Шенеунік жалған айтқан ба?

Сарыағаштағы су тасқынынан зардап шеккендердің шығыны әлі де есептелуде. Өйткені үй иелерінің өтініш-шағымдары толастар емес. Қазір комиссия мүшелері күн-түн демей дамыл таппай жүр. Зардап шеккен 261 тұрғынның жағдайы дәрігерлік бақылауға алынған. Ақ халаттылардың айтуынша, олардың денсаулықтарына айтарлықтай нұқсан келмеген екен. Ал денсаулығына аздап шағым айтқандарға дер кезінде берілген көмектің арқасында олар сырқаттарынан толық айығып кетті.

Бұл жағынан әзірге айтар шағымымыз жоқ. Бізді ойландырған – басқа мәселе. Газетімізде шыққан «Сарыағашты су алды» атты мақаламызда аудан әкімінің орынбасары Жаппар Әлсейітовтің су алған ауылдардың маңында ешқандай да канал, арықтардың жоқ деп айтқанын жазған болатынбыз. «Су тасқыны нөсерлетіп жауған қатты жауынның салдарынан орын алды», – деген еді орынбасар мырза. Алайда жағдай Әлсейітовтің айтқанынан өзгеше секілді.

Нөсер жаңбырда ең көп зардап шеккен – Құркелес ауылдық округіне қарасты Дастан ауылы. Онда негізінен оралмандар қоныстанған.  Ауылдық округ әкімі Жолдасбек Мұстафаев облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде ауылдағы каналды тазалап, тік дренаждардың қалыпты жұмыс істеуі үшін аудандық су шаруашылығының мамандарына бірнеше рет өтінішпен шыққанын, Дастан ауылын қақ жарып өтетін үлкен каналдың арнасы бірнеше жылғы шөп-шаламмен әбден бітеліп қалғанын, оның үстіне каналдың суын тас жолдың астымен өткізетін құбырдың мүмкіндігі шектеулі екенін, нөсер жауын кезінде жоғарыдан аққан сел канал арнасынан асып, тас жолға келіп тірелгенде жағасындағы екі үйді басып қалғанын айтыпты. Ал жергілікті тұрғындар болса «егер канал арнасы таза болса әрі құбыр кең болғанда төтенше жағдай орын алмаған болар еді» дейді.

Сонда кімнің сөзіне сенеміз? «Ауыл маңында ешқандай канал жоқ» деген аудан әкімінің орынбасарына ма әлде  каналдың арнасы шөп-шаламмен бітеліп қалғанын айтып отырған ауылдық округ әкіміне ме? Аудан әкімінің орынбасарына сенбейін десең, ол сенімді түрде айтты, ал ауыл округі әкіміне сенбейін десең, ол канал былай тұрсын, ауыл-ауылдың әрбір шұңқырына дейін білуі тиіс емес пе? 

Әрине, болар іс болды, бояуы сіңді. Уақытты ешкім де кері жылжыта алмақ емес. Дегенмен мұны жылы жауып қоя салуға да болмайды. Тасқын салдарын нақты білу мақсатында ауылдық округ әкімі Жолдасбек Мұстафаевқа хабарластық. Өкінішке қарай, ол денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық демалысында екен. Оның орнына ауылдық округ әкімінің міндетін атқарып отырған Үмбетов Жаппарбек мырзаның телефон нөмірін тердік.

Жаппарбек ҮМБЕТОВ, ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы:
– Менің жұмысқа келгеніме екі-үш күн ғана болды. Тасқынның себебі мен зардабын комиссия анықтап жатыр. Жалпы, жауын мамырдың 27-сінде болды ғой. Сел Дарбаза жақтан, яғни қыр жақтан келген. Сай-сайды қуалап келген су ауыл шетіндегі су каналына келгенде одан тасып аққан. Бұрын аудандық су шаруашылығына қараған, қазір иесі жоқ бұл су каналы қараусыз қалғандықтан, бітеле бастаған. Жыл сайын тазартып тұрған жағдайда мұндай оқиға орын алмас еді. Шекемізге тимей, қимылдауымыз қиын ғой. Осы жайттан кейін 28 шақырымдық канал су шаруашылығы кәсіпорнына өткізіліп, тазалау жұмыстары басталып кетті. Халық арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардан да айып бар, бәлкім, немқұрайдылық болар, әйтеуір ауласының алдынан 10 метр арық қазбайтын азаматтар бар. Иесіз қалғандықтан, су жолдарын да асарлатып тазалап отыру керек. Осының бірі де атқарылмаған. Автокөлік жолының астынан өтетін құбыр да қараусыз қалған. Облыс деңгейіндегі бұл жол астындағы құбыр да жөнделгелі жатыр.

Міне, Жаппарбек Үмбетов мырза осылай дейді. Сонда шенеуніктер не үшін жалған сөйлейді? Мәжбүрліктен бе әлде жеке басын арашалаудан ба? Бәлкім, өзі басшылықта отырған ауданның жай-күйін жақсы біле бермейді ме екен? Журналиске жалған айту газет арқылы халықты да алдау емес пе? Жалған сөйлеу, шындықтың бетін бүркемелеудің соңы Қызылағаштағы қайғылы оқиғаға себеп болмап па еді? Қайғыдан соң ғана қимылдауды қашан доғарар екенбіз?

Шүкір ҚОШҚАРБАЕВ, Сарыағаш аудандық су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры:
– Бұл мекеме былтыр ғана ашылған. Демек, осыдан екі жыл бұрынғы су тасқынынан кейін қолға алынған шаруа деген сөз. Оған дейін каналдардың жағдайы ешкімді де алаңдатпаған деуге негіз бар. Каналдарды тазалау жұмыстары әлі де толық аяқталған жоқ. Күні кеше ауданда арнайы комиссия құрылыпты. Оларға аудан аумағындағы барлық ауылдық округтердің су жүйелерін анықтап шығуға тапсырма берілді. Ауданда жалпы ұзындығы 7010 шақырым канал бар.

Шүкір Қошқарбаевтың айтуынша, кезінде қараусыз қалып қойған бұл каналдардың бүгінде дені тазаланып, 70 пайызға жуығы қалпына келтірілгенге ұқсайды. Шенеуніктердің сөзіне сенсек, ендігі жерде Сарыағаш тасқын судан қорықпайтын секілді.

Алайда өткен жексенбіде Сарыағаш қаласының маңындағы Жылға әкімшілік округінде 51 тұрғын үйді су басты. Бұл өңірде өткен күшті нөсерден соң орын алды. Су басқан 51 үйдің біреуі ғана толығымен қираған. Адам шығыны жоқ, мал-жан аман.

Әйтсе де, шенеуніктердің «енді алаңдауға негіз жоқ» деген сөзі табиғат-ананың құлағына жетпеген тәрізді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста