Семей ядролық полигонында әскери борышын өтегендер төлем алады

Кезінде Семей ядролық полигоны аумағында әскери борышын өтеген елорда тұрғындарына бір реттік төлем беріледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау бөлімінің басшысы Салтанат Стамбаева мәлім етті - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

 

«Нұр-Сұлтан қаласында кезінде Семей полигоны аумағында әскери міндетін өтегендерге арнайы куәлік пен бір реттік төлем беріледі. Ол туралы Үкіметтің арнайы қаулысы бар. Ол қаулыға сәйкес толық көлемдегі әлеуметтік төлем Семейде тұратын азамттар үшін қарастырылған. Ал уақытша немесе әскери борышын өтеген жандарға куәлік пен бір реттік төлем ғана қарастырылған. Бүгін Семей полигонында міндетін өтеген әскерилер жиналып, оларға арнайы мәртебе беруді сұрап отыр. Бұл менің ойымша, Үкіметтің деңгейінде қаралып, шешілетін мәселе. Біз жергілікті атқарушы орган қолданыстағы заң аясында тиісті көмекті ұсынып отырмыз», - деді Салтанат Стамбаева тілшілердің сауалына жауап бере тұрып.

 

Оның айтуынша, кезінде Семей полигоны аумағында тұрған немесе әскери міндетін өтеген жандар оны растауы керек.

 

«Былтыр қалалық мәслихаттың шешімімен жыл сайын 29 тамызда (Семей ядролық пологонының жабылған күні) 2,5 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлемінде төлем беру туралы қаулысы шықты. Биыл сол қаулы негізінде Семейде болған әскерилерге бір реттік төлем беріледі», - дейді ол.

 

Бұған дейін хабарлағанымыздай Семей полигонында әскери борышын өтегендер «ардагер» мәртебесін сұрап отыр.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста