Шошқаның дәрісімен қойын емдеген шаруа 320 бас малынан айрылды

Шошқаның дәрісімен қойын емдеген шаруа 320 бас малынан айрылды

Түркістан облысында шошқаға беретін дәрімен қойын емдеген шаруа бір түнде 320 бас малынан айрылды. 20 жылдан бері асыл тұқымды қой өсірумен айналысатын ол ұсақ малдың іші өткенін айтады. Соны емдеу үшін мал дәрігерлерік дәріханадан шетелдік препарат сатып алған. Содан кейін ұсақ малы шетінен арам қатыпты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Қазірдің өзінде күніне оншақты бас өліп жатыр дейді кәсіпкер.

 

Ветеринар дәрігердің емес, сатушының сөзіне сенген шаруа енді шығынды кімнен өндірерін білмей отыр.

 

Бәйдібек ауданында 20 жылдан бері гиссар тұқымды қой өсірумен айналысатын шаруа қожалық бір күнде шаш етектен шығынға батты. Іші өтіп, бірлі жарым өле бастаған қойын емдеу үшін қожалықтың иесі ветеринарға емес, Шымкенттегі дәріханаға барыпты. Сатушы шошқаға беретін Аштил ұнтағы ұсақ малға таптырмас ем дегесін, “сөзіне сеніп қалдым” дейді кәсіпкер.

 

Самат Кәдіров, шаруа қожалықтың иесі:

 

- Сұйықтықтан қазіргі күні қайтып кетті бұл. Маған ұнтақ әрі арзан түседі, бір келісін 10 литр суға құясың да, қойға 10 грамнан, қозыға 5 грамнан деді. Бұл қозы жас қой әлі деп едім, онда 3 грамм сал деді. Сөйтіп 700 бас қойым, аналық бас, 500 қозыға салдым, 7-ден бастадым, 10-да біттім, дәрілеп бәрін. Болды, жақсы болды ғой енді деп кеттім. Кешкі 10-нан кейін тоқтамай өле бастады. Қарны кебеді, болды, ештеңеге көнбейді, топтоп әр шетте өле бастады.

 

Іші кепкен ұсақ мал әр жерде теңкиіп жатыр. Осылайша бір түннің ішінде 320 бас арам қатқан. Қалған қойдың қазіргі күйі де мәз емес. Тірі қалғанының сілекейі шұбырып, жем жеуден қалыпты.

 

- 340 бас өліп жатыр, міне. Тастап жатырмыз. Мына жерде 320 бас мал бар, көмілген мал. Мынау 20 бас, міне. Өртеп жатырмыз. Күніге қырылып жатыр 20дан 10-нан. Әкеп жатырмыз, әлі тоқтамай жатыр.

 

Малы қырылған кәсіпкер полицейлер мен ветеринарларды шақыртқан екен. Бірақ ветериналарлар шарасыз екенін айтты дейді.

 

Самат Кәдіров, шаруа қожалықтың иесі:

 

- Сол дәріден болған, бұл сол дәрің, шошқа мен тауыққа арналған деп, бәрі айтты. Бұны екі есе мқлшерде болған, ішін күйдіріп жіберді, ойбай, бәрін реттейміз деп, бәрін алды да кетті.Тап сол дәріден өлді деп дәлелдей алмаймыз деп, бәрі жоқ болды.

 

Ашулы кәсіпкер Шымкенттегі ветеринариялық дәріханаға да барды. Бірақ сатушылар кәсіпкермен дауласып, тілшілердің сұрақтарына ашық жауап беруден бас тартты. Ал мал өлігін “зертханада тексеріп жатырмыз” деген мамандар кәсіпкер сатушыға емес, ветеринарларға жүгінбегені қате деп отыр.

 

Әлмет Оразбеков, Түркістан облысы ветеринария қызметі басшысының орынбасары:

 

- Енді кәсіпкердің өзі дәріні тәуелсіз зерттеу орталығына тексертуге, өз тарапынан, өз қаражатынан жұмылдырса болады: Біз зертханадан энтеротоксимия, жұқпалы ауруға тексеруге жібердік. Тоғыз күнде қорытындысы келеді.

 

Мал дәрігеріне емес, дәріхана сатушысына сенген кәсіпкер енді өлекселерді сараптамадан өткізуі керек. Егер 320 бас қойдың дәріден өлгені анықталса, шығынын сот арқылы дауламақшы.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста