Шегіртке адамға да қауіпті

Шегіртке адамға да қауіпті

Соңғы жылдары дихандар қауымы шегірткенің шабуылына жиі ұшырайтын болды. Ал биылғы жылы оңтүстік өңірде шегіртке қаупі күшейіп тұр. Бір қарағанда қауіпсіз көрінетін көкқасқа шегірткеден, әсіресе, диқандар қауымына қауіп көп. Сонымен қоса, шегірткелер адамдар үшін де қауіпті. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжау орталығының мамандары шамамен 10-15 күнде шегірткеден аяқ алып жүруге болмай қалуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.
А.М.КУРБАНОВ, «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМБК маманы:
– Олардың топыраққа көмілген жұмартқалары түгелдей дерлік сақталады да, жазда қайта үлкен шегірткеге айналып, өніп-өседі. Жердің қуысына тығылған дернәсілдердің 90% сақталады. Солардың барлығы сәуір, мамыр, шілде айларында көбееді. Сондықтан арнайы шаралар жасалмаса олар 100-мыңдаған гектар жердегі өсімдіктерді құртып жібереді. Сондықтан шегірткемен дер кезінде күрес жүргізу керек және улы дәріні дұрыс қолдана білу қажет. Белгіленген норма бойынша 1 гектар жерге 150 грамм улы дәрі себілуі қажет. Улы дәрі белгіленген мөлшерден аз қолданылса, онда оның тиімділігі де төмен болады. Шегірткеге қарсы жұмысты химиялық (уды бүрку, шаңдату,ұлы еліктіргіш заттар тастау) әдіспен жүргізгенде кальций арселитімен натрий арсениті қолданылады. Мышьяктың бұл препараттары өте күшті у болып табылады. Ол адам денесіне тисе, тиген жерін күйдіріп жібереді. Сондықтан да, жауапты қызметкерлер шегірткеге қарсы жұмыстарды жүргізгенде сақтық шараларын қатаң сақтауы тиіс. Дене тазалығын сақтау және ұзақ сақтану шараларын орындау жөнінде нусқау беріліп отыруы қажет. Жұмыс арасында үзіліс болғанда, тамақ ішудің алдында және жұмыс аяқталғаннан кейін қолды сабындау сумен әбден тазалап жуу керек. Улау әуе жолымен және жерде атқарылатын жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Шегірткелер көктем кезінде құрттан пайда болады. Жаңадан өніп-өсе бастаған шегіртке құрттары шыбын-шіркейге ұқсас, бірақ қанаттары болмайды. Өніп-өсе бастағаннан-ақ, олар көп ұзамай, көк өсімдіктердің кез келгенімен көректене бастайды. Шегіртке құрттары жаздыкүні және көктемгі әуе райына қарай 25-күннің ішінде өніп-өседі.
Азияның көкқасқа шегірткесінің денесінің ұзындығы 7-10 мм болса, марокко шегірткесі 5-8 мм; қызыл қанат шегірткесі 5-6 мм; сібір шегірткесі – 5,5-7 мм; қоныр қанат шегірткесі – 5,5-6 мм.
Шегірткенің өніп-өсуіне Қазақстан жерінің жаратылыс жағдайы өте қолайлы болып келеді. Сол себепті Қазақстанның әр аймағында шегіртке дүркін-дүркін көбейіп отырады.
Г.З.АШИРОВА, «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМБК маманы:
– Қазақстан жерінде шегірткенің 100 ден артық түрі кездеседі. Олардың 10-нан астам түрі ауыл шаруашылығы мен адамға зиян келтіретін шегірткелер болып саналады. Тіршілік ету өзгешелігіне қарай олар екіге бөлінеді: топтанып жүретіндер, саяқ жүретіндер. Топтанып жүретін шегірткелерге өніп-өсе бастаған кезінен бірлесіп тіршілік ететін, топтанып ұшатын шегірткелер жатады. Бұл көкқасқа шегіртке көлдердің жағалауында, осы көлдерге құятын жерлерде өніп-өседі. Қаратал, Аягоз, Шу, Талас және басқа өзендердің суалма жерлерінде Арал, Каспий теңізі мен Зайсан көлінің жағалары олардың қолайлы мекені болып табылады. Сондай-ақ, олар Батыс Қазақстан обласының Қамыс-Самар өзендерінің жүйесіне кіретін – Ырғыз, Торғай өздерінің жағасында да кездеседі. Топтанып жүретін шегірткелердің келесі бір түрі – марокко шекшегі Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында тіршілік етеді. Қызыл қанат шегірткелер де топтанып жүретін шегірткелер, бұлар Ақмола, Қарағанды, Семей, Павлодар, Алматы, Талдыкорған және Алматы қаласының маңында, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің маңында кездеседі. Саяқ жүретін шегірткелер (сібір шекшегі) – солтүстік облыстардың жазық далаларында жиі кездеседі.

Топтанып жүретін шегірткелер ордасы ұша бастаған кезде халыққа үлкен қауіп туғызады. Шегірткеден қорғану үшін олардың өніп-өсетін жерлерін бақылап, дер кезінде күрес жүргізу қажет. Ұшатын кезде тұрақты жұмыс істейтін сигнал беруші орындар ұйымдастыру және түтін тұрғызып олардың тобын ыдырату керек.
Азияның көкқасқа шегірткесі қонғаннан зарарланған жерлерді тазартқанда, олардың түлейтін орындарына улы заттарды шегірткелер орындарынан қозғалмай тұрып, таңертең ертемен бүрку керек, мұны істегенде мөлшерін артық алып натрий арсенит қолданған дұрыс нәтиже береді (бір литр суға 20 грамға дейін қосылады).
Шегірткелердің адамға оба, конго-крым безгегі, Ку лихорадкасы және басқа да ауру түрлерін жұқтыру қаупі болса, олардың шектен тыс көп болуы егіс асқаптарына зиян. Сонымен қатар шегірткеге гамазид кенесі жабысып, ол түрлі аурулар қоздырғышын таратуы мүмкін.

ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің
«Алматы қаласының дезинфекция станциясы»
РМБК маманы К.К.КАРДАСИНОВ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста