Семейде жаңа цех іске қосылды

Семей қаласының іргесіндегі «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС жаңа технологиялармен жабдықталған инкубация, құс сою және ет өңдеу цехын іске қосты. Бұл шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
Ел нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын өн­ді­рістік модернизациялаудың бірнеше са­тысынан өткен. Нәтижесінде, жылына 8 мың тоннаға жуық тауық еті мен өнім­дерін өндіруге қол жеткізіп, облыс тұр­ғын­дарының құс етіне деген 40 пайыз сұранысын қамтамасыз ете алды. Келешекте бұл көрсеткішті жылына 12-15 мың тоннаға дейін өсіру көзделген.
– Біздің басты мақсатымыз – елі­міз­ді сапалы, әрі арзанқол азық-тү­лік­пен қамтамасыз ету. Сондықтан өнді­ріс өнімділігін жоғарылату үшін шетел­дің бір орталықтан басқарылатын автомат­тан­дырылған ең озық технологияларын пайдалануға көштік. Сол арқылы Елба­сының айтқан индустриалды-инно­вация­лық бағдарламасын іске асырып жатырмыз деп ойлаймын. Бұған қоса, фабрика жұмысшыларының әлеуметтік жағдайын көтеру де қаперімізде. Шамамыз келгенше оларға көмектесеміз, – дейді «Прииртыш бройлер құс фабрикасы» ЖШС-ның директоры Бейсенғазы Тастекеев.
Бройлер балапандарын өсіру көрсет­кіші бойынша елімізді былай қойғанда, ТМД шеңберінде ең үздік деңгейге көте­рілген семейлік құс фабрикасының келешегі зор. Балапан бағудың бабын білетін білікті мамандар айналасы 42 күннің ішінде бройлерлердің салмағын 2,2-2,4 келіге дейін жеткізеді.
– Егер біз дамыған елдердің қатарына қосылуды мақсат етсек, ғылымның, жаңа технологиялардың жетістіктерін мең­геріп, кәсіпорындарға енгізуіміз қажет. Фаб­рикаға орнатылған әлемдік стан­дарт­тарға сай заманауи құрал-жабдықтар шығынды азайтып, өнімді молайтуға көмектеседі. Осы жаңарту жұмыстарына 800 млн тең­гедей қаржы жұмсалды, – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құс фабрикасындағы цех­тың ашылу салтанатында.
Қазіргі уақытта 372 адам жұмыс істейтін құс фабрикасының аумағында – инкубатор, 39 бройлер балапандарын өсіру корпусы, құс сою және ет өңдеу цехы, то­ң­азытқыш қоймалар, жемшөп цехы, жылу қазандығы, жөндеу шеберханасы сияқты ғимараттар орналасқан. Кәсіпорын 2006 жылдан бастап ISO 9001:2000 стандарты бойынша жұмыс істеп келсе, былтырғы мау­сым айында UKAS-та тіркелген «Bureau Veritas Certification» компания­сы ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптары бойынша фабрикада ре-серти­фи­кациялық аудит жүргізген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста