталиевтен мен шаршадым шыны керек.Жалғыз мен емес, елдің бәрі шаршады.

Майра Рысманова есірткімен қамалып, жуырда ғана түрмеден босап шыққан баласын қорғаштап әлек. Айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының Шудағы өкілі ұлының кезекті рет қолына кісен салынуына себепкер.

Майра Рысманова, Шу қаласының тұрғыны

-Үмбеталиев Мұрат деген баламды қамап тастады. Біреуге куәгер болмағасын сенің де қатысың бар деп қамап тастады. СТО-дан шығып келе жатқан баланы алады да екі көлікпен қоршап, ішінде УБОП-тың Димашы бар, Ерланы бар бастығы. Тағы 10-15 полицей қоршап, жығып алып көлігіне анаша, қалтасына героин салады.

Шу шығарғандардың балалары «сүттен ақ, судан таза» деу қисынсыз. Көпшілігінің ұлдары бұған дейін сотталып, жазасын өтеп шыққандар. Бірақ «қасқырдың ауызы жесе де, жемесе де қан» болып жатыр. Полиция ардагері Иса Малдыбеков тәртіп сақшыларының мұндай қадамға не үшін баратынын «беске» біледі. Қазір өзі бұрынғы әріптестерінен баласын қорғай алмай жүр.

Иса Малдыбеков, Шу қаласының тұрғыны:

-Қазір көрсеткіш деген бар. Қызметкерлерді сен жұмыс істей алмайсың, сен біреуді табуың керек, қылмыс ашуың керек, ол қайдан табады жоқ қылмысты. Жасанды қылмыс істейді. «Подстава» жасайды.

Аты-жөні мен бет-жүзін жасыруды өтінген бұл азамат полицейлердің құлағы һәм көзімін деп отыр. Нашақор жігіт ақша мен героин үшін көрінгеннің қалтасына есірткі салып, тіпті куәгер болып жүрген. 4 жылдан бері неше адамның аяғынан шалғаны да белгісіз.

Алексей:

-Есірткі тартатын адамды табамын. Сосын маған есірткіні береді, мен оны сол кісіге сатқандай боламын.Сөйтіп сол адам ұсталады. Егер істі жапқысы келсе көп ақша беруі тиіс, бере алмаса түрмеге тоғытылады.

Ал ішкі істер департаментінің басшылығы «Бамбук» деген лақап атымен бегілі қызметкерін ақтап әлек. Қылмыстық топ серкелерін темір торға тоғытып, Шуға тыныштық орнатқан осы Мұрат Үмбеталиев дейді. Нашақорларға қырғидай тигені үшін тұрғындарға жақпай қалыпты.

Гүлчехра Зияутдинова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы:

-Мұрат Үмбеталиев өз ісінің маманы. Бұл дау қылмыстық топтың серкесі қолға түскен соң туындап жатыр. Күдіктінің көлігі мен қалтасынан героин мен гашиш табылған. Енді қылмыскердің туыстары мен жолдастары оны ақтап әуреге түсіп жатыр. Біздің қызметкердің үстінен талай арыз түскен, бірақ біреуі де дәлелденген жоқ.

Шу өңіріндегі бірнеше елді мекен тұрғындары бұған дейін де ішкі істер бөлімінің алдында нарызылық білдіріп, полицейлерді жөнге салуды талап еткен еді. Жұрттың айтуынша, содан бері қызыл жағалылар сол ауылдардың маңына да жуымай кетіпті.

Автор: Руслан Әбдіхалық
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста