Семіздік сергелдеңге салмасын десек...

Семіздік сергелдеңге салмасын десек...

Семіріп барамыз. Расы осы. Көпшілігіміз құлқынның құлымыз. Қолға түскеннің бәрін таңдап талғамай қылғыта береміз. Бойдағы бүкіл күш қуаттың 80 пайызы сол ішіп жегенімізді қорытуға жұмсалатынын көпшілік біле бермейді. Ас қорыту органдары тәулік бойы тынбай жұмыс істейді. Ал асқазан ауыздан өткенің бәрін апарып сықай беретін, жегеніңді сіңіре беретін сиқырлы қойма емес. Оның да шектен тыс шаршайтын, жүрісінен жаңылатын кездері болады. 70-ші жылдары денсаулығына тағар кінәсі жоқ орта жастағы ер азаматтың орташа салмағы шамамен 75 келі тартқан болса, әйелдердің орташа салмағы 62 келіні көрсеткен екен. Бүгінде тапқанын тамағынан аямайтын азамат 85, ал әйелдер 72 келі салмақты серік етіпті. Қу таяқ болып қақиғаннан гөрі қызыл шырайлы етжеңді болған да дұрыс дейтіндер табылар. Алайда семіздіктің де тарттырар азабы аз емес.
Тәуелсіз сарапшылардың сөзіне сүйенсек: еліміздегі ерлер мен әйелдердің 40-50 пайызы артық салмақтан азап шегетін көрінеді. Тіпті, елімізде 4 миллионнан астам адам семіздік дертіне тұсалған деген де дерек бар. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне назар салсаңыз тіпті таң қаларлық. Денсаулығында кінәраты барлардың 5 пайызы аштықтан, қалған 95 пайызы семіздіктен ауруға шалдыққандар екен. Демек бұдан шығатын қорытынды қазақшалап айтқанда «ішің ауырса, аузыңды тый». Дөп келері осы.
Диетологтардың зерттеулеріне сүйенсек: соңғы 20 жыл көлемінде адамзат жоғары калориялы тағамдарды – етті бұрынғыдан 4,7 есе, қант пен тұзды – 7,8 есе, сүт тағамдарын 7,9 есе артық пайдаланатын болыпты. Осы себептен де семіздікке бой ұрғандардың салмағы қалыпты нормадан тым асып кеткен. Етті тек түсінде ғана көретін кедейлерге қарағанда тұрмысы тәуір байлардың арасында бауыр циррозы 3,4 есе, рак аурулары 2,3 есе көп екендігі белгілі болды. Дамыған елдерде қан қысымы жоғарылар күн санап өсіп барады. Сусамыр ауруының түп тамыры семіздіктен туындайтынын естен шығармаған ләзім. Семіздікке апарар төте жол – тамақты талғамсыз тоя ішу. Қимыл қозғалыстың аз болуы бір орында тапжылмай отырып жұмыс істеу де оған өз үлесін қосады. Ал салауатты өмір салтын ұстанып, спортты сенімді серік еткендерге семіздік дерті жоламайтыны анық.
Тамақтануға да талғам керек
Бүгінде дәмі тіл үйірер тағамға қосатын нешетүрлі қоспалар жетерлік. 5 минутта дайын болатын қытай кеспесіне құмартушылар көп. Дегенмен бармағыңызды жалап ішкен керемет тағамыңыз аз уақыттан соң ішкі ағзаңызды ірітіп жатса таң қалмаңыз. Қытай кеспесін көп ішетіндер аз уақыт өтпей ақ асқазан қыжылына шағымданатынын байқадыңыз ба? Ал тауық сорпасының кептірілген ұнтағын асқа салушылар шаштарының көп түсетінін айтып, бірақ оның неден екенін білмей дал болуда. Сондай-ақ қолдан түйілген түшпара мен мантылардың жекеменшік фирмалардың өнімі екендігін білетін боларсыз? Осы дайын түшпараларға салатын еттің арасына шошқа майын қосатынын біреу білсе, екеу білмейді. Шошқа майы семіздікке апаратын бірден бір жол. Ендеше... ауруды өзіміз сатып аламыз. Қазіргі таңда дәмхана, мейрамханалар тұтынушыларын тарту үшін қулыққа барады. Ондағы аспаздар тамаққа түрлі дәмдеуіштерді мөлшерден 10 есе артық қосады екен. Мұның өзі артық салмақ қосуға таптырмайтын әдіс.
«Аштан емес, астан өлесің»
... Расы осы. Тоя тамақтану мен қимылдың аз болуынан тез қоң жинау қиын емес. Бұрынғы ата-бабаларымыз бір қойдың етін бір өзі жеген деген аңызға бергісіз әңгімені аузымыз ашылып тыңдаушы едік қой. Рас, олар тамақтанып болған соң қолына теледидардың пультін ұстап, диванға қонжия кететін сіз біздей болмаған. Тамақ сіңдіру үшін атқа қонып қыр басына шыққан. Атпен серуендеу салмақ тастауға таптырмас тетік. Аттың аяңы бүкіл дененің қимыл қозғалысына әсер етеді. Ешқандай да спорттың да, дене шынықтыру жаттығуларының да, фитнес орталықтың да қызметі қажет емес. Бірақ бүгінде мұндай мүмкіндік жоқ екені тағы да рас. Көпшілік салмақ тастау үшін түрлі жаттығу залдарына барып жатады. Оның да ақшасы аз емес... Дәрігерлер семіздіктің түрлі ауруларға бастау болатынын айтады. Сондықтан да артық салмақтан құтылу қажет. Мамандар азудың, бойдағы шлактардан арылудың бір жолы - ашығу деп есептейді. Бұл әрине жаңалық емес. Бірақ ашығу арқылы бойда жиналып қалған түрлі қалдықтардан құтыласыз. Әрі денсаулықты түзеп алуға да болады.
Мәди ӘЛИАСҚАРОВ, диетолог:
–Ең алдымен тамақтану мәдениетін үйрену керек. Таңертеңгі, түскі, кешкі асқа не жеу керек соның бәрін реттеу қажет. Витаминдердің мол болғаны дұрыс. Мысалы көпшілік кешке тоя тамақтанғанды ұнатады. Сіңуі ауыр ет тағамдарын түске ауыстыруға болады... Асқазанға демалыс қажет. Айына 24,36,48 тәулік ашығу адамның ішкі құрылысындағы жиналып қалған улы шлактарды адамның зәрі, тері, демі арқылы қуып шығып, адамның бүкіл денесі тазаланады. Француздарды өте мәдениетті, ақылды деп мақтауын асырады ғой. Олар аптасына бір рет француз күнін белгілеп азаннан кешке дейін нәр сызбай ашығады. Осылайша асқазандағы қорытылмай қалып кеткен қалдықтарды толық сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Бұл өте тиімді әдіс. Ендеше денсаулығыңыз өз қолыңызда. Ауруды сатып аламын десеңіз де, ашығамын десеңіз де...

Ашығу теориясы
Ашығу теориясы Әл Фараби, Гиппократ замандарынан бастау алған. Ұлы ғалым Пифагор ғылымның құпиясына қаныққысы келгендерге 40 күн ашығуды талап еткен. Әрине, ұлы ойшыл аштықтан ми талшықтары жақсы қызмет істейтінін білген. Ал, Кеңес үкіметі кезінде П.К.Ивановтың тәсілдерін жоғары бағалаған М. Калинин оған барлық жағдайды жасап, оның әдісі барлық жерде қолданылсын деп бұйрық берген. Әрине, мұның бәрі де тектен текке айтылған емес. Өмірдің өзінен алынған. Дәлелдеуді қажет етпейтін ақсиома.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста