Солақайлар сырына мән береміз бе?

Солақайлар сырына мән береміз бе?

Біздің өмірде солақай адамдар жетерлік. Оған қалыпты жағдай деп қараймыз. Солай да шығар. Алайда олардың сырына қанықпыз ба? Бәлкім, оған үңіле бермеуіміз әбден мүмкін. Оны жасыра алмаймыз. Шетелде басқаша болуы да ғажап емес. «Олардың мұң-мұқтажына құлақ асатын арнайы ұйымдар жұмыс жасайды» деген әңгіме бар ұзынқұлақта. Өкінішке қарай, бізде солақайлар мәселесіне мүлдем мән берілмейді.
Бізде ондай адамдарға қарсы «күрес» жүргізіледі. Бұл қасиет адамның бойына қанмен келеді емес пе? Сонда жаратылысқа қарсы жүргіміз келе ме? Тоқсаныншы жыл­дарға дейін аталмыш мәселе күн тәртібінен түспейтін. Оны кемістік, кесапат деп ұққан­дар болды. Тіпті олардың арасында жоғары қызметтегі азаматтар да бар еді. Билік басындағы атқамінерлер солақай оқушы­лармен күресті ұстаздар қауымына басты міндет етіп жүктеді. Әрине, оның астарына үңілген ешкім жоқ. Осының салдарынан түрлі ауруға ұшыраған өрен­дер көп болды. Мәселен, олар жүйке және өзге де ауру­ларға тап келді. Оны айтқанын істетіп үйренген шенеуніктер қаперіне іле қойған жоқ. Дәрігерлер де дабыл қаққан. Деген­мен аталмыш тақырып жабулы қазан күйінде қалып жатты. Психологтар мына­дай жайды ескертеді. Солақай жандар оң қолмен әрекет еткенде қалыпты деңгейде болмайды екен. Атап айтқанда, олар оң қолмен тамақ ішкенде астың дәмін сезіне қоймайтын көрінеді. Сондай-ақ сол кезең­дерде ұстаздар қысымына шыдай алмаған оқушылар да болғанға ұқсайды. Тіпті олар солақай болғаны үшін достары­ның алдын­да да төмен қарап жүрді.
Осы жағдай қазір де жалғасып жатыр деп айта аламыз. Өйткені біздің қоғамда да оларға деген салқын көзқарас бар. Ел­дің арасында оларға көзқарас әртүрлі. Біреуі оларды оңқайлар қатарына қосуды дұрыс деп санайды. Екіншісі бұл пікірді дұрыс деп санамайды. Жалпы, солақайлар ара­сында танымал адамдар аз емес. Әлем­де Марк Твен, Леонардо да Винчи, Мике­ланд­жело, Бетховен cекілді ұлы тұлғалар бар. Ал беріден әңгіме қозғасақ, белгілі дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиев сола­қай қолымен талай туындысын өмірге алып келді. Қазақ­тың белгілі қылқалам иесі Гүлфайрус Исмаилова да осындай ерекше адамның бірі болды. Әрине, бұл тізімді жалғастыра түссек, әлі де бірқатар белгілі азаматтардың атын атар едік. Деген­мен әңгіме ауаны бас­қада емес пе?
Бауыржан Бекбанов, дәрігер:
– Солақай адамға оңқай болу ту­ра­лы кеңес берген дұрыс емес. Бұл ондай жандарға кері әсерін тигізетіні талай мәрте дәлелденген. Сондықтан бұл тұр­ғыда абай болғанымыз артық емес. Кезінде солақай адамдарға қа­тысты жүрген науқан өз тиімділігін алып келген жоқ.

Ал ислам дініндегі азаматтар сол жақ­пен жасалған жұмыстарды дұрыс көрмейді. Оң қолмен жасалған жұмыстың берекесі болады деген үғым бар. Сол қол немесе сол аяқ лас жерлерде жүреді. Мә­се­лен, мұсыл­ман жамағаты дәретхана есігінен кіргенде сол аяқпен аттайды. Себебі, ол жер лас болып есептеледі. Ондай жерлерді шайтан­дар мекендейді екен.
Сахиджан Наурызәлиев, Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешітінің бас имамы:
– Лас жерлерде ешқандай сүре оқыл­майды. Әрине, солақай адамдарға келсек, ол да Жаратушы иеміздің да­рыт­қан қасиеті. Алайда ондай адам­дарға өз кеңесімізді береміз. Оң жаққа бейім­деуге тырысамыз. Қасықты оң қолмен ұста дегенді ұғындырамыз. Ол – біздің міндетіміз.

Кезінде ұстаздар тарапынан жасалған қысымға қарамастан, солақай қалпынан жа­ңылмаған жандар да баршылық. Қазір олардың арасында түрлі қызметте жүрген адамдар бар. Солардың бірі – біздің әріп­тесіміз, Қызылорда қоғамдық теледида­рының тілшісі Гүлнұр Бүркітбаева. Оның айтуынша, солақайлық туа бітті дарыған қа­сиет екен. Қанша тырысса да, оң қолмен жаза алмаған көрінеді.
Шындығын айтқанда, біздің елімізде солақай адамдар мүддесін қорғайтын еш­қандай қоғамдық ұйым жоқ екен. Бәлкім, ол біздің селқостығымыздан шы­ғар. Деген­мен бұл тұрғыда ғалымдар тарапынан жүйелі зерттеу жұмыстары жасалса игі. Тіпті біздің елімізде қанша солақай адамдар бар екенін тап басып айту да қиын.

Дерек пен дәйек
Әлемдегі әрбір жүз адамның біреуі ғана солақай болып туылады. Қазір Жер шарында 6 млрд-тан астам адам болса, 60 млн адам солақай екеніне осыдан көз жеткізуге болады. Ана құрсағында жатқан шарананы дәрігерлер 10-11 аптасында солақай немесе оңқайлығын анықтайды. Осындай қасиет әйелдерге қарағанда ер адамдардың бойында көп. Мұндай азаматтар әлемде Оңтүстік Азия, Шығыс Еуропа, Австралияда көбірек кездеседі. Ал Америка және Африка құрлықтарында солақайлар саны өте аз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста