Стратегиялық маңызы бар көпір құрылымдарының қауіпсіздігі өзектілігін жойған жоқ

Стратегиялық маңызы бар көпір құрылымдарының қауіпсіздігі өзектілігін жойған жоқ

Қазақстан соңғы жылдары жол инфрақұрылымына қомақты қаржы жұмсауда. Алайда елде көпір құрылымдарын өндіру мен оны монтаждау жұмыстарының сапасын тексеретін арнайы инспекцияның жоқтығынан нарықта қауіпсіздікті емес, оңай табыс табуды көздеген өндіріс орындары көбеюде. Бұл мәселе Алматыда өткен «Көпірлерде және жол өтпелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу құнын оңтайландыру, Қазақстан нарығына өнімнің жаңа түрін енгізу жолдары» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды.

ТМД Жолшыларының үкіметаралық одағы төрағасы,  техника ғылымдарының докторы Бури Каримовтың айтуынша, темірбетон құрамаларының сапасы мен жер сілкінісіне төзімділігін талқылау бойынша ұйымдастырылған бұл конференцияның маңызы ерекше. Өйткені одақ мүшесі болып табылатын Алматы көпір құрылымдары зауытының әлеуеті ТМД елдеріне бұрынан-ақ әйгілі. Сондықтан өндіріс орнының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен оның жаңа өнімдерімен танысу жол инфрақұрылымының түрлі саласында жұмыс жасайтын мамандар ғана емес, ғалымдар үшін де өте қызықты.

– Индустрияландыру мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорын жыл сайын технологиялық инновациялық жабдықтарды жаңғыртуға өз қаражатын инвестициялайды. Соңғы 5 жылда өндіріске салынған инвестициялар көлемі 4,3 млрд теңгені құрады. Қазіргі уақытта зауытта жаңа инновациялық өндірістер енгізілді. Бұл: су өткізгіш құбырларды өндіру желісі (Дания); арматуралық жазық және кеңістіктік рамаларды дайындау бойынша автоматты желілер (Германия); шағын бұйымдарды өндіруге арналған автоматты желі (Түркия); Еуропалық стандарттарға сәйкес келетін және құрылыс көпірлерінің құнын 15%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа типтегі көпір арқалықтарын шығаратын жаңа технологиялық желі.

 Бұдан бөлек бізде 2018 жылы теміржол инновациялық шпалдарын шығаратын зауыт ашылды жән Қарағанды қаласында АКҚЗ алғашқы мобильді зауыты іске қосылды,  – деген «АЗМК Group» ЖШС  директорлар  кеңесі төрағасы Шухрад Шардинов конфереция қонақтары назарын Көпір  инспекциясының қызметіне аударды. Оның сөзіне қарағанда көпір құрамалары ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар. Өкінішке қарай Қазақстанда әлі күнге дейін стратегиялық маңызы бар бұл саладағы өнім мен қызметтің сапасын тексеретін  Көпір инспекциясы жоқ. Сондықтан бұл мәселе бойынша құзырлы органдарға ұсыныс жасалмақ.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста