Шетелдік алаяққа алданып құлдықта жүрген қазақ баласының қазір қайда екені белгісіз

Шетелдік алаяққа алданып құлдықта жүрген қазақ баласының қазір қайда екені белгісіз

Өткен жылдың тамыз айында Алматы облысының тұрғыны 20 жастағы Қыран Манатұлы табыс табамын деп шетел асып, ата-анасының "қасымызда қал" деген қарсылығына қарамастан Біріккен Араб Әмірлігіне аттанған.

Мектептің соңғы екі жылын Қазақстанда аяқтаған қандасымыз қытай тілін жетік білгендіктен, Дубайдағы қытайлық компанияға жұмысқа тұрады. Араға бірнеше ай уақыт салып, отанына оралып, кейін тағы да шетелге аттанады. Ата-анасымен күделікті хабарласып тұрған Қыран үйіне 400-500 мың теңге көлемінде ақша жіберіп, әкесіне көлік те сатып алып берген. Алайда өзінің тілеуін тілеп отырған ата-анасы Қыранның немен айналысатынынан бейхабар. Жырақта жүрген баласын уайымдап, сананы күмән торлаған кезде Қыраннан келген хабарлама ата-анаға жас балаға қауіп төнгенн сездіртті.

"2021 жылы тамыз айының 30-ы күні кетті. Ол кезде жағдайы жақсы, Дубайда болатын. Дубайда 8 ай жұмыс істеп, Қазақстанға қайтып келді. Елде 1 ай демалып, қайта аттанды. Дубайға кеткен соң араға 4-5 ай уақыт салып, 400-500 мың теңгедей ақша салып жіберді. Осыдан бір ай бұрын Дубайдағы жұмысы Филиппиндегі Манила қаласына ауысты. Ол жаққа кеткен соң ақша жібере алмады. Жұмысы ауысан соң хабар алмасуымыз да сиреді. Бүгінде жарты айдан бері мүлдем хабарсыз кетті. Не тірі, не өлі екенін білмейміз", - дейді Қыранның әкесі Манат Халық. 

Айтуынша, Қыран телефондағы ойындарды жарнамалаумен айналысқан. Жұмысы туралы өзге ақпарат белгісіз. Шетелге шығудың өзі қомақты қаржыны талап ететінін белгілі. Манат Халық ұлының әуе билеті мен жатын орнын компания қамтамамасыз еткенін айтты. 

"Хабарласқан сайын "жағдайым жақсы" дейді. Бірақ осы жоғалып кететінінен бір күн бұрын анасымен сөйлескенде маусым айында үйге қайтатынын, елге біржола оралатынын айтқан. Содан 26 сәуір күні ұлымның құрбысы Қыранның хабарламасы туралы айтты. Хабарламада: "Алла жолыңды берші! Аман-есен шығып кетейік" делінген. Баламнан елге қайтып келуін сұрадым, бірақ ескертуімізге құлақ аспады", - дейді Қыранның әкесі. 

Жас жігітпен соңғы тілдескен анасы Жәмилә Қайырбай да ұлынан хабар ала алмай қайғыдан қан жұтып отыр.

"Ұлыммен сәуір айыны 25-і күні кешкі сағат 21:30-да видеобайланыс арқылы сөйлестім. Өз хабарласты. Жағдайының жақсы екенін айтты. Видеомен айналасын шала көрсетеді. "Түсіп бара жатырмын, шығып бара жатырмын" деп сөйлеседі. "Маусымда келесің бе?" деп едім "Мама, алтыншы айда барамын, бұйырса, мұнда қайтып келмеймін. Сендердің жандарыңда боламын" деді. Мен де қуанып қалдым. Содан телефонды асығыс тастай салды. Соңғы сөйлескенімде баламның дауысында діріл, қорқыныш болды. Бірақ маған ештеңе айтпады. Кейін әкесіне осындай хабарлама келіпті", - дейді Қыранның анасы.

Дубайға Қоңырбай, Таңжарық есімді жігіттер Қыранмен бірге аттанған. Жәмилә Қайырбайдың айтуынша, екі жігіттің де ата-анасы Қытайда тұратын көрінеді. Үш жігіттің ішінен Қоңырбай елге қайтып оралған.

"Бізге ай сайын айлық беріліп тұрды. Біз барғанда олар шошқаның етін жейді екен. Содан біз шошқаның етін жемейміз деп бастықтарға айтып едік, сырттан халал тамақ алдыртты. Ол кезде қысым көрсетіп, алдау деген жоқ болатын. Жатын орын берілді. 10 қабатты ғимарат. Біз 5 қабатта жаттық, жұмысымыз 10 қабатта. Әр аптаның дүйсенбі күні демалатынбыз. Мереке күндері 2-3 күнге демалыс беретін. Дубайдан екі дос балам келді. "Клиентпен сөйлесіп, интернет арқылы тауар сататын жұмыс бар" деп айтты. Айлығы 8 мың юань екен. Тегеге шаққанда 400 мың теңгенің шамасында. Үш ай істегеннен кейін Филиппинге көшті. Одан кейін мен Қазақстанға келіп, Филиппинге қайта кеттім. Олар көшіп кетіпті. Ол жаққа барған соң мен 4 ай жұмыс істедім. Содан олар Тайландқа көшеміз деді. Сол кезде мен елге қайта келіп, дос балаларға хабарласып едім, ешқандай жауап ала алмадым", - дейді Қоңырбай. 

Қыран 2021 жылы тамыз айының 30-ы күні “Fly Dubai” әуе компаниясы арқылы Алматыдан Біріккен Араб Әмірлігінің астанасына бет алған. Арада 8 ай өткен соң елге оралып, көп ұзамай Дубайға қайта кеткен. 2022 жылдың 26 тамызында Дубай-Манила бағытымен Филиппин еліне табан тіреді. Арадай 7 ай өткен соң Сингапурдың Scoot бюджеттіК әуе компаниясының ұшағымен Маниладан Сингапур еліне жеткен. 20 жастағы отандасымыздың одан кейінгі бағыты беймәлім. 

Қыранның соңғы хабарламасын ата-анасына жеткізген Қазақстандағы досының да айтары бар.

"5 Қазақстан азаматы Филиппиннан Таиландқа шығып, Бангког қаласына тоқтаған. Ұшақта жанында бірге жүретін адам болған шығар. Содан: "Таиландқа келдік" деп хабарласты. Тайландтағы өзеннен өздері қайық арқылы, визасыз, заңсыз өткізіп алса керек. Бұлар Мьянманың жанындағы көпірден қайықпен заңсыз өтіп, қалашыққа кірген. Оларды сыртқа шығармайды, қақпаның сыртында әскерлер тұрады.  Күнделікті керек заттар қақпаның ішінде бар. Ең төмен айлық 800 мың теңге. Ол жаққа барған соң бастықтары өзгеріп, жұмыстары ауысқан көрінеді", - дейді Қыранның досы. 

Қыран соңғы дерекке сай, Таиланд, Лаос, Мьянма алтын үшбұрыш шекарасында. Бұл ешқандай заңға, ережеге бағынбайтын әлемдегі ең қауіпті аймақ. Студияға келген заңгердің айтуынша, аталған аймақты соғыс болып жатыр. Тіпті онда Қазақстан Республикасының елшілігі де жоқ. Алтын үшбұрыш - әлемге апиын өндірісімен әйгілі. Кезінде халықаралық есірткі саудасының орталығына айналған аймақ қалың орман мен таулы қыраттардың арасында орналасқан. Бұл мекен шетелден нәпақа табуға ағылған азаматтар үшін қауіпті аймаққа айналған. Күні кеше алаяқтардың арбауына түсіп, еңбек құлдығына тап болған қазақстандық Исламбек пен Жарас есімді жас жігіттер мамандардың арқасында араға үш ай салып қауіпті аймақтан елге оралған болатын. 

Ақша табамын деп хабар-ошарсыз кеткен Қыран шетелдік алаяқтардың апанынан оңай шыға алмайтынын білген. Досы мен жанындағы тағы 4 жігіттің қашпақ болғанын және құрған жоспары жайлы құрбысы айтып берді. 
"Көрстіліп жатқан қысым күшейіп, бұлақ қашатын болып жоспар құрды. Алдағы 10 күннің ішінде қашып шығамыз деді. Олар жұмыс уақыты біткен соң компанияның айналасын, көл жақты қарап шыққан. Картадан күзетшілер аз аймақтарды да барлаған. Кім айтқанын білмеймін, бірақ әлдебірек: "Орманмен ұашсаңдар онда бомба бар, көл арқылы қашу мүмкін емес. Себебі тым үлкен" деп айтқан. Содан соң маған қаша алмайтындарын, тек бір жылдан кейін оралатындарын, қатты қиналғандарын айтты. Бірақ 26 сәуір күні мен сабаққа бара жатқанда маған хабарласқанда: "Біз қашып өттік. Консудың нөмірін тезірек тауып бер. Қыран ұсталып қалды" деді. Кейін сол нөмірге қайта хабарласып едім, ала алмадым", - дейді жас жігіттің құрбысы Арманай. 

Қашпақ болған бес жігіттің төртеуі қашып құтылып, Қыран ұсталып қалған. Олар қазір Бангког түрмесінде отыр. Қыранның жанындағы жігіттердің бірі болған жағдай туралы Бангког түрмесінен хат жолдады.

"Қыранмен 5 бала болып, бәріміз бірге қаштық. Артымыздан Мьянманың әскерлері келіп қалып, суға тусіп бiздi қуды. Сосын Қыран судан ете салып тоқтап қалды. Біз бәрiмiз судан еткен соң, артымыздан Мьянма әскерлері бірге қуып жетті. Судан өткен жерде жол тiк болды. Қамыс көп, адам жүргiсiз. Судан еткен соң алдындағы екі бала секіріп, қуалап жүріп, арттағы балаларға жол аштық. Содан бәрiмiз қашып бара жатканда: "артқа қайттық" Қыран айғайлады. Сол кезде Мьянма әскерлерi Қыранды ұстап алыпты. Сосын амалсыз артқа қаштық. Қарасақ, ілескен Мьянма әскерлері қуып жетті. Соңында келе жатқан Қыранды устап алды. Әскерлер 15-ке жуық адам болды. Біз артқа қарағанда әскерлер Қыранның қасында тұрды. Қолдарында әскери таяақтары бар. Бiздiң қолымызда телефоннан басқа ештеңе жоқ. Сосын карсыласуға амал жок болды. Қалған 4 бала дальше қаштық. Токтамай. Артымыздан әскерлер біраз қуалап тоқтады. Бiз қашып жолға шықтық та, жолды ар жағындағы орманнын арасында тығылып, консул адамдарына хабарласып, әскер жiберуiн өтiндiк. Бiз әскерлермен бірге барып Кыранды құтқарамыз деп ойладық", - дейді қашып шыққан жігіттердің бірі. 

Студияға келген заңгер Мейірман Шекеевтің айтуынша, Қыран дін-аман, бүінде жас жігітпен байланысқа шығуға әрекет жасалып жатыр. Бағдарлама соңында Қыранның ата-анасы жүргізушінің "ұлыңызды аман-есен елге қайтарамыз" деген уәдесін алды.

bugin.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста